Қызылордада барлық көлік түрі қозғалысына шектеу енгізілді

Қызылордада барлық көлік түрі қозғалысына шектеу енгізілді

Қызылордалық жолшылар мұзды жауын салдарын жоюда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде Қызылорда облысының аумағында нөлден төмен температурада жаңбыр жауды. ҚазАвтоЖол қызметкерлері температуралық ауытқулар нәтижесінде пайда болған көктайғақты жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Жолшылар өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарды құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Қызылорда өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты үш тасжол учаскесінде барлық көлік түрі қозғалысқа шектеу енгізілді:

 

1. "Самара-Шымкент" тасжолының Төретам ауылынан Қызылорда қаласына дейінгі аралығы;

2. "Самара-Шымкент" тасжолының Әйтеке би ауылынан Төретам ауылына дейінгі аралығы;

3. "Самара-Шымкент" тасжолының Арал қаласынан Әйтеке би ауылына дейінгі аралығы;

 

Мамандар жүргізушілерді жол бойында ерекше сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және арнайы техниканың жұмысына қосымша кедергі тудырмауға шақырады. Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс жасайтын колл-орталығына қоңырау шалу қажет.

 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері республикалық автожолдар желісін өңдеу үшін шамамен 22 мың м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 400 бірлік арнайы техника мен 700 маман жұмылдырылды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста