Қазақ бидайының генетикасы: өнімділікті гектарына 5 тоннаға дейін арттыру мақсаты тұр

Қазақ бидайының генетикасы: өнімділікті гектарына 5 тоннаға дейін арттыру мақсаты тұр

 Талдықорғанда Ұлыбритания, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан және отандық ғалымдардың қатысуымен халықаралық семинар өтіп, онда қазақ бидайының генетикасы мен геномикасы туралы зерттеулер ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, төрт күндік семинарда Лютзи Уинген бидай генетикасы мен геномикасы бойынша мәліметтерді басқару, Анна Бахус бидай гүлінің генетикалық архитектурасын зерттеу, Жетісу университеті Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Ермекбаев қазақ бидайының бейімделуі мен өнімділігінің генетикалық бақылауы бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасады.

Қанат Ермекбаевтың айтуынша, Қазақстан жер көлемі үлкен болғандықтан, астық өндіруші мемлекеттердің алдыңғы қатарына кіреді. Алайда, Ұлыбритания орта есеппен 1 гектар жерден 10 тонна бидай алса, Қазақстан 1 гектар жерден 1 тонна бидай алады. Осы орайда, Қазақстандағы бидай өнімділігінің потенциалын гектарына 5 тоннаға дейін арттыру мақсаты тұр. Демек, қазіргі өнімділікпен салыстырғанда 4 тоннаға дейін көтеру керек. Ал, бұл 4 тоннаның 50 пайызына технология арқылы, 50 пайызына генетика жолдары арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақ бидайының бейімделуі мен өнімділігінің генетикалық бақылауын зерттеу жалғаса бермек.

«Біздің мақсатымыз – табиғи организмді қолдана отырып, қазақ бидайына қажетті генді екінші сорттан алу», - дейді халықаралық семинарды ұйымдастырушы Джон Иннес орталығының профессоры Кристобал Уауи.

Өйткені, бидайдың жаңа түрін жасап шығару үшін кемінде 12 жыл уақыт кетеді.

Ғылыми алаңда қазақ бидайының генетикалық картасы, QTL карталау, GWAS, RNA seq, биоинформатикалық және геномдық ресурстары таныстырылды.

Бидай генетикасымен мақсатты түрде айналысып жүрген ғалымдар қазақ бидайынан бөлек, Орта Азиялық бидай генетикасы мен геномикасы туралы да зерттеулерін ортаға салды.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста