Қызым саған айтам: Алтын сырға! Еріккенге ермекпісіз әлде ақ тілеулі алтын балықпысыз?

Қызым саған айтам: Алтын сырға! Еріккенге ермекпісіз әлде ақ тілеулі алтын балықпысыз?

Кез келген заттың табиғи таза болмағы сияқты, кез келген нәрсенің жасанды да арзандауы да болады. Бұл ұғым адамдардың адамға қатынасын да анықтайтын факт. Мәселен, балық аулауға шығып қармағыңа ілінген балықтың етсіз, іреңсіз, тіпті ауызға ілінбейтіні болса, немесе сондай ірі, ұсқыны әлпетті болғасын «вконтактыге» саламын деп суретке түсіп алып, суға қайта тастай салатының бар. Жігіттер де қыздарды осылай таңдайды.

Не сізбен ойын сауыққа барып, билеп, умаждап, қалауынша төске салып баурап, ермегіне айналдырады, не болмаса ғұмыры ұзақ қатынас құрады. Қайтпек керек? Қалай болғанда да, ол үшін сіз ермекке айналған балықсыз ба, әлде ат басындай қалап алған алтын балықсыз ба осыны анықтап алыңыз. Ол үшін мынаны ұғыныңыз: Еркек біткен табиғатында аңшы. Ал, сіз сол аңсыз. Сізді жол жөнекей жазым етіп, суретке түсіп қайта лақтырып тастап кетуіне жол бермеңіз, қайта терісіңізді сылып, төріне іліп қоятындай бағаңызды асырыңыз. Ол үшін өзіңізді байқап көріңіз, сіз қай рөлде жүрсіз?
1. Өзіне ерекше сый құрмет талап ететін қыз – алтын балық; өзін сыйлатуға батылсыз қыз – ермек балық.
2. Келісті бойын сымбаттамай-ақ-ақ көрікті бола білетін қыз – алтын балық; көзтартардай қызылға боянған қыз – ермек балық.
3. Билеу үстінде ерсілік танытып ұмаждауына қарсылық білдіретін қыз – алтын балық; ұстамсыздық танытып би алаңын шоуға айналдырып өзгенің назарын аудартатын қыз – ермек балық.
4. Ер жігіттің нөмірін алып, өз нөмірін ұстатпайтын қыз – алтын балық; үйінің, жұмысының, өзінің жеке нөмірі мен мекенжайын толықтай жазып қалдыратын қыз - ермек балық.
5. Жігіті мен анасының алдында ізеттілікпен, сыпайылықпен әңгіме қозғай білетін қыз – алтын балық; жігіттің анасымен кездесуге жалтаратын қыз – ермек балық.
6. Ата-аналар жиналысында, конференция залында, ресторанда, спорттық мереке шараларда - барлық жағдайда өз-өзін ұстай білетін қыз – алтын балық; екі сөздің басын құрай алмай кібіртіктеп, басқа да мәслелерге басын ауыртпайтын қыз – ермек балық.
7. Тұрмысқа шығып, отбасын құрғысы келетінін алдын ала ескерткен қыз – алтын балық; келесі демалыс күніне дейін қарым-қатынасты жоспарлаған қыз – ермек балық.
8. Жігіт отбасы, достарына таныстырғысы келетін қыз – алтын балық; таныстарына да көрсеткісі келмейтін қыз – ермек балық.
9. Жүзі күлімсіреп, өміріне дән риза, өзін бойын баптай білетін қыз – алтын балық; өзін-өзі күтпейтін, үнемі қабағы ашылмайтын тәкаппар, өзгенің кемшілігін айтып кемсітуді ұмытпайтын қыз – ермек балық.
10. Сіздің еңбегіңізді бағалап, ризашылығын білдіретін қыз – алтын балық; сіз не істесеңіз де басына бәле екеніңізді ескертіп отыратын қыз – ермек балық.
11. Құлай сүйген, адал қыз – алтын балық; көзі ойнап, көңіл көтеруге кет әрі емес қыз – ермек балық.
12. Ер адамның өмірлік мұрат-мақсатына жеткенше, өзіне деген сенімділігін ұялатқанша оған қолдау білдіріп, сенім артқан қыз – алтын балық; өзінің тапқан табысы мен билігін қылыштай ойнақтатып, еркегінің табысын көзге ілмейтін қыз – ермек балық.

Ер жігіт ерігіп ойын іздеп жүр ме әлде өмірсерігін іздеп жүр ме?
Мұны қалай байқауға болады?
1. Таптаурын тақырыпты сөз қылып, жай ғана әңгіме соғып отырса, демек оған ойын керек; ал егер сіздің өміріңіз туралы, қажеттілігіңіз, талап-тілегіңізбен шынайы қызықса – алтын балықты қарастырып отыр.
2. Сіздің талап шартыңызға күле қарап, көз ілмегендей қалып танытса оған ермек балық керек; талабыңызға қарсыласпақ түгілі, бүкіл ережелеріңізге мойынсұнса - алтын балыққа тап болғысы келеді.
3. Жеке нөміріңізді алып, таяу арада қоңырау шалмаса ерігіпп жүр; тез арада хабарласса – алтын балықты іздеп жүруі кәдік.
4. Жігітіңіз мейрамханаға шақырып, дастархан тапсырын сіздің төлеуіңізге қалдырса – не айтуға болады! Ал, барлық дастархан мәзірін өз мойнына алып төлесе – алтын балыққа зар.
5. Үнемі ешбір ескертусіз кездесуге кешіксе, оған ойын керек. Уақытылы келсе – алтын балыққа үмітті.
6. Сіз оның қымбатты достары, отбасы, кәсіптес, өзге де жақындарымен таныс болмасаңыз – ол ойынға тұзақ құрған; жақын туыстарымен таныстырған болса – шын мәнінде алтын балық керек.
7. Сіздің туыстарыңызбен танысудан сылтау айтып бас тартса – еріккеннен ермек қылған; отбасыңыз жиналатын мерекелік кешке келуден бас тартпаса – ол сізді алтын балыққа балап жүруі мүмкін.
8. Болашақта сәби сүю арманы айтылған кезде тыпырши қалған жігіт – ойын жоспарын құрып қойған; егер балалар айтылған жерде ерекше ықыластана, сіздің балаңыз немесе ініңізге болсын сыйлықтарымен қуантып, тіл табысып кетсе – демек, алтын балықты кезіктірдім деген ойда жүр.
9. Рухани күйзелген, көңіл күйсіз, қалтасында көк тиыны жоқ жігіт – ермек балықты тілейді; толыққанды отбасын асырауға, қорғауға мүмкіндігі мол болса – алтын балықты іздеп жүр.
10. Өзге еркектермен байланысыңызға «қарсылығым» жоқ деп ашық айтса, ол ерігіп уақыт өткізіп жүр; тек өзімен ғана басы бүтін қатынаста болғанын қалайтұғын еркек – алтын балықты қалайды.

jaisan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста