Қалыңдықты ата-ана таңдағаны дұрыс па?

Қалыңдықты ата-ана таңдағаны дұрыс па?

Үйдегі үлкен әжеміз үнемі үйдегі ер балаларға: «Қызбен танысқанда ең алдымен руын сұраңдар, қарындасың болып қалмасын» деп ескертіп отыратын. Кейбір мұсылман елдерінің өзінде бір емшекті ембесе болды деп, ағайынды адамдардың ұлы мен қызын үйлендіре береді. Ал біздің халқымыз қан тазалығын бірінші орынға қойған. Жеті атаға толмай қыз алыспау – қазақ даналығының дәлелі.

Өкішіке орай, қазір қоғамда ажырасу, қыздардың оң жақта отырып балалы болуы секілді келеңсіз жағдайлар өте жиілеп кетті. Өзінің тегін білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Мұндайда қан тазалығы туралы қандай әңгіме болуы мүмкін. Бұл біздің ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізден, даналығымыздан ажырап бара жатқанымыздан болса керек.

Бүгінде жастар көбінесе көшеде, қалада, әлеуметтік желіде, кез келген жерде танысып, табысып, шаңырақ көтеріп жатыр. Бұрынғыдай ата-анасының таңдап берген қызын алып жатқан жігіттер ілеуде біреу.

Бірде Қазақстанда жұмыс істеуге келген қырғыз жігітімен сапарлас болдым. Ол Алматыда жұмыс істеп, нәпақа тауып ауылына қайтып барады екен. Үйіне жеткен соң үйленіп, әке-шешесіне келін түсіру үшін бара жатқанын айтты. Бірақ бір қызығы, қалыңдығымен енді танысамын дейді. Сөйтсем, жалғыз ұлдарына ата-анасы келіншекті таңдап қойыпты. Кітаптан оқығанымыз болмаса, мұндай жағдайды көрмеген соң таңғалып, «Егер қызың ұнамай қалса қайтесің?» деп сұрадым. «Ең бастысы, ата-анама ұнаса болды емес пе? Олар маған жаман жар таңдамайды. Егер қыз жақсы болмаса, әке-шешем өздерінен көрсін» деп жымиды. Расында, жігіттің айтып отырған сөзінің жаны бар. Ата-ана өз ұрпағын дүниеге әкелетін жанды таңдағанда қателеспеуге тырысатыны шындық. Өйткені олар өмір көрген, адам таниды. Кезінде біздің ата-бабаларымыз да, келінді ұлдарына өздері таңдап, айттырған жоқ па еді. Солан кейін де болар, ажырасу аз болды. Ал қазір сүйіп-күйіп қосылған жастар ыстық-суығы басылған соң ажырасып кетеді. 

Дәстүр – тәлім-тәрбие қайнары

Ер баланы тәрбиелеп отырған отбасы ұлын аяқтандыру үшін айналасынан өздеріне лайықты қыз қарастырып, текті отбасының ыздарын айттыруға тырысады. Халқымыздың әдет-ғұрпы бойынша ілгеріде жігіт әкесі тарапынан қыз таңдау, қыз көру аяқталғаннан кейін, айттырылатын қызға құда түсуге кіріседі. Алдымен қыздың әкесіне жаушы ретінде кісі жіберіледі. Жаушының негізгі міндеті – қыздың басы бос болса, әкесі қарсы болмаса, құдалыққа қай уақытта келетіндігі туралы келісіп қайту.Айттыруды «үкі тағу» ғұрпы деп те атайды. Бұрынғы кезде де, қазір де құда түсуді, қыздың басы байланғанын білдіретін «үкі тағу» ғұрпы атқарады.

Қазақ даласынд қыз бен жігіттің бірін бірі ұнатып, шаңырақ кө терген жағдайлар да көп.  Қыз бен жігіттің бір-бірін ұнатып, өздері үйленуге шешім қабылдаған соң жігіттің ата-анасы қыздың үйіне құда түседі. Бұл дәстүр ислам дінінде де және сондай-ақ қазақ халқының ғұрпында да көрініс тапқан.

Тарихта қыздың ата-анасы немесе жақындарының қыздарын жар етіп алуға жігітке қолқа салған жәйттар да кездеседі. Қазақ ғұрпында бұл дәстүрге Домалақ ананың тұрмысқа шығуы дәлел.«Мақтым Ағзамның жалғыз немере қызы, азан шақырып қойған шын есімі Нұрила деп аталған Домалақ ана жайлы деректерде сегіз жасынан мешітте дәріс алғаны, бой жетіп, он бес жасқа келгенде қазақ халқындағы ұлы жүзге тиесілі көптеген рудың бабасы саналатын Бәйдібек батырға ұзатылатындығы айтылады. Бұған Мақтым Ағзамның көрген түсі себеп. Онда бабаларының бірі осы көзінің қарашығындай болған жалғыз немере қызының білегін алғаш рет кім ұстаса, сол кісіге некелестіріп, ұзату керектігін айтқан сөздерін жақсылыққа жориды. Күндердің күнінде, он төрт жасқа толып, бой түзеген Нұрила су әкелу үшін құдыққа барғанда, құдыққа түсіп кеткен. Оны көрген ауыл балалары шулап, ел-жұртқа хабарлағанда алғашқы болып жәрдемге Бәйдібек батыр келіп, қызды құдықтан құтқарып алған. Оқиғаның мән-жайын білген атасы, көкейінде сақтаған, илаһи түске балаған жағдайды ескеріп, Нұрила немересінің білегіне алғаш қолы тиген ер-азамат Бәйдібек батырға ұзатқандығы жөнінде айтылады».

Бүгінде кейбір дәстүрлеріміздің көмескіленіп, бұрманалып жатқаны рас. Дегенмен ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы зерттеп, зерделеп, жүйелеп кеткен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні зор екенін  түсінуіміз керек. Қазақ халқының дала философиясы бізді адастырмайтыны хақ.

Айнұр Сенбаева 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста