Қажетке жарайтын әжетхана бизнесі дамыды ма?

Қажетке жарайтын әжетхана бизнесі дамыды ма?

Театр киімілгіштен басталатын болса, мәдениет пен тазалық әжетханадан басталады дейді білетіндер. Расында, қоғамға қызмет етіп келген осы орындар кезінде нарықтың алпауыт көмейіне жұтылып кетті. «Тегін ет тек тышқан аулағышта ғана болады» деген ұран барлық жерге табанын нық тіреді. Әжетіңізді өтеу үшін енді тек тиын төлеп кіруіңіз керек. Майда-шүйде болып көрінгенімен, нағыз табысты бизнес көзі дейді сарапшылар.
Теңгенің күші тиында екені рас. Орташа есеппен 20 теңге талап етілетін орында күні­не мыңдаған табыс түсіп жатады. Әж­ет­хана қожайындары шырт түкіріп, май шай­қап отыр осы себептен. Ал дәретхана биз­несінің дәурені дәуірлеп тұр десек те болады. Егер дәл осы кәсіп саласынан бағымды сынап көрем деушілер болса, осы нысан аз ақша тұрмайды. Кемі 10 мың АҚШ доллары көлемінде. Ірі қалаларда одан да қымбат. Бірақ шы­ғарған шығынды бірнеше айда-ақ өтеп алуға болады екен. Аты ұяттылау бол­ғанымен де табысы мол кәсіп. Нарық заманы дендей ене бастаған алғашқы жылдары ақылы әжетхана деген таң көрінгені рас. Бірақ көп өтпей-ақ еті үйреніп кетті халықтың. Шынында, бүгінде біреу нанын шаштараздан тауып отырса, бірі етік тігіп, ал енді бірі осы әжетханадан күреп табыс тауып отыр.
Осындайда қоғамдық әжетханалар қал­мағанына көзіңіз жетеді. Яғни тегін дә­ретхана. Расында, адам аяғы басылмайтын базарларда, саябақтарда қос-қос дәрет­ха­на болғанымен, көше бойлай не болмаса жерасты өткелдерінде жоқ. Аса қажетті ны­сан­ды өткел қожайындары қажет деп тапса қалдырады, қажетсінбе­ген­дер жауып тастаған. Мега-орталық­тарда, ірі сауда ор­ын­дарында, әрине, тегін «ханалар» бар. Аурухана, емхана, түрлі кеңселерде келіп-кетушілердан ақша алмайды. Алайда ой­да-жоқта көшедегі жеке бір кеңсеге кіре қояйын десеңіз, күзетшілері ит қосып қуа­ры анық. Орталық көшелерге неге қоғам­дық әжетхана салмайды деген ой туын­дайды. Саябақтағы, базардағының бәрі же­кенің қолына өтіп кеткелі қашан. Қыз­метіне ақшаны шытыралатып тұрып санап алатын осы орындарда сапасы қыз­метіне сай ма? Бәріне бірдей топырақ шашуға болмас. Алайда иісі мүңкіген, тазалықтан жұрдай орындардың жоқ емес екендігін де жасыра алмаймыз. Иелеріне ескерту жасасаң, ашулы иттей арс ете қалады. Ол­ар­дың міндеті тек теңге табу ма деп қала­сың.
Оңтүстіктен Алматыға қарай автобуспен жолға шықсаңыз, жол жағалай орна­лас­қан тамақтандыру орындарындағы әжет­хана деген аты бар шіркіндердің таза­лық атаулыдан жұрдай екеніне көз жеткізесіз. Көрсететін қызметі алатын ақысына сай болса бір сәрі. Ал базардағы орындар туралы тіптен ауыз ашудың да қажеті жоқ сияқты. Тәбетті қашырып, жүректі айнытатын мұндай орындарды атынан садаға кетсін демеске амал жоқ..
Дәретхананы таза ұстаудың тиісті нормаларын ендіру де қажет сияқты. Дәрет­хана мәселесі ешуақытта да қоғамның назарынан тыс қалмақ емес. Оған дәлел, был­тыр Алматы әкімінің ел алдындағы есеп беру жиынында депутаттар дәрет­хана мәселесін көтеріп, елді дүр еткізді. Сөйтсек, орталық алаңдар мен халық көп қоныс­танған Алмалы ауданында бірде-бір әжет­хана жоқ екен. Басқа өңірдегі әріптестері де алматылық депутаттар сияқ­ты сергек қараса ғой. №1 мәселеге бейтараптық танытпай, халық көп жүре­тін жерлерге қо­ғамдық дәретханалар ашу қажет-ақ...

Унитаз тарихы
Алғашқы унитаз біздің эрамызға дейінгі І ғасырда Қытайда пайдаланылған дейді. Ал зерттеу нәтижелерінің негізінде Отырар қаласында дәл осының X-XII ғасырда қолданылғаны белгілі болған. Құнды қазынаны археологтер әу баста ыдыс деп ойлаған көрінеді. Бір қызығы, өркениеттің бәрі сол жақтан басталады деп есептелінетін Еуропада унитаз қолданысқа тек ХVII-ғасырда ғана енген.

Әжетханалар сайысы
Былтыр Қызылжарда әжетханалар сайысы болды. Елімізде алғаш рет ұйым­дас­тырылған мұндай дода талайларға таң көрінгені рас. Супермаркеттер мен дәмхана, дүкендерден, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер де әжетхана атағы үшін сынға түсті. Жеңімпаздарға әжетхана жабдығын шығаратын ең үздік фир­маның өнімі сыйға тартылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ерік­кеннің ермегі емес, қоғамның назарын тазалық мәселесіне аудару болыпты.
Әжетханалар күні
Бұл атаулы күн 2002 жылы 19 қараша деп белгіленген. Осы жылы ең таза әжет­ха­налар елі саналатын Сингапурде әжетхана мәселелеріне арнал­ған әлем­дік дең­гейдегі конференция өткен болатын. Әлемнің 17 елінен 200-ден астам адам қатысып, әжетхананы дамыту мәселелерін талқылады. Әлем­де дүниежүзілік әжет­ханалар ұйымы бар. Олар әжетхана төңірегіндегі мәселелер­мен айналысады.

Ерубай Құралбаев, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы:
– Бұрыннан жұмыс істеп келе жат­қан орындар бүгінде жекенің қолына жалға берілген. Оларды күтіп ұстауы үшін. Абай саябағында, Орталық сая­бақта, Қошқар ата өзенінің бойын­дағы қос-қос әжетханалар тозып кетпеуі үшін жалға берілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста