Шаян жемесек шай сіңбейтін хәлге жеттік

Шаян жемесек шай сіңбейтін хәлге жеттік

Мөңке би атамыз ақырзаман таялғанда қазақтың ұрпағы ұсақталып, бақа-шаянға айналады деп болжаған екен. Ақырзаманның қашан болатыны, әрине, бір Аллаға ғана аян нәрсе. Дегенмен, қазірдің өзінде шаянды атасынан қалған астай сүйсініп жейтін қазаққа таң қалуға болмайды.
Әсіресе, сырақұмарлар үшін шаян таптырмайтын «закускі». Қысқышын құшырлана сорып, құйрығындағы бір шөкім майын шағып алғанша дегбір таппайтын ағайындар аз емес. Содан да болар Оралда шаян сатушылардың дәурені жүріп тұр. Қай базарға барсаң да алдыңнан шаян толы себет арқалаған саудагер шыға келеді. Бағасы удай. Келісі 1200 теңге. Бұл ортан қолдай жылқы етінің құны. Сонда да қазекем орыспен жағаласып жүріп шаянды жылқы етінен кем көрмей алады. Алғанда да шекесінен шертіп тұрып таңдайды. «Мынауыңның түрі бозғылт, анауың сірә көлдікі емес өзендікі» дейді және. Ұсынған тауарды қомсынып, «арық» деп алмай кететіндер де бар. Еттің арық-семізін айырмасақ та, шаянның арық-семіздігін тап басып танитын эксперт болып алдық қазір.
Сөйтіп, жарнамасы мықты жәндіктің базардағы жағдайын білуге бардық. «Шаяншылап» шыққан адамға сатушы үйір. Алдымызды кес-кестеген базаршылар «менікін ал да менікін ал» деп зар қағады. «Судан жаңа шыққан «сібежий» дегесін бет-аузын орамалмен тұмшалап алған келіншектің себетіне үңілдік. Себеттің сым торына қысқышымен мықтап жабысып алған дәу шаянның мұрты жыбырлайды. Құдды тірілігін, «сібежийлігін» дәлелдегендей тұтаса біткен сауыт бастың екі жағындағы ноқаттай көздері жылтырап тұр.
-Апа, шаян қай жерден әкелінген?
-Осы Жайықтың шаяны да.
-Жайықта бақа-шаян құрығалы қашан...
Мына сөзіміз апамыздың көңіл-күйін нілдей бұзды, жарылғалы тұрған «нервісін» одан әрмен быт-шыт қылды. «Әй, алмасаңдар әрі жүріңдер, клиентті үркітпей! О несі, енді қалғаны шаянның туған жерін түгендеу еді» - деп әудем жерге дейін апарып тастаған апамыздан қашып құтылғандай болдық.
Сұрастыра келе көзіміз жеткені шынымен де Жайықта шаян қалмаған. Балық түгілі бақасы таусылған өлі өзенге айналғаны жаныңды ауыртса да ақиқат. Шаян облыстың сай-салаларынан ауланатын көрінеді. Аулау тәсілі тіпті жүрегіңді айнытады. Әбден иістеніп, бұзылған етті қапқа салып, аузын сәл ашық қалдырып суға лақтырады. Шаянның иіс сезу қабілеті ғаламат. «Хош» иісті бірнеше шақырымнан сезген бойда қоректенуге аттанады. Содан қызыққа батып, қапқа түскен кезінде кері шыға алмай қалады екен. «Су санитары» атанған өлексемен қоректенетін жәндік адам үшін аса қауіпті гепатит және тиф секілді жұқпалы ауруларды таратады» - дейді дәрігерлер.
Базардан байқағанымыз бұған бас қатырып, медицинамен миын ашытып жатқан жан баласы жоқ. Қайта: «самый превосходный рак у меня» деп жаһанға жар салып жатқандар көп. Тіпті бір қазақ саудагер оның пайдалы қасиетін айтып тауыса алмай тұр. Кітаптан оқып алған ба, әйтеуір алушыларды имандай сендіреді. «Шаян еті (қол басындай жәндікте қайбір ет бар дейсіз) өте дәмді, сапалы, диеталық (диетадан садаға кеткір) қасиетке ие. Неше түрлі пайдалы дәрумендерге бай» - дейді базаршы.
-Пайдалы, өте дәмді болса өзіңіз жейсіз бе?
-Әрине, отбасымызбен түгел шаян жеп өскен жандармыз.
-Онда су жағасында тұрған болдыңыз ғой.
-Қайдағы су, осы Оралда тұрамыз.
-Ет неге жемейсіздер ендеше?
-Бауырым, еттің бағасы қазір базарда күйіп тұр. Екінің бірі ала алмайды оны.
«Соны да білмейсің бе» дегендей бажырая қараған саудагерге не айтарымызды білмей қалдық. Сатып тұрған шаянының келісі базардағы еттің бағасымен бірдей. Негізі өзінің логикасы қызық екен. Шамасы тауарын сату үшін қисынсыз жарнамаға бара беретін қуаяқтың бірі-ау.
Сол екі арада жаңағы жақсы жарнамаға қызыққан бір әжей шаян толы себетке үңіліп жатты... Бұрын орыс шаян жейді деп күлуші едік, енді қазаққа да сол күн туған екен. Қазаныңызда қойдың емес, шаянның басы қайнап жатқан жоқ па, оны да қарап қойыңыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста