Шымкенттегі Cалауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Жарық Әлем» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа қарсы насихат» тақырыбында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған семинар өтті. Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, жыл сайын шамамен бірнеше жүздеген адам осы дертке шалдығады екен. Оның ішінде 13 пен 30 жас аралығында жастар көптеп кездесуде.
Бұл реткі көшпелі семинар өткізудің себебі, нашақорлық мәселесіне байланысты қалам тартып жүрген тілшілердің біліктілігін арттыру. Осымен еліміздің бес қаласында болып, есірткінің Қазақстанда оңай таралуының себептерін түсіндіріп, оның қуатын әлсіретудің жолдарын айтып өтті.
Науат АЙТУҒАНОВА, «Жарық Әлем» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары:
– Бастысы – әлемді дендеп бара жатқан індеттің ел аумағында кең етек алуының алдын алу. Сондықтан семинарды халық тығыз орналасқан Қарағанды, Астана, Алматы, Қызылорда мен Шымкент қаласында өткізіп жатырмыз. Журналистерге нашақорлыққа қарсы мақалаларды дұрыс жазуын сондай-ақ телеарналардағы жаңалықтарды немесе бағдарламалардың қалай жазылуын үйретіп жатырмыз..
Жиын қатысушыларына нашақорлыққа қарсы насихат жүргізіу тәсілдері туралы көптеген практикалық дүниелер айтылды. Мамандардың пікірінше, бүгінде Алматы облысы нашақорлардың санынан көш бастап тұр. Одан кейінгі – Қарағанды, Павлодар облыстары. Шығыс Қазақстанда да есірткіге есі кеткендер саны аз емес.
Қоғам болып күресетін дерт – нашақорлық
Последние статьи автора