30 тамызда Қазақстанда "Жол жүрісі туралы" заңдағы электр самокат міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Қабылданған жаңа заңға сәйкес, электрлі самокат веложолда, веложолақтарда, 25 км/сағат жылдамдықпен жүріс бөлігінің оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда қозғала алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүруі керек.
- Сонымен қатар электрлі самокат көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.
- Мопед, электрлі самокат және велосипед жүргізушілері жолда жүргенде ғана бекітілген шлемді киюі керек.
Кикшеринг компаниялары жаяу жүргіншілер мен саябақтардың белгілі бір жерлерінде электрлі самокат жылдамдығын шектейтін болады. Орнатылған GPS-сенсордың арқасында мұндай аймақтарға кіру кезінде жылдамдықты шектеу автоматты түрде қосылады.
Самокат айдайтындарға салынатын айыппұлдар
Қазір оларды жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартуға болады.
Енді ережелерде "электрлі көліктер" және "шағын электр көлік" терминдерін нақты белгіленеді.
Мопед, электр cамокат және велосипед жүргізушілеріне:
* кем дегенде бір қолыңызбен рөлді ұстамай жүргізуге;
* жолаушыларды тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар велосипедтермен және мопедтер болмаса, жолаушыларды тасымалдауға;
* жүктерді тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар велосипедтермен және мопедтермен болмаса жүкті, сондай-ақ ұзындығы немесе ені бойынша габариттерден 50 сантиметрден асатын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға тыйым салынады;
* велосипедті немесе электр самокатты айдаған кезде сіз жүрген жерде велосипед жолы бар жермен жүру керек.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz