Жедел желі арқылы мектеп дәретханалары, бейнебақылау камералары, қауіпсіздік жүйесі, жатақханаларға қатысты мәселелерді хабарлауға болады
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтінішін қабылдау үшін жедел желі телефондарын іске қосып жатыр. Әр өңірде бөлек телефон нөмірі болады.
Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел желі комитет пен аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне түрлі мәселе туралы хабарлау үшін ашылған.
Мысалы мұғалімдерді қосымша жұмысқа тарту, мектеп дәретханалары, бейнебақылау камералары, қауіпсіздік жүйесі, жатақханаларға қатысты мәселелерді хабарлай алады.
Сондай-ақ ата-аналар, мұғалімдер және бұл мәселелерге бейжай қарамайтын адамдар WhatsApp арқылы 8-705-206-59-32 нөміріне қауіпсіздік жүйесі, мектеп дәретханасы, жатақхана жағдайының талаптарға сәйкес болмауы туралы фото және видеоларды жібере алады.
Мектептерге қатысты мәселелер жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Себебі қаржыландыру, құрылыс, жөндеу жұмыстары, қажетті жағдай жасау, оның ішінде санитарлық мәселелер әкімдіктердің құзырында.
Ал түскен өтініш проблемалар түпкілікті жойылғанға дейін комитеттің және оның аумақтық департаменттердің бақылауында болады.
"Қазіргі азаматтардың басым бөлігі фотосурет пен видео түсіруге арналған функциялары бар смартфондарды пайдаланады. Балалар үшін оқу процесінің ыңғайлы және қауіпсіз болуын қалап, бұл мәселеге немқұрайлы қарамайтын азаматтар қазірдің өзінде түрлі заңбұзушылық туралы хабардар етіп, фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялайды. Басқа да азаматтар осылай істеп, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін фактілер туралы бізге хабарласа, біз бұл мәселені әкімдіктердің қарауына жіберіп, мәселе толық шешілгенге дейін өз бақылауымызда ұстаймыз", - деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті: 8 (7172) 74-23-72, 74-23-93, 8 701 338 54 44
Нұр-Сұлтан қаласы: 8 (7172) 51-69-97, 51-69-85, 8 701 606 61 00
Алматы қаласы: 8 (7272) 25-18-86, 8 701 166 52 66
Шымкент қаласы: 8 (7252) 53-93-15, 53-90-69, 8 701 501 20 40
Ақмола облысы: 8 (7162) 31-56-93, 8 701 385 27 49
Ақтөбе облысы: 8 (7132) 41-44-58, 8 747 250 38 50
Атырау облысы: 8 (7122) 27-60-12, 8 775 331 66 21, 8 701 142 28 01
Алматы облысы: 8 (7282) 40-12-34, 8 701 577 11 42
Шығыс Қазақстан облысы: 8 (7232) 54-48-28, 21-65-38, 8 702 286 01 31
Жамбыл облысы: 8 (7262) 45-11-22, 56-94-01, 8 702 000 05 20
Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 50-44-05, 51-05-28, 8 778 153 37 08
Қарағанды облысы: 8 (7212) 50-25-11, 8 778 665 71 49
Қостанай облысы: 8 (7142) 54 -71-14, 53-52-66, 8 776 716 11 55
Қызылорда облысы: 8 (7242) 27-05-47, 27-44-78, 8 701 566 10 79
Маңғыстау облысы: 8 (7292) 40-01-30, 40-01-31, 8 702 468 46 45
Павлодар облысы: 8 (7182) 61-82-75, 61-82-66, 8 775 612 2801
Солтүстік Қазақстан облысы: 8 (7152) 49-39-66, 49-38-28, 8 705 701 23 74
Түркістан облысы: 8 (72533) 57-553, 57-555, 8 707 806 48 07