Қыстың соңғы күні Астанада және тағы 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" сипоптиктері ертең, 28 ақпанда республиканың 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Қызылорда облысында тұман болады.

Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді. 

Атырау облысында да көктайғақ, тұман болатыны болжанып отыр.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Екпіні секундына 28 метрге дейін жететін жел соғады.

Астанадағы желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында тұман түседі.

Қостанай облысында күн жауын-шашынды (көбінесе қар) болады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанып отыр. Ал желдің күші 20, екпіні 28 м/c-қа жетеді. 

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, екпінді жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) болжанып отыр. Бұған қоса, бұрқасын, көктайғақ пен күшті, екпінді жел соғады. 

Түркістан облысының тау асуларында, 01 наурызда күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста