Қарттар үйіндегі жүдеу қариялар: Директор жұмыстан шеттетілді

Қарттар үйіндегі жүдеу қариялар: Директор жұмыстан шеттетілді

Семей қаласындағы қарттар үйінің жұмысы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап жазды.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Семейдегі қарттар және мүгедектер үйіндегі қарттардың жағдайы мәз екені туралы видео жарияланған болатын.

 

Қазір бұл жағдай Абай облысы әкімінің жіті бақылауында.

 

 

Таралған бейне және фотосуреттерде көрсетілген фактілерді жан-жақты және объективті тексеру мақсатында ведомствоаралық мониторинг жұмыс тобы іске кірісті.

 

Оның құрамында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау басқармасы, еңбек инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық қоғамдық кеңес өкілдері бар.

 

Жұмыс тобы мекеменің қамқорлығындағы азаматтардың жағдайын, тамақтануын, киіммен, медициналық дәрі-дәрмекпен және емдеу шараларымен қамтылуын тексереді.

 

«Қарттар үйіндегі тамақтануға қатысты келесіні хабарлаймыз: алдын ала деректерге сәйкес, 5 рет ыстық тамақ, оның ішінде орталық тұрғындарының денсаулық жағдайын ескере отырып диеталық тамақ беріледі. Астың құнарын және оның көлемін тексеру үшін мониторинг топ мүшелері тамақтану мәзірін, соның ішінде фотоматериалдар мен сынамаларды зерттеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде таралған бейнероликте көрсетілген азаматтар (төсекке таңылған, салмақ жоғалтқан және т.б.) паллиативтік топта, яғни ауыр сырқаты бар және жіті қамқорлықты қажет ететін бөлімшеде жатқанын ескертеміз. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың денсаулық жағдайы және салмақ жоғалтуы ұзақ уақыт төсекке таңылуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл топта жатқан азаматтарға (асқазан қатерлі ісігі, деменция, прогрессивті дисциркуляторлық энцефалопатия, қан айналымының бұзылуы (ОНМК.), оң жақ гемипарез және т. б.) аса ауыр диагноздар қойылған. Төсекке таңылған, қозғалуы шектелген науқастардың жағдайын тексеру барысында: көп жатқаннан пайда болатын жаралардың жоқтығы, киімдері, төсек жабдықтары таза екені тіркелді. Бұл азаматтарға нормативтік ережелерге сәйкес техникалық мен тазалық қызметтің уақытылы әрі үнемі жасалғанын көрсетеді» деп мәлімдеді әкімдік.

Орталықтың әкімшілік және медициналық персонал арасындағы еңбек қатынастары мәселесі бойынша ұжыммен арнайы жиын өтті.

 

Жиын барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының, сондай-ақ қызметкерлердің барлық мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.

 

Уәкілетті органдардың араласуын талап ететін барлық мәселелер қолданыстағы заң шеңберінде шешіледі.

 

Ведомствоаралық мониторинг тобының қорытындысына сәйкес тексеру жүргізу және процессуалдық шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданады.

 

Мониторинг тобының жұмысы мен тексеру кезінде мекеме әкімшілігінің араласуына жол бермеу мақсатында орталықтың директоры өз еркімен жұмыстан уақытша шеттетілді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста