Регата жұртшылық назарын Іле-Балқаш мәселесіне аударады

Регата жұртшылық назарын Іле-Балқаш мәселесіне аударады

Сәуірдің 30-ында басталған дәстүрлі Іле-Балқаш регатасы жарысы мамырдың 29-ында Қапшағайдың солтүстік жағала­уын­да мәреге жетті. Желкенді жә­не ескекті су көліктерімен сын­ға түскен 70-ке жуық ко­ман­да арасынан нағыз мықтылар ірік­телді.
Іле-Балқаш регатасы биыл 11-жыл өт­кізіліп отыр. Шараны ұйымдастырушы «Та­биғат» экологиялық одағы Іле мен Бал­қаш­тағы қайық жарыстарына көпшілікті қа­тыстыра отырып, осы табиғи суқоймалар қо­рын сақтау және молайту мәселесіне қо­ғам назарын аударып келеді. Биыл рафт, ка­та­маран, байдарка, ескекті қайық, қаң­қалы сал, үрлемелі сал, каноэ, альбатрос сияқты су көліктерімен спринтерлік-ма­рафон­дық және көпкүндік супермарафон бәй­гелеріне қатысушылар жылдағыдан көп болды. Жарыстың әр түрі бойынша жеңімпаздарды жеке-жеке марапаттау тура бір сағатқа созылды. Командалар арасынан «Меншік құқығын қорғау одағы» қоғамдық бірлестігі атынан сынға түскен қыз-жігіттер көп жүлдеге ие болды. Мұның алдында мамырдың 2-9 аралығында Балқашта VI халықаралық желкенді регата ұйымдастырылған еді. Бірнеше елден ша­қырылған желкеншілердің 20-дан астам командасы Саяқ кенішінен Балқашқа дейін жарыса жүзіп өткен. Әдетте осындай эко­логиялық шаралардан соң кісі көп жи­нал­ған жерлерге қоқыс үйіліп қалып жатады. Бір­ақ «Табиғат» экологиялық одағы регата­дан соң жағажайды мұнтаздай етіп тазар­туды дәстүрге енгізген. Одақ жетекшісінің қатысушыларға қатысты титтей қағаз да қал­дырмай тазалап кету туралы бұйрығы да бар.
Владислав ПОКУСОВ, «Меншік құқығын қорғау одағы» қоғамдық бірлестігі командасының мүшесі:
– Біздің команда барлық сын бо­йын­ша жақсы нәтиже көрсетті. Командамыз не­гі­зі­нен 18-24 жас аралығындағы жастардан тұ­ра­ды, бірақ жарысқа қатысушылар ара­сын­да ересектер де, үш-бес жастағы балалар да болды. Командалар жарыстың барлық тү­рі бойынша қатысты.
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
– Біз 11 жыл бұрын Балқашты сақтау мә­селелеріне арналған үлкен форум өт­кіз­генбіз. Қытай Іленің суын көбірек пай­да­ла­натын, сондықтан Іле суын молайту мәсе­ле­сін біз регата арқылы халыққа кең наси­хат­тауды мақсат еттік. Бұл жарыс кейін үл­кен туристік шараға айналды. Дүниежүзін ға­лам­дық жылыну құбылысы алаңда­тып отыр­ған қазіргі мезгілде Алатау­дың басын­да­ғы мұздықтарды сақтау, Іле, Қапшағай, Бал­қаш пен басқа да өзен-суларды құр­ға­тып алмау мәсе­лелеріне көбірек көңіл бөлген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста