Қазақстандықтар көбіне қай елдерде құлдыққа түседі
Елімізде жыл сайын заңсыз адам саудасына қатысты 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкері Руслан Жақсылықов мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, адам саудасының белең алуына бизнестің жоғары табыстылығы себеп.
Қылмыстың бұл түрінің жылдық айналымы шамамен 150 миллиард долларды құрап отыр. Негізінен азаматтарымыз жақсы өмір іздеп адам саудасының құрбанына айналады. Әлеуметтік желідегі жарнамалар арқылы олар сұхбатқа барады, жыныстық немесе еңбек қанауының құрбанына айналады", - деп түсіндірді Руслан Жақсылықов.
Сондай-ақ спикер азаматтарымыз көбіне қай елдерде құлдыққа түсетінін айтты.
"Қазақстан азаматтарын экспорттаудың негізгі арналары – Бахрейн Корольдігі, Оңтүстік Корея және басқа да елдер. Тек өткен жылдың өзінде адам саудасымен айналысқан, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қоса алғанда, қылмысқа қатысы бар трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды. Бахрейндегі жыныстық қанаушылыққа кәмелеттік жасқа толмағандар көп ұшыраған", - деді Жақсылықов.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz