Қоғамдық көлік пе, қора ма?

Еліміздің ірі қалаларында көліктің барлық түрі бар. Велосипедтен бастап, автобус, троллейбус, метро, поезд дейсіз бе, ұшақ, барлығы мегаполистегі жолаушыларды тасымалмауға қызмет етеді. Қоғамдық көлікке отыруға кез келген адамның құқығы бар. Десек те, көпшілікке  арналған көліктерде жүрудің өзіндік ережелері бар екенін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің де өз міндеттері болатынын білгеніміз жөн.


Таяуда Алматыдан қаланың шеткері ауылдарына қатынайтын
автобусқа отырдым. Аялдамадағы көлік қозғалайын деп тұрған соң,
автобусқа мініп үлгерейін деп жүгіріп кірдім. Автобус жүріп кетті. Көлікке
кіре салғанда жағымсыз иіс қолқамды алды. Орын тауып отырған соң
айналама қарасам, автобустың іші лас, орындықтары дақтан көрінбейді,
терезелерінің сүртілмегеніне біраз болғаны көрініп тұр. Әлгі көлік
соншалықты ескі де емес, бірақ автобустың ішін жай ғана лас деп айта салу аздық етеді, айнала жағал-жағал кірден көрінбейді. Кіре салғанда
байқамаппын, алдыңғы есіктен кіреберісті біреу тіпті ойрандап кеткенге
ұқсайды, содан да автобустың ішін жаман иіс алып кеткен.
Келесі аялдамадан түсіп қалмақ болдым. Бірақ қалай да жүргізушіге
мынандай сұмдықты ескертпей кетуге болмайтынын ойлап, алдыға қарай
ұмтыла бергенім сол еді, ең алдыңғы орындықтат отырған жолаушы,
әлдебіреуге телефон шалып, шағым айтып жатқанын естідім. Өзін Сергей деп таныстырған жігіт әдейі дауысын шығарыңқы етіп сөйлесті:
– Алло, бұл автобус паркі ме? Алматыдан Талғар трассасы арқылы
ауылдарға қатынайтын «пәленінші» (ред) автобуста отырмыз. Автобустың іші лас, құсық, иісі қолқамызды алады. Автобустың жүргізушісі неге көліктің ішіндегі тазалыққа, тәртіпке мін бермейді. Қоғамдық көлік адамдарды тасымалдайды емес пе, әлде сіздер отын таситын ба едіңіздер? Бұл неткен бассыздық, шар қолдануларыңызды сұраймын, – деді.
Автобустың ішіндегі жолаушылардың көбі бір адам айтып жатқан соң
үндемеді ме, әлде қоғамдық көліктердің осындай күйіне еттері үйреніп
кеткен бе, әйтеуір «сен тимесең, мен тиме, бадырақ көз» деп жайбарақат
отыр. Мен де әлгі шағым айтқан жігітке қолдау білдіріп, автобустың
жүргізушіне барып ескерту жасадым. Жүргізуші орта жастан асқан
үолкендеу кісі екен.
Аға, келесі аялдамада орныңыздан тұрып, салонның ішіне бір кіріп
көріңізші. Мынандай лас автобуспен адам тасимыз деп айтудың өзі
ұят емес пе? Жолаушылардың шағымданатындай жөні бар, – дедім.
Жүргізуші тазалыққа қарайтынын айтып ақталып-ақ жатыр. «Жаңа
ғана бір ішіп алған мас жолаушы отырған еді. Оны түсіріп тастауға
шамам келмеді. Сол автобус салонының ішін бүлдіріп кеткен ғой» дей
бергені сол еді, жүргізушіге автопарк диспетчері хабарласып,
жолаушылардың шағымданып жатқаныны айтты. Жүргізуші келесі
аялдамаға автобусты тоқтата салысымен, шелегіне су құйып алдыңғы
есіктің кіре берісін тазалай бастады. Ішінен шағымданушыны, бәлкім
мас жолаушыны сыбап жүргені өрт сөндіргендей түнерген түінен
көрініп тұрды.
Дәл осы көріністен жүргізушінің өз міндетін дұрыс білмейтінін,
жолаушылардың қоғамдық көлікте өзін өзі ұстау ережелерін
сақтамайтынын айқын көруге болады.
Сергей, жолаушы:

– Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын әрбір
адам ең алдымен тазалықты, тәртіпті бірінші орынға қою керек деп
есептеймін. Әсіресе, қоғамдық орындарда көпшілікпен жұмыс істейтін
адамдар өзінің қандай жұмысты таңдап келгенін, міндетінің қандай
екенін айқын білуі керек. Егер жұмысы ұнамаса, орынды бостақаны
абзал. Мен де бір кездері қоғамдық көлікте кондуктор да, жүргізуші де
болып жұмыс істедім. Сондықтан бұл жұмыстың қыр-сырын білемін.
Жүргізуші әр соңғы аялдамаға жеткенде салонның ішіндегі тазалыққа
мән беріп, тазалап, желдетіп, жуып шығуы керек. Кейде
жолаушылардың заттары қалып қалады. Оны да байқап, алып қою,
тиісті жерге өткізу жүргізушінің міндеті.
Иә, әзірге біздің елде тек шағымданумен, айыппұлмен ғана
азаматтарды тәпртіпке шақыруға тура келеді. Өйткені кейбір
адамдардың мәдениеті, таным-түсінігі таяз екенін мойындауымыз
керек. Әркім өз үйін, ауласын қалай таза ұстайды, дәл солай
қоғамдық ороындарда да тазалықты сақтаса, өз қаламыз, даламыз,
еліміз, жеріміз жайнап тұрмас па еді. Қоғамдық көлікпен тек өзіміз
ғана емес, шетелден келген туристер де жүреді. Осындайды көрсе,
олар еліміз туралы не ойлайды.


Қоғамдық көлікте жүру ережесін біле жүріңіз!
Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білудің маңызы өте зор, өйткені
мәдениеттілік адам туралы жағымды пікір қалыптастырады.
Күнделікті жүретін қоғамдық көлікте жүру ережесін білгеніңіз өзіңіз
үшін де, басқалар үшін де пайдалы.
Қоғамдық көлікке мінбес бұрын ішіндегі адамдардың түскенін күтіңіз.
Есікке қарай ұмтылып, жолаушылардың көліктен түсуіне кедергі
жасамаңыз! Мүмкіндігінде, қарт адамдар мен балаларға, жүкті
әйелдерге көліктен түсуге көмектесіп жіберіңіз!
Арқаңызда үлкен рюгзак немес сөмке болса, төмен түсіріңіз. Тіпті
жаныңыздағы орын бос тұрса да, заттарыңызды, сөмкелеріңізді бос
орынға қоймаңыз!
Автобусқа кіре салысымен бос орынға жайғасуға асықпаңыз. Ең
алдымен қоғамдық көліктердегі отыратын орын мүгедек, қарт, жүкті
әйелдерге арналған. Егер басқа да бос орындар болса, отыруңызға
болады.
Метроның есігін бірден жібере салмаңыз. Соңыңғыздан келе жатқан
адам риза болады. Бұл тек тәрбиелілік қана емес, адамға ыңғайсыздық
тудырмау болып саналады. Өйткені ауыр есік қатты жабылса, адам
жарақат алып қалуы да мүмкін.
Қоғамдық көлікті иісі қатты шығатын, шашылатын, төгілетін,
жағылатын тағамдарды жемеген жөн. Балаңызға балмұздақты көліктен
түскеннен кейін де алып беруіңізге болады.
Жауын-шашынды ауа-райында қолшатырмен көлікке кіргенде оны
сілкімеңіз, басқа жолаушылардың үстіне су шашыратып алуыңыз
мүмкін. Қолшатырды төмен қаратып, жабық күйде ұстаңыз!
Қоғамдық көлікте отырған кезде телефон, скайп арқылы қатты
дауыспен сөйлеседі немесе киноны дауысын қатты шығарып көреді.
Бұл басқа жолаушыларға кедергі болады.
Өзге жолаушы кітап оқып отырса, смартфонқа қарап отырса, оның
қасында отырып, мойныңызды созғаныңыз да дұрыс емес.
Қыз-келіншектердің қоғамдық көліктерде шашын жаймай, жинақы
жұргені дұрыс.
Айнұр Сенбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста