Қымыздың құндылығын немістен үйренеміз бе?

Таяуда Германиядан қымыз өндіруші Ганс Цольман деген неміс келіп, Алматыда халықаралық конгреcс өткізіп, қазақтарға қымыз жайлы дәріс оқып берді.
Ганс ЦОЛЬМАН, Германияның қымыз өндірушісі:
— Қазақтарға менің өндірген қымызым ұнайтынына мақтанамын. Германияда 50 жылдан бері қымыз өндірушілер одағы жұмыс істейді. Германия арқылы бие сүтін өндіру идеясы Европаның басқа да ел­деріне тарап отыр. Қазір қымызды бізден көріп Австрия, Голландия, Италия мем­лекеттері өндіре бастады. Сіздер қымызды тек сусын ретінде пайда­ланасыздар. Ал мен болсам, қымыздан әйелдерге арнап иісмай, косметика жасап, балаларға балмұздақ дайындап беремін. Мен сіздерге қымызды өндіруді үйретуге дайынмын.
Міне, осылайша, санғасырлық құн­ды­лығымызды сақтап, дәріптей ал­ма­ған­дығымыздан ұлттық сусынымыз жат елдің меншігіне айналып отыр. Сонда, біз ұлттық өнімімізді жат жұрттықтарға беріп қойып, қарап отыруымыз керек пе? Бұл елдігімізге сын емес пе? Қымыз біздің 6 мың жылдық тарихы бар бірегей сусынымыз. Біздің заманымыздан бес ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі Геродоттың: «Көшпенді сақ­тардың сүйікті сусыны — бие сүті. Оны олар ерекше тәсілмен дайындаған және қымыз дайындау тәсілін құпия сақтаған. Егер оның құпиясын біреу ашса, екі көзін ағызып жіберетін болған» деген екен. Осы сөздерден-ақ қымыздың қазақ үшін қаншалықты құнды екенін аңғаруға болар. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мұра болып келген бұл игілік бағаланып, атадан балаға мирас болып келді. Ал қазір неге жалғасын таппай қалды? Якутияда (Саха республикасы) қымыз туралы арнайы заң бар екен. Тіпті көрші Ресейдің өзінде қымыз өндіретін 80-нен астам фирмалар болса, тек қана қымызбен ем­дейтін 48 санаторий бар көрінеді. Ал бізде ше? Қазақтың ұлттық сусынына деген сұраныс қандай?
Ахметбек НҰРСИЛА, «Саржайлау» корпорациясының төрағасы:
– 1919 жылы Қазақстан терри­то­риясында 16 миллион жылқы болған. Ал қазір бар-жоғы 1,5 млн ғана қалды. Өйт­кені Сталин мен Голошекин қа­зақтың рухын сындырып, кең даласын тартып алу үшін ең алдымен біздің бабаларымызды жыл­қыдан айыру керек болды. Ет ком­бинаттары ашылып, төрт түлігіміз қынадай қырылды. Одан кейін шегарамыз айқара ашылып, елімізге шетелдің арақ-шарап, сыра, кока-кола, пепси-кола секілді түрлі бояу қосылған газдалған сусындары қап­тады. Осылайша, ұлттық сусында­рымыздан ажырап қалдық. Қазіргі кезде қасиетті сусындарымыз ас бергенде немесе өлім-жітімде ғана қойылатын болды. Енді-енді кей жерлердегі той-думандардың дас­тарқан мәзірінде қымыз қойыла бастады. Бірақ, өкінішке қарай, әлі де дастар­қанымыздан арақ-шарап, түрлі газдалған сусындар түспей тұр. Неге? Өйткені олар­дың жарнамасы күшті. Қазір Австралия кока-коланы жарнамалауға тыйым салып, оның зиян екендігін жұрт­шылыққа түсін­діруде. Неге бізге де адам денсау­лығына зиян келтіретін газдалған сусындардың жарнамасына тосқауыл қойып, оның орнына табиғи сусын­дары­мыздың жар­намасын күшейт­песке? Сонда ұлттық сусынымызға сұраныс артып, халық денсаулы­ғы­ның, демогра­фия­мыздың жақ­саруы­на оң әсер етер еді. Сондай-ақ ауыл-ауылдарда қымыз өнді­ретін зауыттар ашылып, жас­тарымыздың жұмыс істеуіне мүмкіндік болар еді.
Шынында да, елімізде арақ-шарап, газдалған сусындар, сыраханалар қаптап кетті. Ал ұлттық сусындарымыз — қымыз бен шұбатты қала тұрмақ, ауылдан табу қиынға соғып барады. Қазір интернеттегі мәліметтерге сүйенсек, елімізде жылына 4 млн 800 мың литрге жуық сыра өндіріледі екен. Ғалымдардың дәлелдеуінше, егер ерлер сыраны көп ішсе, оның еркектік гормондары әлсіреп, бойында әйелге тән қасиеттер пайда болады екен. Ал әйелдер көп ішсе керісінше, еркектік гормондары көбейіп, сәби дүниеге әкеле алмайтын жағдайға жетеді екен. «Қазір Еуропа елдерінде «көгілдірлер» мен «лес­биян­калардың» көбеюі сыраның салдарынан болуы мүмкін», – дейді кейбір ғалымдар.
Қалай десек те, арақ-шарап, сыра, кола дегендерден біржола арылып, (олар­дың зиян екендігін бәрі біледі), қош иісті, дертке дауа, жанға шипа болар ұлттық сусындарымызды пайдаланып, тұтынатын кез әлдеқашан келді. Енді кафе-мей­рамханалар, түрлі тамақтану орын­дары­ның иелері жұртшылықтың арақ-шарап, сырадан жалығып, шаршағандығын түсі­ніп, өздерінің ас мәзіріне ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындарды енгізіп қойса қандай тамаша болар еді.
Абай ЖАНҒАБЫЛОВ, қымыз зерттеуші, медицина ғылымының докторы, профессор:   
— Мен қымыз төңірегінде көптеген еңбектер жаздым. Тіпті докторлық дис­сертациям да қымыз бен шұбатқа ар­налған. Негізі, сүт екі топқа бөлінеді. Бірі – казеиндік сүт болса, екіншісі, альбуминді сүттер тобы. Мәселен, қойдың, ешкінің, сиырдың, түйенің сүттері казеиндік сүттер тобына кіретін болса, альбуминді топқа ананың сүті мен биенің сүті ғана кіреді. Демек, бие сүті – ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Альбуминді сүттердің казеиндік сүттерге қарағанда, құрамы айрықша болады. Мұның асқазанға күш түсірмей, ас қорыту жүйесіне пайдасы өте зор.  Құрт ауруына бірден-бір ем. Сонымен қатар өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршік­терімен (эритро­цит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшей­тетіні анықталған. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүттерге қарағанда ерекше болып келеді. Бұл бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары өте көп. Сондықтан қымызды зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу орталығын ашуымыз керек. Қазір Германия бұл төңіректе көптеген жұмыстар жасап жатыр. Ал біз әлі күнге бие сүтінің адам денсаулығы үшін  пайдасы мол екенін зерделеп, зерттеуді өз деңгейінде жүргізе алмай келеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста