Қаңтар айының соңғы күндерінде Facebook-қа салынған жасөспірім қыздардың төбелесі түсірілген бұл бейнеролик көпшіліктің наразылығын тудырды. Шамамен үш минуттық бұл бейнежазбаның еліміздегі қай оқу орнының жатаханасында түсірілгені белгісіз. Алайда, ол қыздардың 15-16 жастағы колледж студенттері екені байқалып-ақ тұр.
Бұл видеоны көрген интернет қолданушылар қыз балалардың арасында таралған қатігездіктің себеп-салдары туралы пікір білдіріп, қызу талқыға салды.
Раушан: 27.01.2015, 16:57
Бұл оқиғаға Ішкі істер орган қызметкерлері міндетті түрде араласуы керек қой...
Зарина:27.01.2015, 16:58
Бұл роликті түсіріп тұрған қызда да ес жоқ. Төбелесті көпшілікке көрсетпеуі керек еді. Шамыма батқаны әлгі «оператор» жалпы қазақ қыздарының абыройын шелектеп төккені ақиқат.
Arman Armanov: 28.01.2015, 08:02
Мұндайларды полиция анықтап, оқудан шығару керек. Сұмдық қой бұл. Жайдан жай тиіскені несі. Бұл қай оқу орнының жатақханасында болды екен. Шынымды айтсам, таяқ жеген байғұс қызды аяп кеттім.