Бүгінгідей тұрақсыз әрі құбылмалы кезеңде халық кез келген әлеуметтік және саяси оқиғалардан қауіп күтеді. Осы орайда, Yvision.kz сайты қазақстандықтар қауіптенетін басты оқиғалардың тізімін жасады.
Теңгенің қайтадан құнсыздануы
Өткен жылдың қазан айында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің қайтадан девальвацияға ұшырамайтынын хабарлады. Одан бөлек, сәрсенбі күні елбасы өткізген Үкіметтің кеңейтілген отырысында да ұлттық валютаның құнсызданбайтынын президент тағы атап өтті.
Дегенмен, теңгенің тұрақтылығына қазақстандықтар сенер емес. Девальвация болуы мүмкін деген хабар желдей есіп жүр. Оның үстіне, теңге 2014 жылы ең әлсіз валюталардың қатарына енген болатын.
Елді басқаруға келесі болып келетін кім?
Қазақстандағы биліктің ауысуы тек саясаткерлерді ғана емес, қарапайым халықты да алаңдатады. Stratfor стратегиялық зерттеу агенттігі Қазақстандағы биліктің ауысуы елдің ішкі ахуалына ғана емес, халықаралық саясатқа да әсер етеді деп есептейді.
Судың бітіп қалу қаупі
азақстанның суға аса бай емес мемлекет екені бұрыннан белгілі болса да, бірнеше жыл бұрын ғана су тапшылығына алаңдай бастадық. Елдегі су ресурстарының 50 пайызы оңтүстікке, 30 пайызы орталыққа, ал 20 пайызға жуығы шығыс, батыс және солтүстік аймақтарға тиесілі.
Қазақстаннан ағып өтетін ірі өзендердің барлығын көрші мемлекеттер де пайдаланады. Мәселен, Сырдарияны Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан да өз пайдасына жаратады.
Ипотеканы төлей алмау
Ипотекалық құжаттарға қол қояр кезде сіз келісім-шартта көрсетілген соманы ай сайын бірнеше жыл бойы төлеп тұруға міндеттелесіз.
Алайда, түрлі жағдайларға байланысты сіз несиені төлей алмауыңыз немесе мерзімінен кешіктіруіңіз мүмкін. Мұндай кезде банк сізге айыппұл салып, өсімақыны көбейтеді.
Сондықтан, құжатқа қол қояр кезде ипотеканы төлей алмаған жағдайда сізге қандай шара қолданылатынын біліп алған дұрыс.
Тұрмысқа шықпау/үйленбеу
Көп жағдайда, қыздардың тұрмысқа шықпай қаламын деген қаупі басым. Оның үстіне, мансапқұмар қыздар біздің қоғамда көп кездеседі. Отбасылық өмірдің орнына қызметті таңдайтын нәзік жандылар қатары мол. Сол себепті. Көп жағдайда олардың отбасылық өмірге уақыты да қалмайды.
ЕХРО-2017 көрмесіне жұмсалған және жұмсалатын миллиардтар
Көрмеге жұмсалатын шығынның өзін ақтайтыны туралы ойға күмән келтіруге себеп көп. 2000 жылы Ганноверде өткен көрмені жоспарлағандай 40 млн адам емес, 18 млн адам ғана тамашалады. 1,2-1,5 млрд доллар шамасында шығын келді.
2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өткен көрмеге орай салынған біршама нысандар пайдаланылмай қалды. Жапония мен Қытайда өткен көрмелерде өткізуші мемлекет үлкен пайда көрді.
Әйтсе де, халық саны көп елдермен бізді салыстыруға келмейді. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесіне 283 млн еуро жұмсалады деп күтілуде.
Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одаққа ену
Ел тұрғындарының көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа ену тек Ресей үшін пайдалы деген пікірде. Геосаяси жағдайлардың Қазақстан экономикасы үшін оңайға соқпайтыны рас.
Батыстың санкциясына жауап беру үшін Ресей мен Қытайдың күш біріктіруі Қазақстанның болашағына одан әрі қауіп төндірмек.
Мақсат Үсенов
Атышулы Мақсат Үсенов өткен жылы тағы бір жол апатына себеп болды. Қуанышқа қарай, 38 жастағы әйел қатты зардап шеккен жоқ. Осыдан соң, 20 күнін қамақта өткізген Үсенов бостандыққа шығып, Дубайға демалуға кетті.
Той жасау үшін несие алу
Статистикаға сенсек, орта есеппен қарапайым жастарға той жасау үшін 3,5 млн теңге керек. Орта есеппен ер жігіттер 25-30, қыздар 20-23 жаста шаңырақ көтереді.
Бұл уақытта олардың 10 пайызы ғана өздерінің қаржылық жағдайын реттей алады. Ал қалған қаражатты ата-ана табу қажет. Ата-ананың банк жағалаудан басқа амалы жоқ.
ҰБТ-дан өте алмай қалу
Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алмау тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналардың да бас ауруына айналды. 2004 жылы қолданысқа енген ҰБТ бүгінге дейін түлектер үшін үлкен сын саналады. Тіпті, жыл сайын ҰБТ айналасындағы айқай-шу да көбейе түсетіні рас.
Қаладағы кептеліс пен жер сілкінісі
Бұл әсіресе алматылықтар үшін үлкен мәселе тудырып отырған жайт. Таңғы сағат 08:00 бен кешкі 18:00-ден кейінгі ұзын-сонар кептеліс кім-кімнің де жүйкесін жұқартатыны анық.
Ал жылына 3-4 рет болатын жер сілкінісі Алматы тұрғындарының ең үлкен қорқынышы.