Қазақ тілін биік ұстаған білім ордасы

Тәуелсіздік – ата-бабаның орындалған арманы. Көк туын көкке желбіреткен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 20 жылдығының біздің рухани өмірімізде де алар орны ерекше. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің маман даярлаудағы жетістіктері – егемендіктің жемісі. Қазір бұл университет республикадағы белгілі де, беделді білім ордасының біріне айналып отыр.
2005 жылдан Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы бі­лім, ғылым және мәдениетаралық ке­лісім­шарт негізінде ашылған уни­вер­си­тет­ті про­фессор Сабри Хизметли абы­рой­мен бас­қа­рып келеді. Білім ордасында құжаттар түгелдей қазақ тілінде рәсімделеді.
Еліміз өркендеудің инновациялық-ин­дустриялық дәуіріне қадам басты. Білім дең­гейі бәсекеге түсіп, өркениетке бет ал­ды. Университет басшысы кәсіби ма­ман­дар­дың білімін жетілдіруге баса көңіл бөліп ке­леді. Жас оқу орны болғанымен, өткен жылда тарих және аударма ісі, ал 2010–2011 оқу жылының барысында, эконо­ми­ка, дінтану мамандықтары бойынша ма­гис­тратура бөлімдері ашылды. Бұл салалар бо­йынша шет тілін табысты өткізген талап­кер­лер, магистратураға қабылдана ала­ды.
Университетіміз әлемдік деңгейдегі жо­ғары оқу орындарының қатарынан кө­ріну мақсатында жемісті еңбек етуде. Өткен жылы Қытай мемлекетіндегі жоғары оқу орындарымен өзара білім алу мақсатында келісімшартқа отырған болса, биылғы оқу жы­лынан Азияның, Еуропаның, Аме­ри­каның мемлекеттерінің ғылыми орталығы­мен байланыс ауқымын кеңейту жоспар­лан­ды. Болашақта ол елдердің университет профессорлары мен оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу мақсатында шетелдерге шығып тұру, шетелдік мамандарды дәріс оқуға шақыру сияқты бағыттар жоспар­лан­ды. Түркия мемлекетінің есебінен дін­тану мамандығына биылғы жылы алпысқа жуық студентке қаражат алуда да, Сабри Хиз­мет­лидің ерен еңбегінің, тәуекелшіл­ді­гі­нің арқасы екеніне дау жоқ.
Дінтану мамандығы жайлы сөз қоз­ғал­ғанда философия ғылымының до­центі Сағымкүл Қонар, жас зерттеуші Қайрат Құр­манбаев, дінтану және араб тілінің оқы­тушысы Жаһангер Нұрматовтардың атын атаған жөн.
Университеттің жетістіктеріне жас буын студенттері өзінің алдындағы аға буыны­ның ізіне қарайтындығы белгілі. Жаста­ры­мыз әлемдік деңгейде барынша бәсекеге қабілетті болу үшін, еліміздің келешегін өркен­дету үшін жасалып отырған шаралар­дың бірі – ғылымды дамыту. Осыған орай, университеттің жас ғалым­дары үшін «Қа­зақ­станның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» ар­налып, жас ғалымдар ассоциациясын құ­ру жоспарланып отыр. Бұл – жастар үшін үл­кен қуаныш. Бастамаға алғаш мұрындық болған тарих тобының екінші курс студенті Ерболат Мамырайхан, оқу озаты Амантай Жұ­ма­ділов. Ал Мансұр Милазов «Уни­вер­ситет жастар комитетін» басқарып, игі­лік­ті істер тындыруда. Ол Астанада өткен рес­публикалық жастар ко­митетінің жиы­ны­на қатысқан жалғыз студент. Универси­тет­те құрылған «Мұң­ай­ма» атты КВН тобы аз уақытта республика кө­лемінде бірінші орынға шықты.
Қыздарымыздың да оқу үлгерімі мен белсенділігі ерекше атауға тұрарлық. Мә­селен, Еңлік Ерболқызының ұйым­дас­ты­румен қазақ қыз-келіншектеріне ар­нал­ған «Қазақ қызы» журналы дүниеге келді. Бұл жур­налдың алдына қойған мақсаты – қо­ғамдық өмірдің сан алуан саласында бі­лім­ділігімен, қазақ елі үшін қызмет етіп ке­ле жатқан қазақ қыздарының бүгінгі озық бейнесін насихаттау, елін, жерін қор­ғайтын болашақ анаға қамқоршы болуын, үл­гілі отбасын құруға ұйытқы болуында қа­зақ қыздарының бүгінгі бейнесін паш ету. Шындығында, қазақ қызы – қазақ ұл­ты­ның бет бейнесі.
VII қысқы Азия ойындары өткізілетін дайындығына университет спортшылары белсене қатысуда. 43 спортшылардан құралған команданың капитаны суда жүзу спортының шебері Динара Азамбекова басқарады. Оларға университет тарапынан әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған.
2010 жылы білім ордасының бес жыл­ды­ғына арналған мерейтойлық ха­лық­ара­лық ғылыми конференция өтті. Оған шет­ел­дерден танымал ғалымдар келді. Ме­рей­тойға қоғам қайраткері, Қазақстан хал­­қы ассамблеясының мүшесі, «Мем­ле­кет­тік тілге» құрмет бірлестігінің төрайы­мы Асылы Ос­ман да қатысты. Тап сол жиын­да оның: «Сабри Хизметли «ата­жұр­тым» деп келген түркі бауырларымның арасында іс-қағаздарды қазақ тілінде жүр­гізіп отырған, өзі қазақ тілін меңгерген жо­ғары оқу орын­дары басшыларының бірегейі деп білемін. Бұл оқу орнының жас­тарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі алар орны ерекше», – деп айтқан ыстық лебізі, университеттің қазақ тіліне деген бет­бұрысын айқындай түседі.
Сөз соңында Сабри Хизметлидің бас­тамасымен Президент өкілеттігін ұзартуға қа­тысты Үндеуі қабылданды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста