Құлпынай... ақшаны тұр құртып-ай...

Құлпынай... ақшаны тұр құртып-ай...

Көкөніс, жеміс-жидек өсіруді майда-шүйде деп мұрын шүйіре қарайтынымыз рас. Ал негізінде нағыз тиыннан теңге құрайтын табысы мол кәсіптің өзі әрі кірістің көзі де. Мәселен, иісі мұрынды жаратын, дәмі тіл үйірер құлпынайды егіп көріңізші. Көзін таба білсеңіз, көл-көсір табыстың астында қаларыңыз сөзсіз.
Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Қа­ратөбе ауылдық округіне қарасты Бек­тө­бе ауылында жеке кәсіпкер Қайрат Ме­де­уов жылыжайға егілген құлпынайдан тәп-тәуір табыс тауып отыр. Қызанақ пен құл­пынайы қыс бойы үзілмейді. Қайрекең Қы­тайда біраз жыл тұрып, бұл кәсіптің қыр-сырын әбден меңгеріпті. Соңында ала­қанын ысқылап, мұны өзімізде де өсі­руге болады деп түйген. Қызанақ, қияр се­кілді өтімді өнімді жылыжайда өсіру елі­мізде таңсық болмағанымен құлпынай өсіру тыңға салынған алғашқы түрен деуге болады. Өйткені осы уақытқа дейін еліміз­дің еш өңірінде жылыжайда құлпынай өсі­ру­шілер болмаған. Алдағы уақытта жы­лыжай санын көбейтсе, облысты осы өнім­мен қарық қылуға болады деп есеп­тейді кәсіпкер. Құлпынайдың жерде қал­май­тыны анық. Оның ағзаға аса қажетті дә­румендерге бай екенін білетіндер-ақ та­лап әкетеді. Әрі тосап қайнатып алу­шы­лардан да сұраныс көп түседі. Батыс өңі­рінде де құлпынай өсірушілер де, оның тұқы­мын көбейтіп сатушылар да бар­шы­лық. Оңтүстіктегі Төлеби ауданының тұр­ғыны Жұмағұл ақсақал баспасөз бетіне шық­қан жарнама арқылы Орал қаласынан құл­пынайдың ерекше сортын алдырыпты. Атағы жер жарған жарнамаға сенсек, құлпынайдың біреуінің салмағы 200 грам­дай болатын көрінеді. Жылына екі рет өнім бе­ретін ерекше сорттың мақтауын асыр­ған-ақ екен. Поштамен алдырған соң құ­нар­лы топыраққа егілсе де, құлпынай өнім бермеді. Әлде бабын таба алмады ма, әлде жерсінбеді ме, әйтеуір ерте көктемде егілген құлпынай көктей солды. Иә, құлпы­най­дың құпиясын білмесеңіз де қиын. Ал Түл­кібас ауданында құлпынай шаруашы­лы­ғымен айналысатындар аз емес. Мә­се­лен, 10 сотыққа құлпынай ексе, күн сайын 120 келідей өнім алуға болады екен. Бір ке­лісінің бағасы көтерме саудада биыл 400 теңгеден түскен жоқ. Еліміздегі ең арзан өңір саналатын оңтүстікте биылдың өзінде таңқурай мен құлпынайдың бағасы аспандап тұр. Сатып алармандарға қымбат болғанымен, өнім өсірушілерге пайдасы мол. Әрі төккен терді ақтайды да. Бір ар­тық­шылығы – жыл сайын тұқым іздеп әуре болмайтындығыңызда. Көпжылдық өсім­дік болған соң, баптауын білсеңіз болғаны. Бір рет еккеннен кейін оның жыл сайын то­пырағының құнарын арттырып отыру ке­рек. Өнімді өзі-ақ өкіртіп береді. Мол өнім алу үшін оның тек жақсы сорттарын ғана таң­дап алған жөн. Құлпынайдың «Шпан­ка», «Миландық», «Гүлжан» атты сорттары бар. Ең алғаш жабайы құлпынай Испания мен Италиядан әкелінген екен. Содан жер­сін­діріліп тұқымы тарай бастаған. Жы­лы­на екі рет өнім беретін түрлері бар. Су­сүйгіш өсімдік болғандықтан, оны қата­лат­пай жиі суғару керек. Картоптың жауы саналатын ко­лорадо қоңызы да құлпынайға өш. Зиян­кестерден залалсыздандырудың жо­лын біліп алу да артықтық етпейді. Қыс мез­гіліне дайындаудың да өзіндік ере­желері бар. Қатты суық болған жылдары та­мырлары үсіп қалуы мүмкін. Осыдан сақ­тану үшін оны ағаш үгінділерімен не бол­маса жылқының тезегімен көміп тас­тау­ға кеңес береді мамандар. Егер 10 со­тыққа құлпынай ексеңіз, одан үш тоннадан артық өнім жинауға болады екен. Әр ке­лісін 400 теңгеден өткізсеңіз, есептей бе­ріңіз ақшаның кені деген – осы. Отбасылық биз­несті өркендетудің төте жолы да – осы. Ауыл­­дық жерлерде жұмыс таппай сенделіп жүр­гендер гектарлап емес, үйіргелік же­ріне егіп байқап көрсе де болады. Тұқымын жер­ге тигізбей талап кететініне кепілдік бар. Өзбекстан жақын болғандықтан кө­біне таңқурай мен құлпынай сол жақтан әке­лінеді. Ал жергілікті өнім ілуде біреу-ақ. Биыл тіпті таңқурайдың бір келісі 600-650 тең­геден түспей қойды. Тіпті 700 теңгеден де саудалағандар баршылық. Иә майдалап өнім беретін өсімдіктің дорбалап табыс тү­сіретіні де бар. Ендеше...
Толқын ШАЙДУЛЛА, агроном:
   – Ауламыздағы тоқымдай жерге аз ғана құлпынай еккенбіз. Өнімі де жа­ман емес. Көршілеріме сатып, аз-маз та­быс та таптық. Негізі, оған аса бір ерек­ше күтімнің қажеті де жоқ. Жақсы тұ­қымын алып, еккеннен кейін өзі-ақ өсіп, өнімін бере береді. Дер кезінде су­ғарып, түбін қопсытып тұрсаң бол­ғаны. Отбасылық қоржынды қомақ­ты­ландырудың таптырмас тәсілі деуге бо­лады. Кәсіптің көзін таппай жүр­гендер болса, құлпынай шаруа­шы­лы­ғымен айналысса кәсібі өрге до­малары сөз­сіз.

Құлпынай-кеңес
Құлпынай – дәрумендерге өте бай. Құрамында ағзаға аса пайдалы С дәрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дәрумен жетіспей әлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы. Ағзаны артық шлактан тазартып, зәрді және терді айдайды. Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежеуге сеп. Дәрігерлер шылым шегетіндерде қатерлі ісіктің пайда болуы мүмкіндігін жиі ескертеді емес пе, сондықтан да осы жеміс жаман аурудың алдын алатын болғандықтан, жиі жеу артықтық етпейді.

Құлпынай-ақпарат
Иісі жұпар, дәмі бал жидекті ғалымдар зерттеп көрмек болыпты. Соған орай америкалық ғалымдар16 000 әйелге тәжірибе өткізген. Оларға сонау 1976 — 2001 жыл аралығында өздерінің әдеттерін жазуға берілген арнайы анкетаны үлестіріпті. Сөйтсе, нәтиже ғалымдардың өзін таңғалдырыпты. Құлпынайды өте жиі жейтін әйел адамдардың миының еңбек қабілеттілігінің кему қатері аз болады екен. Зерттеушілер құлпынайдың мидың қартаю процесінің, ми әрекетінің когнитивті бұзылуының алдын алмаса да, баяулататынын анықтапты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста