Репетитор оқытқан баланың білім дәрежесі қандай?

Репетитор оқытқан баланың білім дәрежесі қандай?

Репетитор – біздің түсі­ні­гімізде сабақтан тыс уақыт­та баламен жұмыс жасайтын мұғалім.Ол қажет болса, үйіңізге барып қыз­мет көрсете алады. Әр сағаты ақылы. Соңғы де­ректер бойынша, бір сағаты кемі 500 теңгеден басталып, 1500-2000-ға дейін жетуі мүмкін. Деген­мен бәрі келісімге бай­ла­нысты. «Әр аптада үш рет барып оқытамын, 15-20 мың теңгені ай соңында берсеңіз», – дейтіндері де кездеседі екен. Сондықтан репетитор таңдау да қал­та­ның қалыңдығына байланысты.
Негізінен, репетитор жалдауға ақшалы адамдар құмар келеді. Ұл-қызының саба­ғын қадағалайтын уақыты болмағаннан кейін, әрине. Репетитор болу мұғалімге де тиімді. Бос уақытта ақша табудан қашып несі бар. Қазіргідей күйіп тұрған нарық заманында бақуатты кәсіпкер мен байшы­кеш­терден бастап, зейнеткерлерге дейін зейнетақысына репетитор жалдап, немересін оқытатын болды.
Балаңызды мектепке дайындамақ бол­саңыз немесе ҰБТ-ға әзірлену үшін кез келген пәннен балаңыз нашарлап жүрсе, қалтаңыз қалың болса, қоңырау шалып, үйіңізге репетитор шақыру арқылы қорда­ланған мәселеңізді әп-сәтте шеше аласыз.
Жасыратыны жоқ, қазір екі мұғалімнің бірі – репетитор.Бір қарағанда, «қолдан ке­ліп тұрған іс болса неге жасамасқа?» деген ой келеді. Әрі қызметтің бұл түріне сұра­ныс та жоғары. Сонымен бірге, еңбек өті­лі­нің ұзақ, жоғары білімді болуы да ма­ңызды. Әсіресе «стажной» мұғалімдердің бағасы қымбаттау көрінеді.
Жақында телефон шалған бір танысым: «Бастауышта оқитын екі балама репетитор тауып бер», – деп қолқа салды. Жергілікті газеттердегі хабарламалар бо­йынша қоңырау шалған ол мұғалімдер­дің талабы жоғары екендіктерін алға тартты. «Машинаңыз бар ма, алып келіп, апарып тастайсыз ба?», «Гарантия бере алмаймын, бірақ оқытуға болады» деген сықыл­ды сөздер өзіне ұнамағанын айтқан әлгі танысым «өзің жақсы білетін мұғалімнің біреуін келістіріп берші» деп өтінді.
Мұғалімдердің айтуынша, бастауыш сынып шәкірттерінің көбі жеке жұмысты қажет етеді. 45 минутта 25-30 баланың бә­­рін игеру мұғалімге қиын соғады. Санасы жай қабылдайтын балалар тақырыпты түсінбей қалуы мүмкін. Ол бала үйіне барған соң да қадағаланбай қалып жатады. Өйткені ата-аналардың бәрі жұмыс­басты. Ал баламен бір-екі сағат жұмыс жасайтын репетитор баланың тақырыпты жан-жақты түсінуіне жол ашады. Әр саға­тына ақша алып отырғаннан кейін ол ба­ла­ның тақырыпты игеруі үшін барлық пе­да­гогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана­ды. Жоғары сыныптарда математика, ағ­ыл­шын тілі, физика, химия пәндерінен оқу­шы­лар репетитор іздейді.Кейде ден­саулығына байланысты ұзақ уақыт сабақ­қа қатыса алмаған оқушылар да репетитордан сабақ алады. Білім сапасын жақ­сар­туда жеке жұмыстың көмегі көп. Бұл тұрғыдан келгенде репетитор қоғамға пайдалы.
Әйтсе де, мұғалімдер әртүрлі. Бірі шын ниетпен баламен жұмыс істеп, алға жетелесе, енді бірі бұл істі қосымша табыс көзі ретінде пайдаланып, баланың ой-өрісінің өсіп, жетілуіне жол ашпайды. Әрине, алмақтың да салмағы бар болғасын көп мұғалімдер баланы қатарға қосу үшін барын салып бағады. Ата-аналар да ақшаны желге шашқысы келмейтіні ақиқат. Балаға сабақ беретін мұғаліммен күнде хабарласып: «Сабақ оқыттың ба?» – деп соңынан тексеріп отыратындары да болады екен.
Репетитордан тәлім алудың тағы бір зияны бар. Үнемі үлкендердің көмегіне сү­йе­нетін бала өз бетімен сабақ оқуды мүл­дем қояды. Өз-өзіне сенімі жоғалады. Тап­сырманы орындаған күннің өзінде кү­мәнмен қарайтын әдет пайда болады. Репе­титор тек бағыт беруші, игермеген та­қы­рыпты үйретуші, оқу үлгерімінде қалып қойған баланы қатарға қосушы рөлінде қажет.
Жергілікті газеттердің бірін алып, хабарландыру бойынша ағылшын тілі мен бастауыш сынып мұғалімдеріне қоңырау шалдым. Арасында «3-4 курстың студентімін» дегендер де кездесті. «Қалаған уа­қы­тыңызда балаңызды оқытамыз» дейді олар. Нәтиже болуы үшін кемі үш ай баламен бірге дайындалған дұрыс екен. Дауыс­тары жағымды, сөздері көңілге қоным­ды. Тағы бір зейнеткер мұғалім: «Екі сағат­қа 1200 теңге аламын, бірақ балаң­ды ме­нің үйіме әкелесің, шырағым», – деп талап қойды. Өзгелері сағатына 1000, 800 теңге сұрайды.
Ғаламтордағы «Ваш репетитор» деген арнайы сайтты да ашып көрдім. Онда Оралдан да бірнеше мұғалім өздері туралы толық мәліметті тіркепті. Қысқасы, «баланы мұғалім жалдап оқыту қажет пе?» деген сауалдың жауабын іздеуді оқыр­ман­ның өзіне қалдырдық.
Айгүл ЖЕҢІСҚЫЗЫ, мұғалім, репетитор:
– Бастауыш сыныптарға сабақ беруден 15 жылдай еңбек өтілім бар. Менің ойымша, қолың негізгі жұмыс­тан бос уақытта балаға қосымша сабақ бергеннің еш айыбы жоқ. Ол екі жаққа да тиімді. Сұраныс негізінен ата-ана тарапынан түседі. Көбі тіршілік қамымен жүріп, ұл-қызының үлгерімін қадаға­лай алмайды. Сондайда репетитор кө­мек­ке келеді. Мен оқытқан шәкірт­тер­дің алды университетте оқып жүр.

Күләш МҮСІРБЕКОВА, ата-ана:
– Ұлымыз 5-сыныпта математикадан едәуір қиналды. Қазіргі мектеп бағ­дарламасы кәдімгідей ауыр. Сол кезде «не істейміз» деп ойландық. Сосын, бір таныстарымыздың кеңесімен жар­нама газетінен репетитор тауып ал­дық. Ол үйге келіп, үш айдай жеке сабақ бер­ді. Нәтижесінде, ұлымның сабақ үл­герімі жоғарылады, оқу екпіндісі қата­рына қосылды. Отбасылық бюд­жеттен жырып жұмсаған қаржы­мыз ақталды.

Р.S.
Бірде автобуста шашын қы­рау шалған екі әжейдің әңгі­месін еріксіз құлағым шалып қалды. «Әлгі кенже ұлымның баласын былтырдан бері мұға­лім жалдап оқытып жатырмын», – деді темір тісті әжей.«Жалдап» деген сөзді нығыздап, көпшілік­ке естірте айтты. Пошымы ауыл­дан келгенге ұқсайтын, зор денелі екінші әжей: «Астапыралла, қазір мұғалімдер де жалданатын болған ба?» – деп басын шайқады...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста