Қорғансызға қорған болған...

Қорғансызға қорған болған...

Қашанда құқығы тапталған азамат полицияға жүгінеді. Алайда, өкінішке қарай, әркез олардан пана таба бермейді. Кейбір полиция қызметкерлері кәсіби біліктілігінің төмендігінен бе, не болмаса басқа да себеп­тер­мен, әйтеуір, арызды тіркеуге асықпай, жедел іс-қимыл жасаудың орнына уақыт оздырып, жүріп алады. Мұн­дай жағдайда жәбірленуші прокуратураға жүгінуге мәжбүр. Осындай оқиғаның бірі Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында орын алған.
Қорғансыздың күнін кешкен жәбір­ле­ну­шінің айтуынша, бұл оқиға өткен жыл­дың тамыз айында Сарыағаш ауданының Қызылжар ауылында орын алған. Зұлым 14 жастағы қаршадай қызға қиянат жасап, арын аяққа таптап, өмірін өксіткен. Жәбір­ленуші тарап жергілікті Ішкі істер бөліміне арыз түсірген. Бірақ не себеп екені белгісіз, тергеуші жедел іс-қимыл жасаудың ор­ны­на уақытты созып, жүріп алған. Ары тап­тал­ған қызы үшін қан жұтып, ақиқат іздеп, шы­­рыл­даған ананың зарына құлақ ас­па­ған.
Б.ДОҒАЛАҚОВА, арызданушы.
– Мен бала-шағаммен Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылы Сақыбек-ата көшесінде орналасқан И.Сарып­бе­ков­тің үйін жалға алып тұрып жатқанмын. 2012 жылғы тамыз айының 18-жұл­ды­зы күні кешкілікте сағат 18:30 шама­сын­да үйге келгенімде, 14 жасқа тол­маған қызым алдымнан жылап шығып: «Үй­дің иесі И.Сарыпбеков мені зор­лады, ойына келген іс-әрекеттер жаса­ды», – деп айтты. Ашуға булығып, ол кісіні іздедім. Бірақ ол кісіні таба алма­дым. Содан ертесіне көз жасымды көл қылып, құқығымды қорғайды деп поли­ция қызметкерлеріне барып, арыз­дандым. Арыз бойынша істі Сары­ағаш аудандық ІІБ-нің тергеушісі Б.Ра­хым­беков жүргізетін болды. Тер­геушіге түсініктеме жазып бердік. Сосын қызым­ды сараптамадан өткізіп, қыл­мыс­керді табуын өтіндім. Бірақ ол қызымды сот сараптамасынан өткізуге жолдама бермей, жүріп алды. Барсам, үнемі «орнын­да жоқ» деген жауап алдым. Ұялы теле­фонына қоңырау шал­ға­­нымда жауап бермей, қашқа­лақ­тап жүрді. Сөй­тіп, не істерімді, кімге шағым­данарымды білмей жүргенімде арада сегіз ай өтіп кеткенін де бай­қа­май қалыппын. Ал қылмыскер И.Са­рып­беков ешқандай жауапкер­шілікке тартылмай, емін-еркін бостан­дықта жүрді. Бір күні аудандық ІІБ-нің бас­шы­ла­рына барып арыздандым. Қыл­мыс­керді тауып, жазаға тартуын сұрадым. Бірақ бұл жолы да ешкімнен ешқандай оңды жауап болмады. Тауым шағылып, амалым таусылып, жылап-еңіреп жүр­генімде біреулер проку­ра­тураға арыз­дануға кеңес берді.Осыдан кейін Сары­ағаш аудандық проку­ра­ту­расына келіп, болған мән-жайды айтып, арыз­­дан­дым. Сарыағаш ауданының про­куроры Хали Маматаев менің ары­зым­ды қабыл­дап, қылмыскерді табу және оны ұстап, қамауға алу жайлы нұсқау берді. Аудан прокуратурасының қызмет­кер­лері дереу тексеру амалдарын жүргізді. Үйіме келіп, менің қатысуымда қызым­нан, менен және тағы басқа да аза­мат­тардан түсініктеме алып, айып­та­лу­шының үстінен ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Көп ұзамай қашып жүрген қылмыскер ұста­лып, қамауға алынды. Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызмет­кер­ле­ріне менің алғысым шексіз. Солар­дың арқа­сын­да әділдік үстемдік құрды.
Сарыағаш ауданы прокуратурасы қыз­мет­керлерінің азаматтардың консти­ту­ция­лық құқығын қорғауы бұл бір жағдай ғана емес. Өткен жылы Сарыағаш ауданы Қап­ланбек ауыл әкімшілігіне қарасты елді мекен тұрғыны жұмыстан заңсыз шыға­рыл­ғаны туралы прокуратураға арыз­да­нуға мәж­бүр болған. «Мен заңсыз жұмыс­тан боса­тыл­ғаным жайлы аудандық білім бөліміне де, аудан әкімдігіне де, тіпті «Нұр Отанға» да бардым. Бірақ нәтиже бол­ма­ды. Содан соң аудан прокуратурасына арыз­дан­дым. Про­ку­рордың тікелей ара­ла­суы­мен ғана ақиқат орнап, қайта жұмысқа тұр­дым», – дейді про­куратура қызмет­кер­ле­ріне алғысын жет­кіз­ген №52 мектептің мұ­ғалімі, көп балалы ана Ләззат Баба­құ­лова.
Әрине, әділдіктің үстемдік құрғаны дұрыс-ақ. Алайда жауапты орын­дар­дың өз міндетіне салғырттық танытып жататыны өкінішті. Бәлкім, бұл оларға қатысты жаза­ның жеңілдігінен де болар. Өйткені көп жағ­дайда азамат­тар­дың заңдық құқы­ғын ескер­меген­дер ескертумен құтылып кетіп жатады. Мысалы, қаршадай қызды зорлау фактісіне қатысты істе қызметіне сал­ғырт қараған тер­геу­ші Б.Рахымбеков тәртіп­тік жазаға тар­тыл­ған.
Сейітхан ЗЕБЕРХАНҰЛЫ, ОҚО прокуратурасының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің маманы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста