Қазақтың "ковбойлары" неге қалаға құмар?

Ковбой – (ағылшынша cowboy, cow – сиыр, boy – жігіт) АҚШ-тағы малшылар қауымына қатысты айтылған. Біздегі қойшылар іспеттес. Олар АҚШ-тың дәл қазіргі жағдайға жетуінде қажырлы еңбек еткен жандар. Тарихына жүгінсек...

Ковбойлар дәуірі 1865 жылдан басталған. Олар Техас штатында әбден қараусыз қалып жабайыланып кеткен ірі-қараны қайыруда қайсарлық танытқан. Ол кезде мал иелері өздеріне тиесілі жерді қоршамайтын болған. Сондықтан қолындағы мал тағыланып, өзге шаруалардың малына қосылып жайыла беретін. Ковбойлар малды қайырып отыруды, қорғауды және белгіленген жерге айдап апаруды өздеріне міндеттеп алды. Тиісінше, төлемақысы да қомақты болатын. Бір ғажабы, олардың өз қолдарында малы болмағандықтан, жалданып жұмыс атқаратын. Бірақ келе-келе аталған жандардың мәртебесі арта түсті. Олардың мәртебесінің артуымен мал шаруашлығы да өркендей берді.
Астына жарау ат мінген, басында қалпағы, қолында арқаны, беліне екі бірдей «кольт» тапаншасын қыстырған, джинси киген (қазіргі біз құмартып киетін джинсиды алғаш дәл осы ковбойлар киген) ковбой бүгін де әлемдік брендке айналды. АҚШ-тағы ауылшаруашылығының өз алдына өркендеп отырғанын айтып жатудың өзі артық.
Демек, малшының мәртебесін арттыру арқылы ауылшаруашылығын өркендетуге әбден-ақ болады.
Біздегі жағдайда дәл осы мәртебе мәселесі өзекті. Өйткені, жастар қауымы ауылда қалып, малмен айалысуға құлықсыз. Олар оқу бітірісімен қалаға асығады. ЖОО-ларға түссе түсті, түспесе күзетші болып күн кешпек.
Анығында, басқа киетін ұлттық бөркіміз де, баптап мінетін арғымақ та, белге тағатын кісе де, бастысы, мал баққанға жеріміз де жетерлік. Алайда біздегі қойшының мәртебесі американың ковбойынікінен төмен. Неліктен екен?
Тиісті идеология жоқ. Жұмысын аяқтап келіп тыныстап отырған ковбой, аузына «Малборо» маркалы темекісін қыстырады да құшырлана сорып, жайылып жүрген малына қарайды. Сол жарнама көрсетілген күннен «Малборо» маркалы темекі, шылым шегуге құмартқан әр қазақтың қалтасынан табылып жүрді.
АҚШ шаруалары Ранчоларда тұрады. «Ранчо» – мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы орта. Онда жайылымдық жер, қора және шаруаның өзі тұратын үйі болады. Ауылшаруашылығына ден қойған әрбір американдық сонда тұрып жұмысын атқарады. Тиісті техникасы да мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер арқылы алса, өндірілген өнімнің өткізілуі де қиындық туғызбайды. Сонымен қатар өндіру барысында шыққан шығын мемлекет тарапынан толығымен өтеледі.
Мал бағу – қазақ халқының ата кәсібі. Демек, АҚШ секілді идеологиялық жұмыстарды жүргізу арқылы малшының мәртебесін арттырған абзал. Дәл іргемізде отырған Қытай секілді. Онда тұратын малшы қандастарымызға АҚШ секілді болмаса да, АҚШ-тікіне жуық жағдай жасалған. Баптап ат мінеді, беліне кісе тағынады, басына бөрік киеді, қолына құрық ұстайды ондағы қазақтар. Мал басы көп, өрістегі өркениет те кісі қуанарлық. Біздің жастар ше? Қалаға құмартады. Әкенің малы, ананың еңбегін далаға тастайды, қалаға барып күзетші болып күн кешеді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста