Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға дайындық басталады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігіне өлім жазасын алып тастауға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылуға дайындықты бастауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің құқық қорғаушылар көтерген мәселелерді шешетін уақыт келді. Сыртқы істер министрлігіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылу процедурасын бастауды тапсырамын", -деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Қазақстанда қазіргі таңда өлім жазасына мораторий жарияланған.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттама өлім жазасын алып тастауды көздейді.

Құжат 1989 жылы 15 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 44/128 қарарымен қабылданды. Хаттаманы ратификациялаған мемлекеттер өлім жазасын алып тастау адамзаттың құндылықтары мен адам құқықтарының прогрессивті дамуын нығайтуға септігін тигізеді деп санайды.

Хаттаманың бірінші бабында "қолданыстағы хаттамаға қатысушы мемлекеттің қарауындағы бірде-бір тұлға өлім жазасына кесілмейді" делінген. Сондай-ақ, әр қатысушы мемлекет өз құзыреті аясында өлім жазасын алып тастау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтыны жазылған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста