Қазақ әйелі қара жұмыстан қашан құтылады?

Қазақ әйелі қара жұмыстан қашан құтылады?

Әңгіменің әлқиссасын бұлай бастауымыз бекер емес. Өйткені Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да, ала таңнан қазақ әйелі көше сыпырады. Темекі тұқылын, қақырық-түкірікті жинап жүреді. Қабақтары қату. «Осы лас жұмыс маған ұнайды ғой деймісің, бала-шағамның несібесі үшін амалсыз жүрген адаммын» дегендей терең мұң, мына әділетсіз қоғамға наразылық жатыр жүректерінде. Адал жар, аяулы аналарға қысы-жазы базарда пакет сатқызып қойған да – сол баяғы қу тірліктің қамы. Қазақ әйелі жайма базарда қатып-семіп тұрады. Ал жып-жылы сауда үйлеріндегі бутиктерде өңшең өзге ұлт өкілдері жүр. Мұншалықты сорлы күйге түсетіндей қазақ әйелі кімнен кем? Өзге ұлттың қыз-келіншектері неге қара жұмысқа жегілмейді? Төл топырағында титулды ұлт ретінде қазақ әйелінің бақытты ғұмыр кешуге қақы жоқ па? Әйтеуір, сауал көп, жауабын қай қиырдан іздеріңді білмейсің. Шыны керек, кеңестік кезеңде орыс әйелдері де көше сыпырды. Бірақ ол кезде көше сыпырушыларға көптеген жеңілдік жасалатын, тәуір жалақы тағайындалып, тіпті пәтерге дейін берілетін. Қазір мұның бірі жоқ. Бейнеттің бар салмағы қазақтың иығына түсіп тұр.   
Мен бұл апайды күнде көремін. Үстінде – сары күртеше, қо­лында – ұшына шеге қаққан қоқыс теретін таяғы. Әрлі-бер­лі өткен адамдардың бетіне тіке қарамайды. Жерден те­ретіні болмаса да, тұқшыңдап, төмен қарап жүреді. Басын қа­шан көтерер екен деп ойлайтынмын. Бүгін көп қабатты үй тө­ңі­регін жинап жүр екен. Көзіміз түйісіп қалды. Шаралы жа­нары толған ой екен, қалай айтсам екен... бейнет, шаршау, бі­реу­ге бір нәрсе айтқысы келіп ұмсыну... қымсыну, «жо-оқ, мен бұл жұмысты амалсыздан істеп жүрмін ғой, уақытша ғой, мен де сендер сияқты...» дегісі келетіндей. Тілдесудің ре­тін таба алмай жүрген мен келіншектің көзіне тура қарап тұ­рып, өзімсініп, тап бір туысқаныммен сөйлескендей: «Қа­л­ы­ңыз қалай?» – дедім. Сол-ақ екен оның жүзі жылып сала берді.
Мамандығы мұғалім екен. Қиюы қашқан ауылдан 90-жылдардың ортасында көшіп келіпті. Жолдасы қайтыс бо­лып, ұл-қызын жетелеп, әлі күнге пәтер жалдайтын көрінеді. «Маған ештеңе емес, балаларыма қиын, мына жұмысым олардың жүйкесіне әсер ететін сияқты. Жасық, үнемі ұялып жүреді», – дейді ол.
Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, өткен жылы аталмыш мекемеге 7 мыңнан аса тұрғын жұмыс сұрап келсе, соның 4 мыңға жуығы әйел заты болған. Тұрақты жұмысқа орналасқан 3567 оралдықтың 1950-і – қыз-келіншек. Былтыр 1743 адам қоғамдық жұмысқа жолданған. Солардың 1424-і – нәзік жандылар. Әр жұмысшыға қалалық бюджет есебінен 15 999 теңге жалақы төленіп, бұл мақсатқа бюджеттен 70 млн теңге жұмсалған.
Орал қалалық жол пайдалану кәсіпорнында өткен жылы 25 әйел қара жұмысқа кіріскен. Бұлар – көшеде келе жатып шырт-шырт шағу шағып, кез келген жерге қоқысын тастап жүре беретін мәдениеті төмен ағайындардың бүлдіргенін жинайтындар, дәлірек айтсақ, көше тазалаушылар.
Олардың арасында бұрын кеңсе қыз­метінде болғандар, заманның құбылмалы кезінде қиындықтың құрсауынан шыға алмай қалғандармен қоса, жұмыс таң­да­майтын, қоқыс жәшігінің күлімсі иісінен жи­ренбестен, тап сол жерде отырып, түс­тігін іше салатындар да бар.
Айгүл ТӨКЕШЕВА, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі:
– Біздің мекеме әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтініш білдірген жұмыс берушілерден тапсырыс жинақтайды. Өткен жылы 34 кәсіпорынмен 296 орынға келісімшарт жасалды. 24 мекемеге жұмысқа орналастырылған 166 жұмысшының 132-сі – әйелдер. Олардың жалақы­сын жұмыс беруші тағайындайды. Жалақының 50 пайызы – жұмыс бе­ру­шінің, ал екінші жартысы жергілік­ті бюджеттің есебінен жұмысшының есепшотына аударылып тұрады. Қоғамда қазақ әйеліне қиындық түсіп отырғанын жасыр­маймын. Әрине, бала-шағасын, қала берді өзін-өзі асырау мақсатында жұмыс таңдамай­тын әйелдер де бар. Бірақ біз әйел баласын жол пайда­лану кәсіпорнына жібермеуге тырыса­мыз. Әйелдер не­гізінен халыққа қызмет көрсету орта­лығы, Салық коми­теті сияқты ме­ке­мелерге тасы­мал­даушы ретінде, тағы басқа да әлеуметтік жеңіл жұмыстарға жолданады. Соңғы жылдары әйелдердің жол пайдалану кәсіпорнына, яғни көше жинауға өздері де барғысы келмейді. Өткен жылы қайта маман­дану курстарына 317 қыз-келіншек қатысып, сертифи­кат алып шықты. Олардың ішінде шаштараз, тігінші, аспаз, психолог, іс жүргізуші, бала бағушы сияқты мамандықтар бар. Өзіміз оқытып алған қыз-келіншектер­ді жаңа ма­ман­дығы бойынша жұмыс­қа ор­наластыру да – біздің міндетіміз.

Оның айтуынша, қаладағы жұмыссыз әйелдердің жас шамасы – 40-55 жас ара­сында. Көбі – ұзақ жыл жұмыс істемегендер және олардың басым бөлігі жалғыз басты немесе көп балалы аналар екен. Биылғы есеп бойынша, қалада ресми тіркелген 800-ге жуық жұмыссыздың 400-ге жуығы – тағы да әйелдер. Ал жұмыс сұрап, кеңсе жағалап тіркелмегені қанша! Шаңырақтың шырайын кіргізіп отыруы тиіс ақ жаулықты аналар арасында қара жұмыстың қабырға қайыстырар қиындығына шыдай алмай, азғындық жолына түскендері де бар екенін өкінішпен айтуға тура келіп тұр. Мына кө­рініс көз алдымда орын алды. Қоқыс таси­тын трактордың арбасына құлаштап қоқыс лақ­тырып болған бір топ қыз-келіншек сәл тынығуға ыңғайланды. Арасынан біреуі бір шөлмек арақтың шетін шығарып: «Қыз­дар, келіңдер», – деп айқай салды. Лезде арақ құйылып, бәрі мәз-мейрам. Арасында өзге ұлт өкілі жоқ, бәрі – өзіміздің қаракөздер.
Ұрпаққа ұлағатты әңгіме айтатын ана­лардың сиқы осы болса, қоғамда қазақ әйе­лін құтқару керек деп дабыл қағатын уақыт жеткенін көрсетеді бұл. «Қара жұмыс пен қазақ әйелі егіз» деген ұғымның тамы­рына балта шабар күн қашан туар екен?!
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, Орал қаласының тұрғыны, ұстаз:
–  Көше сыпырып жүрген әйелдерді көріп жүрміз. Мүмкін, ер-азаматы жоқ шығар немесе отба­сысын асырамай отыр. Әйелдер на­рықтың қиын жылдарында  ала дор­ба арқалап, сауда жасап, отбасы­ла­рын асырады. Нәзік бола тұра, ерлер­ге қарағанда шыдамды екендігі көрін­ді. Қазіргі қыз-келін­шектер де от­басысын асырау үшін қара жұмыста жүр­ген секілді. Бірақ оларды қара жұ­мысқа жегіп қоймай, заманға лайық­тап, кәсіптік курстарда оқытып, қай­та мамандық беру қажет. Жалпы, ме­нің ойымды білгіңіз келсе, әйел-ана отба­сында бала тәрбиесі­мен, ерінің кү­ті­мімен отыруы керек. Оған жағдай бол­мады ма, қыз-келіншектер кез кел­ген қара жұмысты істеп жүре бермей, жақсы ортаға өздері тал­пы­нуы тиіс. Кейде мәселе әйелдің жеке басына, ынтасына да байланысты.

Шарапат ӨТЕУҚЫЗЫ, дәрігер-психолог:
– Шаңырақ шуағын, отбасы берекесін сақтау, ең бастысы, ұрпақ тәрбиелеу – әйел адамның ең басты міндеті. Бірақ бүгінгі қатал қоғам әйелдер қауымын өзгертті. Олар өмірдің қиындығын жеңу үшін күресеміз деп жүріп тым қатайып кетті, табиғи нәзіктігін жоғалтып алды. Өз басым әйелдердің қара жұмыс істегеніне қарсымын. Көше тазалау, қоқыс жинау – әйел үшін, біріншіден, өте ауыр соққы. Айналасынан ұялу әйел психологиясына күйзеліс әкеледі. Ал үнемі өзін төмен санап, күйзелісте жүрген әйелдің денсаулығы сыр береді. Біріне-бірі қосылған бірнеше фактор әйелдің ерлермен балағаттасып сөйлесуіне, дөрекіленуіне, тіпті ішкілікке әуес болуына итермелеуі әбден мүмкін. Сондықтан әйелді қара жұмысқа, соның ішінде көшенің қоқысын жинау сияқты лас жұмысқа салмау керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста