Қоқан арба "қоқаңдап" төрімізде тұра бере ме?

Қоқан арба "қоқаңдап" төрімізде тұра бере ме?

Шымкенттен сансыз бабтар мекені Сайрамға қарай шыға берісте Қоқан арбаның ескерткіші қойылған. Доңғалақтары дәу мұндай арбаны қазақ ешуақытта да пайдаланбағанын тарихтан білеміз. Болса ат арба, болмаса түйенің қомына-ақ бар жүгін артып жүре берген. Есесіне қаншама жылдар елімізді құрсауда ұстаған Қоқан хандығынан қалған бір белгі сықылды. Соны «мақтаныш» тұтқандай төрімізде «тайтаңдатып» қойғанымыз қалай болар екен?
Көргенде көңілді марқайтып емес, мазақ етіп тұрғандай ескерткіш есепті белгінің тарихына үңіліп көрмек болғанбыз. Не үшін қойылған деген күдік те кеудені кеулегені бар. Алдымен білсе осылар білер деген оймен облыстық мәдениет басқармасына хабарластық. Тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің маманы Асылхан Алпысов дәл осы қоқан арбаның тізімге алынбағанын айтты. Ол үшін 60-70 жыл өтуі тиіс екен. Ал оның қойылғанына 3-4 жыл ғана өтіпті. Тізімге алынбаған соң оның не үшін қойылғаны, тарихы туралы да мәлімет жоқ әрине. Оның қала төңірегіндегі сәулетіне сәйкес келмеуі, қала ансамбліне сәйкес келмеуі де мүмкін деп иығын қиқаңдатқан маман бір білсе солар білер деп Қала құрылысы және сәулет бөліміне жөн сілтеді. Осындағы бөлім меңгерушісі Алмас Көбеев болса бұл ескерткіш-белгінің Шөкеевтің кезінде қойылғанын алға тартты. Алматылық «ЖанАРТ» ЖШС-і тапсырысты орындағанын, авторы Асқар деген суретші екенін айтып, бірақ фамилиясын есіне түсіре алмады. Ол тізімге тіркелмегенін айтып мүмкін қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің тізімінде бар шығар деп сырғытты. Мұндағы бөлім меңгерушісі Ерубай Құралбаев ол белгінің әлі пайдалануға берілмегенін айтты. Тек білетіні 2006 жылы сәулет басқармасы тарапынан қойылғанын жеткізді. Астана қаласынан дизайнерлер, сәулетшілер келіп сызбасын сызғанын, оның қалалық сәулет және архитектуралық кеңестен өткенін жеткізді. Сонымен бұл ескерткіш-белгінің не үшін қойылғанын, оған қанша қаражат жұмсалғанын жауапты мекемелер жауабын айта алмады. Әрі әр қайсысының жауабы аққу көкке, шортан көлге дегендей әр жаққа тартады. Бар кінәні командаға аударуға тура келді. Біз солай түйіндедік. Өйткені бүгінде бір әкім келсе бүкіл командасын шұбыртып жүретін болды ғой. Кетерінде де шұбыртып кетеді. Содан мұндағылар олардың атқарған жұмысынан бейхабар болып шығады...
Тарихты білмейтін мамандардың құлағына «алтын сырға» тағайын деп едік. Алматыдағы «Арыс» баспасынан 2005 жылы жарық көрген “Тараз энциклопедиясы” мен «Отырар энциклопедиясында» тың деректер келтірілген. Мархабат: «Қоқан хандығы (1710 – 1876) – Ферғана жазығында ХVІІІ – ХІХ ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан қаласы. 1808 – 1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары болып саналады. Қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды. 1826 жылы Әулиеата бекінісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымдары жылына түндік басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы қазынасына төлеуге тиісті еді. Оның үстіне соғыс кезінде қару ұстауға жарайтын әрбір қазақ Қоқан бектерінің қол астында әскери қызмет атқаратын. Осындай езгіге қарсы қазақ халқы талай рет бас көтерді (1821, 1858). Бұл қозғалыстар жақсы ұйымдастырылмай жеңіліске ұшырады. Қоқан билігіне қарсы шыққан Байзақ датқаны қоқандықтар 1864 жылы тамыз кезінде Шымкентте зеңбірек аузына байлап атады.... Атақты батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізгені белгілі. Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосып, атақты Созақ қамалын қоқандықтардың қолынан азат етуге тікелей атсалысты. Хан әскеріне он сегіз күн бойы алдырмаған бекіністі, Кенесарының соңғы үміті – Жанқожа бастаған Шекті батырлары атойлаған шабуылдарымен шеп бұзып алған дейді көнеден жеткен куәгерлердің айтуы»...
Тарих осылайша сыр шертеді. Тарихқа тас атқалы отырған да ешкім жоқ. Дегенмен қандай да бір ескерткіш, не белгі қоярда қазақтың бетіне шіркеу болмайтындай, жерге қарататын емес абыройымызды асқақтататындай етіп қойылса деген ізгі тілегіміз бар...
Там-тұм тарих
Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 м-ге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды «қоқан арба» деп атаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста