Қазақ әлемге төл мұрасымен қашан мақтанады?

Қазақ әлемге төл мұрасымен қашан мақтанады?

Қазақстан мәдениет және өркениеттер сұхбатын дамыту саласында әлемдік деңгейде мойындалған ел. Соның айқын бір дәлелі ретінде – Қазақ елі әлем халықтарына ЮНЕСКО аясында халықаралық мәдени жақындасулар онжылдығы жобасын ұсынған болатын. Астанада өткен ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті кеңесінде осы және өзге де ұлттық мұраларымызға қатысты келелі мәселелер әңгіме өзегіне айналған еді.
Бірден айта кету керек, 2000 жылдан бері ЮНЕСКО ұйымының бастамашылы­ғымен материалдық емес мұраның бүкіләлемдік тізімі жасалуда. Ресми деректерге сүйенсек, 2003 жылдан бері аталған конвенцияға әлем елдерінің 90-нан астам мемлекеті қатысып, 350-ден астам әлем халықтарының материалдық емес мұрасы осы тізімге енген. Тізім жыл сайын жаңартылып отырады екен. Осыған орай, Қазақстанның да қарманып қалатын уақыты жетті. Жиында аталған тізімге қазақ жұртының атынан қандай аталым бойынша төл мұралар енгізу қажеттігі талқыланды. «Біз материалдық емес мұралар тізімін жасақтауда жүйелі жұмыс атқаруымыз керек. Осы уақытқа дейін мемлекетіміз бұл тізімнен тысқары қалып келді. Сондықтан ЮНЕСКО-ға ұсынылатын ұлттық құндылық­тар тізімін жүйелеп алуымыз керек. Алдағы уақытта бұл істі Үкімет деңгейіне көтеріп, «Мәдени мұра» тұжырымдамасы аясында бюджеттен қаржыландырылатын арнайы бағдарлама дайындау қажет», – деді Астана қаласының әкімі, ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Иманғали Тасмағамбетов.
Шындап келгенде, ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін ұлттық құндылықтарымыздың санын анықтап алу басты мақсат емес. Керісінше, ғылыми тұрғыда зерделенген ұлттық құндылықтарымыздың тізімін әзірлеу, ең әуелі, өзіміз үшін, келер ұрпақ үшін қажет дүние. Кейін сол тізімнен ЮНЕСКО-ның назарына кезең-кезеңімен ұсынып отырсақ, қазақ абыройсыз қалмас. Неге десеңіз, 2009 жылы Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Түркия секілді жеті мемлекеттің атынан бүкілдүниежү­зілік тізімге төлтуындылары ретінде Наурыз мейрамын енгізген. Тізімнің ішінде Қазақстан жоқ. Тағы бір дерек,  қыран құстармен саятшылық құруға келгенде де тізімнен қазақты таппайсыз. Көшпенді халықтарға тән саятшылық өнерін ЮНЕСКО тізіміне Еуропа елдері енгізіп қойған. Қазақ тағы да көштің соңында қалып қойды. Сөзімізге дәлел келтірейік, 2010 жылы Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Франция, Моңғолия, Катар, Сирия, Чехия, Оңтүстік Корея секілді 12 мемлекет саятшылықты төлтуындылары ретінде көрсеткен. Осыған байланысты кеңес­те ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақ­стан­ның сол тізімге 13-інші болып тіркелуі үшін енді қамданып жатқанын айтты. «Былай қарасақ, біз өз ішімізде тек Қазақстаннан басқа ешкім бүркіт, қыран құстармен аңшылық жасамайтын болып көрінеді. Бірақ шынтуайтына келгенде, мұны тек көшпелі елдер ғана емес, Еуропаның елдері де өздеріне әлдеқайда еншілеп, бекітіп алды. Тізімге ілікпей қалған Қазақстан. Ал саятшылық 12 халықтың төл мәдени мұрасы деп танылған. Біз он үшінші ел ретінде енеміз», – деп атап көрсетті министр.
М.Құл-Мұхаммедтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан 15-тен астам мәдени мұраны ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша ұсыныстарды дайындауда. Ол тізімге ең бірінші болып – саятшылық, Наурыз мерекесі, Қырғызстанмен бірге айтыс өнері мен киіз үй, домбыра мен қобыз күйлері, Башқұртстанмен бірге сыбызғы күйлері енген. Сондай-ақ қазақтың «Қыз жібек» лиро-эпостық жыры енуі мүмкін.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Халық жазушысы, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі:
– Жыл сайын өтетін ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы айрықша маңызға ие. Биыл қазақстандықтар тарапынан ұсынылған «Халықаралық мәдени жақындасулар онжылдығы» жобасы бірауыздан мақұлданғанын білесіздер. Осыған байланысты кеңестің басты тақырыбына  БҰҰ және ЮНЕСКО басшылығы, танымал саяси, мәдени қайраткерлер қатысатын «Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онжылдығы» форумын өткізу мәселесі өзек болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста