Қарасақалдылар «Қызылжардан» неге қорқады?

Қарасақалдылар «Қызылжардан» неге қорқады?

Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменовтің Петропавл қаласының тарихи атауын қайтару туралы Премьер-министрге жолдаған сауалы қазір Қызылжарда талқыланып жатқан нөмірі бірінші тақырыпқа айналды. Өкінішке қарай, қолдаушылармен қатар тасадан тас лақтырушылар қазақтардың арасынан да табылып қалып жатыр.

Алдымен Сенатта отырған Тасбай Си­мам­баевтың «бүйректен сирақ шы­ғар­ға­нын» көргенде, жұрт жағасын ұстады. Оның айтуынша, қаланың атауы ауысса, өз­ге ұлт өкілдері үдере көшеді-міс. Қарап тұ­рып, еріксіз күлкің келеді. Енді оның ізін ала сайлаушылары – қалалық мәслихат де­­путаттары да Симамбаевша сайрай бас­тады. Жапа-тармағай жиналыс өткізіп, жер­гілікті газет беттеріне қарсы мақала жа­затындай олардың бастарына не күн ту­ды екен? Оқып көрейік: «Петропавл қа­ла­лық мәслихатының «Нұр Отан» фрак­ция­сы­ның отырысы өтіп, онда «Петропавл қа­­ла­сының атын өзгерту жөнінде депутат Жа­­рас­бай Сүлейменов жария еткен Қа­зақ­­стан Республикасы Парламенті Мә­жі­лі­сі­нің депутаттары тобының мәлімдемесі ту­ралы» мәселе қаралды... Депутаттар қа­ланың тарихи атауын өзгертуге қарсы бір­ауыз­­дан пікір білдірді... Жарасбай Сү­лей­ме­новтің бастамасы оның жеке ұстанымы бо­­лып табылады деген ортақ пікірге кел­ді». Бұл «Солтүстік Қазақстан» газетіне шық­­­ты.
Мәслихат депутаттары шамасы қа­ла­ның тарихи атауы қайсы екенін ажырата ал­май жүрген сыңайлы. Әлде Петр мен Па­велді пір тұтатын олар Жарасбай Сү­лей­ме­новтің мәлімдемесінде келтірілген та­ри­хи деректерді мойындағысы келмей ме? (оқыңыз: «Алаш айнасы» №164 (390) 24 қыркүйек 2010ж.). Қызылжарлық бо­лу­ды қаламайтындардың қатарында бү­гін­гі күнге дейін ұлтжанды азамат деп кел­ген Жангелді Тәжин ағамыз да жүр. «Сен­ген қойым сен болсаң, күйсегеніңді .....» де­мек­ші, депутаттықпен қоса мектеп ди­рек­то­ры ретінде ұрпақ тәрбиелеп жүрген аға­мыздың жеткен жері осы болса, өзге­лер­ден не қайыр?
Қаланың атын ауыстыру Жарасбайдың же­­ке пікірі ме? Жоқ, әрине. Бұл тақырып Тә­­уелсіздік алғаннан бері күн тәртібінен бір түскен емес. Бұқаралық ақпарат құрал­да­рында қаншама мақалалар жариялан­ды. Ғалымдар мен өлкета­ну­шы­лар да та­лай жазған. Ал қа­лалық мә­с­ли­хат де­пу­тат­та­ры болса ас­пан­нан түс­кен­дей әсер қал­ды­рады.
«Артық қыламыз деп, тыртық қылып ал­майық...» деп айқайлатып мақала жаз­ған халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының об­лыстық филиалының төрағасы Кәрібай Мұ­сыр­манды да жұрт түсіне алмай әлек. Бұл кісі де қала Қызылжар атанса, қазақ пен орыс жаға жыртысады деп қорқатынын біл­діріпті. «Осы жөнінде былтырлары не­ше түрлі алыпқашпа, қаңқу сөздер өршіп, қа­ла мен өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа қа­уіп төнуге айналған кезде облыс әкімі Се­рік Біләлов жұртшылықты ты­ныш­тан­ды­ру мақсатымен бұқаралық ақпарат құ­рал­дары арқылы мәлімдеме жасап, Пе­тро­павл қаласының атауын өзгерту мә­се­лесі әзірге күн тәртібіне енгізілмейтінін мә­лім­деуге мәжбүр болғаны белгілі. Мұны дұ­рыс түсінбей, басқаша жорып, өңір бас­шы­сын ашық та, сырттан да сынап-мінеп жүр­гендер жоқ емес. Бірақ бұл әділдікке жат­пайды» дейді Мұсырман мырза ма­қаласында. Әңгіме ауанын аңғарған бо­лар­сыздар, екі жыл бұрын ойын ашық біл­ді­ремін деп опық жеген әкім бұл жолы өз­ге­нің қолымен от көсеп жатқан сыңайлы. Әкім­нің «әділетсіз» сыналуына мына сөзі се­беп болған еді: «Біздің облыста әлеу­меттік-экономикалық тұрақтылық қа­лыптасқан. Соны бұзбау үшін облыс ор­та­л­ы­ғы өзінің тарихи атауын (!!?) сақтап қа­ла бермек. Петропавл болған, бола да бер­­мек» (8.07.2008). «Балық басынан ші­­риді» деген, сірә, осы болар.
Билік басындағылар мен аға буын өкілдерінен қайыр болмаған соң жергілікті жастар өздерінше әрекет етуге кірісті. Олар қол жинап, Үкіметке, Президентке ашық хат жолдауды көздеп отыр.
Уәлихан АРЫҚБАЙ, Қызылжар қаласының тұрғыны:
–    Еліміз ғана емес, санамыз да, ті­лі­міз де Тәуелсіздікті қалайды. Қа­ла­ның христиан дінінің өкілдері Петр мен Павелдің атымен аталуы жастардың тәр­биесіне кері әсерін тигізеді деп ой­лаймын. Сондықтан да болар, қазақ жас­тарының арасында шоқынып кетіп жат­қандары бар. Бұл ұлт болашағына жа­салып жатқан қасірет дер едім. Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлей­ме­но­втің Премьер-министрге жолдаған са­уалын өте орынды және мерзімінде кө­те­рілген мәселе деп ойлаймын. Қа­ла­ның атын ауыстыруды қызылжарлық жас­тар қолдап отыр, тек аға буын та­ра­пы­нан белсенділік байқалмайтын сы­ңай­лы. Сондықтан жастар қол жи­нап жатырмыз. Кейін оны жергілікті әкім­­дік­ке, Үкіметке, Президент Әкім­ші­л­ігіне жі­бе­руді көздеп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста