Сарбаздың соңғы хаты
Атыраулық сарбаз Мираш Бекбол Досболұлының денесін әскери қызметшілер туған жеріне алып келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол қайғылы оқиға орын алмас бұрын, өзінің сөз байласқан қызына хат жолдаған екен. Хаттың жалпы сипаттамасында:
«Мен көрінген адамнан қорқып жүрмін. Мына өмірден жоқ болып кеткім келеді. Бәрінен шаршадым. Былай қорқынышпен өмір сүргенше өлгенім артық. Мен сені жақсы көремін», — делінген.
Аталған жағдайға қатысты билік өкілдері, сарбаз жақын адамымен сөзге келіп қалғандықтан, өз-өзіне қол жұмсаған деген пікір білдіріп отыр.
Ал Бекболдың туыстары бұл ақпаратқа сенбейді. Оны біреу өзін өлтіруге мәжбүрлеген болуы мүмкін дейді.
Сондай-ақ сарбаз соңғы уақытта жақын достары мен туыстарынан ақша сұрай берген. Жақындары мұндай қомақты ақшалардың әскерге қандай қажеті бар екенін білмей дал болуда.