Қыздар университеті 70-тің кемеліне аяқ басты

Қазақстанның әр аймағынан келген қа­ра­­­көз қыздардың басын қосып, әр саланың қыр-сырын оқытып, білікті маман даяр­лау­да, өн бой­ларына біліктілікпен қатар иба­лы­лық, ина­баттылықты сіңіруде ерен ең­бек етіп ке­ле жат­қан – Қазақ мемлекеттік қыз­дар пе­да­го­ги­­­калық университеті. Ал­ғаш рет сұ­рапыл со­­ғыс­тың қайнаған уа­қы­тында қыз­дарға ға­на ар­налған оқу орнын ашуға қау­лы қа­был­дан­ды. Ер-азаматтар қан май­данның ор­та­сында жер үшін шай­қасып жат­қан­да ел тіз­гініне ие бо­лар, ел ертеңіне жа­уапты болар ма­ман да­йындау басты мақ­саттың бірі бол­ды. 1944 жыл­дан жұ­мысын бастап кеткен Қыз­­дар уни­вер­­­ситеті, мі­не, 70 жылға жуық­­тады, өз мақ­­сатынан тай­мады, аяулы қыз­дарды бір-бір саланың ма­маны етіп шы­ғарып, мойын­да­рына ұрпақ тәр­биелеу деген ауыр жүкті зор сеніммен тап­сырып келеді.
Қыздар университеті бүгінгі күні 69 жыл­ға то­лып, 70-тің кемеліне аяқ басып отыр. Есеп беретіндей, ескерілетіндей ай­ту­лы ке­зең. Әр аймақтың қыздарын құшақ жая қар­сы алып, маман етіп даярлап, ғы­лым­ға бау­лып қа­на қоймай, оларға бола­шақ­та әр ша­ңы­рақтың келіні, ұрпақ анасы деп қарап, та­за­лықты, ибалылықты бой­ла­рына сіңіріп, дәс­түр­ден таймай тәрбие бе­ріп келе жатыр. Рас, республиканың әр ай­ма­­ғында пе­да­го­ги­калық бағытта маман даяр­­лайтын оқу орын­дары жұ­мыс істеп ке­­ле­ді, алайда универ­си­тет­тер көп бол­­ға­ны­­мен, Қыздар университеті жалғыз!
Қыздар университетінің даралығы, ерек­­ше­лігі де – тек қана қыз балаларға тә­лім-тәр­бие беруінде. Жаны нәзік, болмысы қай­­сар қыз баласын бұл оқу орны шыңдап, бі­лімін же­­тілдіріп, біліктілігін нығайтып қана қой­май, шаңырақтың шырақшысына ай­нал­ды­рып, отбасының ұйытқысы болуға бау­лып ке­леді. Еліміздің қайсар батыры Б.Мо­­мыш­ұлы­ның «Ұстаздық – ұлы құрмет. Се­бебі ұр­пақ­тарды ұстаз тәрбиелейді. Бо­ла­шақтың бас­шысын да, данасын да, ға­лы­мын да, ең­бекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсі­реді... Өмірге ұрпақ бер­ген ана­лар­ды қандай ар­дақтасақ, сол ұр­пақты тәр­бие­лейтін ұс­таз­дар­ды да сондай ар­дақ­­тауға мін­деттіміз» де­ген пікірі ұстаздардың мәр­тебесіне көңіл бө­лу­ге назар аудартса, екін­ші жағынан ұс­­таз­дарға да үлкен мін­дет­­тің жүк­телгенін ес­ке салады.
Уақыт өтіп, заман талабы күшейіп, ха­лық­­ара­лық білім беру стандарттары ны­ға­йып жат­қан тұста, Қыздар университетінің де бі­лім беру үрдісі толысып, жаңарып отыр. Қа­зақ­стан Республикасы білім сапа­сын қам­сыз­дандыру агенттігі жүргізген бас рей­тинг бо­йынша еліміздегі 60 жетекші пе­да­го­ги­калық жо­ғары оқу орындарының ішінде әрі көш­бас­шы­лар қатарында. Бұл жетістік осы оқу орнында қызмет атқаратын білікті оқы­ту­шы-про­фессорлар құрамының адал ең­бе­гінің ар­қа­сында бағаланып отыр. Ха­лық­аралық білім бе­ру жүйесіндегі стан­дарт­тарға сай үш деңгейлі білім беру бо­йын­ша және Бо­лон үде­рі­сіне сай оқу бағ­дар­ламаларын қол­ға алу­да. Студенттер ха­­­­лықаралық, рес­пу­бликалық ғы­лы­ми кон­­­ференцияларда, пән­дік олимпиада­лар­­да білім сынақтарына тү­сіп, бәйгенің жүл­де­­­сін қанжығаларына бай­лап отыр­ған­дығы да осындай жаңа оқу бағ­дарла­ма­ла­рын ен­­­гі­зудің арқасында деп айтуға әбден бо­ла­­ды.
Бұл қарашаңырақ сапалы білім беру жо­лын­да елде қабылданып жатқан ре­фор­ма­ларға сай әлем мемлекеттеріндегі білім бе­ру технологияларын да пайдалана оты­рып, үздік университеттермен тәжірибе ал­ма­са білікті маман дайындауға күш са­лып ке­леді. Со­ны­мен қатар Әбу Насыр әл-Фа­ра­бидің «Тәр­бие­сіз берілген білім  адам­затқа зия­нын тигізуі мүмкін» деген пі­кірі – Қыздар уни­вер­ситетінің қағидасының бі­рі. Ұрпақ тәр­бие­лейтін қыз балаларының бо­йына білім тәр­биемен қатар берілуі ке­рек. Оқу үрдісінде сел­қостық танытып, оқу бағ­­дарламасынан өзге бағыттарда әрбір қыз­­дың бойындағы қа­сиеттерді ашпау – бо­­лашақта әр үйдің ба­ла­сына жасалатын қия­­­нат. Жалқау мұғалім, із­денбейтін ұстаз ел көшіне ілесе де, ілестіре де алмасы анық. Се­бебі Қыздар уни­вер­си­тетінің ару­ла­ры рес­публиканың түкпір-түк­пі­рі­не, ауыл­дық ай­мақтарға барып мұғалім бол­­мақ. Олар қай жерде қызмет етсе де ке­ле­­шек­тің қамы үшін еңбек етеді. Қа­зақ­стан­ның бола­ша­ғы жар­қын болу үшін білімді ма­ман дайын­дау – басты парыз.
Көп тіл білу – көпті танудың бірден-бір құ­­ра­лындай. Бір тіл білсең, сол тілде сөй­лей­­тін тұ­тас бір елді танисың деген. Жан-жақ­­ты­лықты оятып, ел тануға, жер тануға ат­салысып отыр­­ған Қыздар уни­вер­си­те­тінде ағылшын, қы­­тай, парсы, түрік тіл­де­рін оқыту негізінде ар­найы орталықтар құ­рылған. Қоғамдағы өзекті мәселелерге өз ой-пікірлерін қосып, түр­лі ақпаратты тал­дау­ды, сараптауды, ше­шім шығаруды да­ры­татын Студенттер альян­сы­мен қатар «Па­ра­сатты НЛО» пікір-сайыс клу­бы жұ­мыс іс­тейді. Әр шаңырақтың «қа­ра­до­ма­ла­ғы­ның» өсіп-жетілуіне, тұлға болып қа­­лып­та­суы­на қозғаушы болатын «Ізгілік», «Жан жы­­луы» еріктілер клубтары болашақ пси­­хо­лог­тердің өздеріне түйінді мәсе­ле­лер­дің ше­ші­мін табуды үйретуді қолға алған. Қа­зақы қал­жыңмен, әзіл-оспақпен түр­лі мә­се­­лелерді қоз­ғауға негіз болатын «Тек қана қыз­дар» кө­ңілді тапқырлар клу­бы, са­ла­уат­ты өмір салтын қа­лыптастыруда «Шах­мат», «То­ғыз­құмалақ» клуб­тары нә­ти­желі жұмыс ат­­қаруда. Бұл ор­та­дан ақын да, әнші де, би­ші де талаптарын шың­дай­ды. Оған «То­ми­рис» би ансамблінің, «Ай­гүл» вокалды-ас­пап­тар ан­самблі, «Ұлар» фоль­клорлық-эт­но­гра­фия­лық ансамблі, «Өнер жастан» опера студиясы, «Жан са­райы» драма театрының, «Жас ақын­дар» клу­бының, «Ы.Алтынсариншылар» ор­да­­сы­ның жемісті жұмыстары куә.
Студенттер жоғарыда аталған түрлі са­ла­лар­дың қайсысында қабілеттерін шың­даса да, ең бастысы, олар – болашақ жар, ке­лін, ана, отбасының ұйытқысы. Дарын мен бе­йім­ді шыңдау – бір бөлек, ал әрбір қыз­­дың бо­йына ибалылықты, ина­бат­ты­лықты сіңіріп, та­залықты қа­лып­тас­ты­рып, жалпы дәстүрге сай қасиеттерді да­рыту – үлкен мектеп. Жалпы, адам­гершілік, иман­ды­лық, парасаттылық, ел­жандылық тәр­бие­сін берумен қатар, зия­лы­лық, іс­керлік, өнер­ді дәріптеушілік қа­сиет­терді сту­дент­теріміздің бойынан тауып, да­мыту – па­рыз. Қоғамдық ортада азаматтық ұс­та­ны­мы бар, же­ке өмірінде отбасылық эт­ноәлеуметтік рөл­дерді алған білімімен ұш­тас­тыра білетін ұлт­жанды, парасатты, шы­на­йы қазақ аруы­ның бейнесін қа­лыптастыру мақ­сатында «Қазақ аруы» ар­на­йы курсы жүр­гізіліп, бі­лім мен тәрбиені ұш­тастыру не­гіз­ге алынған. Ұлттық дәстүр мен төл дү­ние­та­ным аясында тәр­биелеу үшін «Қыз Жібек», «Ке­­лін болу әде­бі», «Бұ­рымды қыздар» клуб­­та­ры ашы­лып, уни­вер­ситетте жа­һан­дану үде­рі­сінде ұлт­тық мүддені жоғары қоя оты­рып, салт-дәстүрді бағалайтын, эт­но­мә­дениетті, мі­нез-құлқы мен санасы ұлттық діл­мен ұш­тас­­қан, кәсіп­тік-педагогикалық имид­жі қа­­лып­тасқан зия­лы қыздарды тұл­ға­­лан­ды­руға ба­ғытталған.
М.Әуезовтің «Тәңір жазса, бұл инсти­тут қа­зіргі және болашақтағы қазақ қыз­да­­ры­ның шам­шырағына айналады. Осы шам­­шы­рақ­тың жарық сәулесі ешқашан сөн­­бе­сін» деген ақ батасы Қыздар уни­вер­ситетінің осы уа­қыт­қа дейінгі ат­қа­рып ке­ле жатқан жұ­мыста­ры­ның басты бағ­да­ры болды. Қа­сиет­ті қара ша­ңырақтың А.Ос­ман, О.Асан­ға­­зы, Ә.Бө­пе­жа­нова, Ұ.Ай­на­құлова, Д.Хам­­зина, Т.Асар се­кілді тү­­лектері Қыздар уни­верситетінің бет-бей­­­не­сі ретінде елге та­нымал болса, рес­­пу­бли­каның түкпір-түкпіріндегі оқу орын­да­­рын­да қаншама түлек дәріс беруде. Тү­­лек мұғалімдердің же­місті еңбегі  – Қыз­дар уни­верситетінің же­тіс­тігі. Қараша­ңы­рақтың рес­пу­бли­камыздағы жоғары оқу орын­да­рынан, әсіресе педагогикалық бағытта ма­ман­дандыратын білім ордала­ры­нан басты өз­гешелігі – қыз балаларға бо­лашақтың негізін бе­сік тербетуден бастап мектеп қабыр­ғасында дәріс берумен қа­лай­тын негізгі күш ретінде басымдық та­ны­татындығы.
«Қымбат-ау қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
Не болар екен тағдыры,
Үйіріліп соқса бір құйын?!»

– ақиық ақын Мұқағалидың нәзік жыр жолдары Қыз­­дар университетінің табалдырығын аттаған әрбір қыздың тағдырына деген үл­кен жауапкер­ші­лікті әрдайым меңзеп тұ­ра­ды. Қыздар уни­вер­ситетінің ұжымы қара­көз қыздарымыздың әр­қайсысын өмірдің құ­йыны адастырмас үшін, тағдырына сы­зат түспес үшін, ғұмыр жо­­лы даңғыл болуы үшін еңбек етуде. 70 жыл бойы жұмсалып жат­қан күш пен беріліп жат­қан білімнің нәтижесін әрбір түлек өз ша­ң­ы­­рағынан бас­тап киелі мектепте де көр­се­ту­де.
Қыз – ұлттың келбеті. «Қызға қырық үй­ден тыйым» деген ата-бабамыз қыз ба­ласының жөн-жосығын білетін, ары мен намысын қорғай алатындай адам болуына үлкен мән беріп келген. Ұрпақты тәр­бие­лей­тін де, қоғамды қалыптастыратын да ана­лар. Ұлағатты ұлттың жүрегі бола­тын­дай ардақты ана үшін үлкен көрегендік ке­рек. Ұлт діңгегінің беріктігі ұлттық тәрбиеде жат­қандығын түсінген әр адам өз қызына өнегелі тәрбие берсе, дұрыс жол сілтесе – көргенді қыз, салиқалы ана, қоғамның тірегі болары анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста