Шағым дәптерi мемлекеттiк құпия болғаны ма?

Шағым дәптерi мемлекеттiк құпия болғаны ма?

Қазiр қаламызда супермаркет, гипермаркет, оптомаркет секiлдi түрлi дүкендер желiсi көбейiп келе жатыр. Сан бар жерде бәсеке болатыны, бәсеке бар жерде сапаның да көтерiлетiнi – шындық.
Алайда редакциямызға хабарласқан Хадиша Сейiтқұлқызы атты оқырманымыз: «SMALL атты жаңадан ашылған сауда дүкенiне 30 сәуiр күнi азық-түлiк алуға бардым. Сатушылар қызылшаны арнайы қалталарға салып,екi-үш келiден буып-түйiп, бағаларына дейiн жапсырып қойыпты. Мен жасым бiразға келген адам болғандықтан, көп салмақ көтере алмаймын. Әрi қызылшалары да босап кеткендiктен, көп алғым келмей, жарты келi ғана беруiн өтiндiм. Кейде көкөнiстi қапталған күйi алсаң, жартысы iске жарамсыз болып шығатыны жасырын емес. Ал олар осы қапталған күйi алуым қажеттiгiн айтты. Бұған риза болмай, тұтынушыға арналған арыз-шағымдар мен өтiнiштер дәптерiн сұрадым. Алайда мен сұраған сәтте оларда мұндай кiтап болмай шықты», – деп наразылығын бiлдiрдi.
Оқиғаның мән-жайын бiлмек болып Бектұров пен Меңдiқұлов көшелерiнiң қиылысында орналасқан SMALL дүкенiн бетке алдық. Дүкен наурыз мерекесi қарсаңында ашылыпты. Дүкеннiң жақында ашылғанынан ба, әлде тұтынушы талғамына сай қызметтiң болмауынан ба, бiз барған сәтте дүкен iшiнде адам қарасы аз көрiндi. Жоғарыдағы тұтынушы айтқандай, көкөнiстер тор қалтада қапталып, салмағына сай бағалары да жапсырулы тұр. «Тұтынушы мына белгiленген көлемнен аз алғысы келсе, қайтесiздер» деген сұрағымызға сатушы қыздар: «Талабына сай мына қаптардың бiрiн азайтып салып беремiз», – деп жауап қайтарды. Бұл жауаптың жоғарыдағы жағдайдан кейiн өзгергенiн, әлде бастапқы шешiмдерi солай болғанын аңғара алмадық. Алайда кейбiр супермаркеттерде көрiп жүргенiмiздей, тұтынушылардың өздерi таңдап, салып алуға арналған арнайы себеттерде бос тұрған көкөнiстердi көзiмiз шалмады. Көкөнiстердiң босап кетуi туралы: «Бұл – былтырдан қалған өнiм, былтырғы өнiмнiң биыл босап кетуi заңдылық қой», – деп ақталды. Ендi арыз-шағым кiтабын сұрадық. Алдымызға әлi ешкiмнiң қолы тимеген су жаңа дәптердi ұсынды. Тұтынушы сұраған сәтте дәптердiң болмауын: «Арыз-шағымдар дәптерiн дүкенiмiз ашылған сәтте кеңседен мөр басып жiберген, бiрақ бiз сыртына анау-мынауын жапсырып үлгермегендiктен, тез апарып бере алмай қалдық. Негiзi, жоқ емес, бар», – деп түсiндiрдi.
Заң бойынша, тұтынушылардың пiкiр қалдыруына арналған дәптер барлық дүкендерде болуы керек. Аталмыш жағдай қаламыздың басқа супермаркеттерiнде қандай күйде екенiн бiлмек болып аралап шықтық. Момышұлы мен Абай көшелерiнiң қиылысында орналасқан «Магнум» дүкенiнен iздегенiмiздi кiреберiстегi анықтама бөлмесiнен таптық. Дәптердiң бiраз бетi де тұтынушылардың пiкiрiне толы. Көкөнiстер де арнайы себеттерге салынып қойылған, тұтынушылар керегiнше таңдап салып алуда. «Арзанның»  тауары арзан болмай шықты» деп баспасөз бетiн бiраз шулатқан «Арзан» дүкенiнiң де жағдайы «Магнум» дүкенiне ұқсас екен. Супермаркеттердiң алды болып ашылған Gross сауда нүктесiнде өтiнiштер мен арыз-шағымдар дәптерi кассаның маңайында iлiнiп тұр. Неге екенiн қайдам, сауда дүкенiнiң әкiмшiлiгi дәптердi мемлекеттiк құпиядан әрмен қызғыштай қорғады. Қолымызға ұстатудан үзiлдi-кесiлдi бас тартып, алыстан ғана беттерiн парақтап көрсеттi. Мұнда да тұтынушылардың бiраз «қолтаңбасы» қалыпты.
Көзiмiздiң жеткенi, қай супермаркетте адам қарасы көп болса, сол супермаркеттiң қызметi анағұрлым жақсы көрiнедi. Тауары да тез жаңартылып отыратыны көрiнiп тұр. Алайда супермаркеттер қанша көбейсе де, тауар құнының арзандамай отырғаны – басы ашық шындық. Қарапайым халықтың қалтасы үшiн азық-түлiктi «Алтын орда» базарынан алғанның әлдеқайда тиiмдi екенiн аңғардық. Тақырыбымызға көкөнiстiң арқау болғандығынан, супермаркеттер мен базар нарқындағы көкөнiс бағаларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста