Құбыжық қуыршақтар

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың қолынан аяқ-қолы ұзын, түрі ұсқынсыз, не жануарға, не адамға ұқсамайтын ойыншықтарды жиі көретін болдық. Ең қызығы осындай ойыншықтарды балаларға ата-аналардың өзі сатып әпереді.

Бүгінде трендке айналған қорқынышты қуыршақтардың Хаги-Ваги, Киси-Миси деген атаулары бар. Олардың құбыжық түрінене бала түгіл үлкендердің өзі шышырлықтай. Дүкендерде түр-түсі ұсқынсыз осындай ойыншықтарға сұраныс артқан. Базарлардағы сатушылардың айтуынша, соңғы жарты жылда бұлар ең өтімді тауарға айналыпты. Сатылымда ойыншықтың түрлі өлшемі, түсі бар. Сатушылар бұл ойыншықтарды кішкентайлардың арнайы іздеп келетінін айтады.

Балалардың ойыншық ойнағаны жақсы-ақ. Дегенмен мамандар ата-аналарға мұндай құбыжық бейнедегі ойыншықтарды балаға әпергенше, оның логикасын кеңейтіп, қызығушылығын оятатын дүниелерге назар аударуға кеңес береді. Алайда ойынқық сататын сатушылар ата-аналары бұл  қуыршақты баласына қанша әпергісі келмесе де, кішкентай сатып алушылар бой бермей алғызатын көрінеді. Қаладағы әр сауда нүктесінде шамамен күніне 15-20 қуыршақ сатылады екен.

«Балаларыммен ойыншық сататын базарларға бармауға тырысамын. Өткенде үш баламды ертіп бара қалған едім, олар әлгі Хаги-Ваги, Киси-Миси деген ойыншықтарға жабысып алды. Басқа ойыншықтармен алып, тәттілер әперіп, әрең алдадым. Өйткені олар бала-бақшада да осындай ойыншықтармен ойнайды, басқа балалардың қолынан көреді, балалар өзгеден көргенін алғысы келіп тұрады емес пе? Бірақ мен қуыршақтың түріне қарап әпергім келмеді, оның үстіне қымбат екен, кемінде 8-9 мың тұрады», – дейді алматылық ата-ана Мақпал Тәженова.

Хаги Ваги деген не десеңіз, бұл  Poppy Playtime 16+ ойынының кейіпкері екен. Жасөспірім балалар ойнайтын бұл ойында тірі қалу үшін күресетін қорқынышты сюжет көрсетіледі. Ойыншықтың сыртқы келбеті балаларға қызық, күлкілі көрінеді екен.

 Маман пікірі

Аида Мамыр, психолог:

Себепсіз жылайтын балалар көп

–        Айналасын енді танып, дамып келе жатқан бала үшін кез келген ойыншық қызық. Бірақ ата-ана баласының қандай ойыншықпен ойнайтынына мін беру керек. Өйткені қорқынышты ойыншықтар баланың психикасына кері әсер етуі мүмкін. Себебі баланың психикасы толық қалыптаспағандықтан, жақсы мен жаманды, шындық пен өтірік әлемді ажырата алмайды. Қазір балалардың арасында түнде шошып оянғыш, себепсіз жылайтын балалар көбейді. Мұның бәрі баланың күндіз көрген дүниелерінен алған әсері. Балалар гаджеттен қандай мультфильм көретініне жіті назар аударған жөн. Олар мультфильмдердегі кейіпкерлерді қолына ұстап ойнағысы келеді.  Қазіргі кезде анимациялық фильмдердің бәрі бірдей мейірімділікті көрсете бермейді, қатігез ойындар мен мультфильмдер көбейді. Сондықтан бала дұрыс даму үшін оның қалыптасуына септігін тигізетін ойыншықтарды алып беру керек. Тек ойыншықтарды балаға ұсынып қана қоймай, баламен бірге ойнап, оның қызығушылығын арттыру да ата-ананың міндеті. 

Айнұр Сенбаева 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста