Қабірлерімізді қиратып жатыр Ал вандализмге қалай тосқауыл қоямыз?

Қабірлерімізді қиратып жатыр Ал вандализмге қалай тосқауыл қоямыз?

Соңғы уақытта қабірге қойылған, түрлі-түсті металдан жасалған белгілерді ұрлап, сатып пайда табуды кәсіпке айналдырғандар, яғни вандалдар еліміздің әр аймағынан бой көрсетіп жүр. Таяуда Қарағанды облысы Теміртау қаласының маңындағы мұсылман зиратының 18 қабір қоршауын қиратқан вандалдар қолға түсті. Олар төрт мазардың қабырғаларын қиратып, металл қоршауларын алып кеткен. Басқа зираттардың мәрмәр тастары мен жазуларын құртып, ұрлаған металдарын небәрі 1 500 теңгеге өткізген. Қарап тұрсаңыз, мұндай жантүршігерлік оқиғалар еліміздің барлық облыстарында дерлік орын алып отыр. ОҚО, Павлодар, СҚО, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы т.б. өңірлердің көпшілігінде кездесуде. Сонда зиратта жатқан өлілерге де тыныштық бермей, қабірлерін қорлатып қойғанымыз қалай? Бұл қу құлқынның қамын ойлап, ақшаға азғындағандықтың белгісі ме, әлде басқалай себебі бар ма? Мұнымен күресудің жолдары қандай? Біз бүгін осы тақырыпқа аз-кем тоқталғанды жөн көрдік.

Бейбіт КЕЛГЕНБАЕВ, Алматы облысы Жам­был аудандық ішкі істер бас­қар­ма­сы­ның бастығы, полиция полковнигі:
– Жақында Жамбыл ауданындағы зираттан 32 қабірді бұзған, одан кейін Қарасай ауданындағы жеті қа­бір­ді, тағы да Еңбекшіқазақ ау­да­нын­дағы жеті қабірді бұзып, түрлі-түсті металл белгілерін ұрлап келген қыл­мыстық топ құрықталды. Олар өз­дерінің олжалаған заттарын түрлі металл қабылдайтын зауытқа өткізіп, пай­да тауып келген. Олар ұрлықты ал­ғашында түнде жасаса, кейін ер­кін­сіп кетіп, күндіз де зиратты то­нау­мен айналысқан. Өздерінің ай­туын­ша, олар ақшадан қатты қысылып кет­кен көрінеді. Қазіргі таңда олар­дың үс­ті­нен ҚР Құқықтық кодексінің 175-ба­бы­ның 3-бөлімінің «Б» тар­ма­ғы­мен қыл­мыстық іс қозғалып, тер­геу амал­да­ры жүргізілуде. Айта ке­тейік, жо­ға­ры­дағы фактілердің бар­лы­ғы жер­гі­лікті халықтың нақты бізге арызданып келгенінен кейін анық­та­лып отыр. Алайда халық зират ба­сы­на күнделікті бара бермейді ғой. Сондықтан бұл фактілер әлі де есе­ле­не түсуі әбден мүмкін. Егер туыс­та­ры­ның қабірлері бұзылған тұрғындар болса, Жамбыл аудандық ішкі істер бас­қармасына ха­барласуларын сұрай­мыз.
Ол – ол ма, тіпті ұлт батырына айналған Бек­зат Саттарханов пен аса көрнекті ғалым, абай­танушы Қайым Мұхамеджановтың да қабірін Құдайдан қорықпайтын жауыздар қиратып, бекзада жігітіміздің мыстан жа­сал­ған медальдарын қолды қылып кеткен. Өкініштісі сол, қазақтың бетке тұтар қос азаматының қабіріне шабуыл жа­са­ған­дар әлі күнге дейін бостандықта жүр. Алаш­тың аяулыларының қабірін осын­ша­ма қор­латып қойғанымыз қазақ­ты­ғы­мыз­ға сын емес пе?..
Негізі, елімізде қабір қиратушы вандалдарға қатысты заң бар ма? Олар қалай жазалануы тиіс?
Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының док­торы, профессор:
– Қылмыстық кодексте мүсін не­месе ес­керткіштерді қорлағандарға екі түр­лі бап бар. Мәселен, Қылмыстық ко­­декс­тің 275-бабында өлгендердің мәйітін қор­лағандарға, құлпытастарды, зират сарайындағы күмбездерді бүл­дір­­ген­дер­ге бір жылдан үш жылға дейін бас бо­с­тандығынан айыру жа­засы қол­да­ны­лады. Оның да ауыр­ла­татын түрлері бар. Мәселен, зиратты бүл­діруді әлде­неше рет қайталаса, ұйымдасқан топ бо­лып ұрлық жасаса немесе қорласа, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділікті қоз­ды­ру мақсатында жасалса, онда бес жыл­ға дейін бас бос­тандығынан айы­ру­ға жазаланады. Негізі, мұның бар­лы­ғы адамгершілікке жатпайтын қылмыс бо­лып табылады. Екіншісі – 258-бап. Егер үйлерді, ғи­ма­рат­тарды немесе үл­кен тұлғаларға арналып салынған ес­керт­кіштерді бүл­дірсе, онда мұның жа­залары аса ауыр емес. Себебі бұл та­ғы­лық, яғни ван­да­лизм болып табылады. Мұндай жағ­дай­да төрт айға немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жа­засы бар. Сондай-ақ 500 айлық есеп­тік көр­сеткіш бойынша айыппұл салы­на­ды.
Ел арасында «жұрттың зәресін алған мұн­дай оқиғаларға исламның теріс ағым­да­рының да қатысы бар» деген әңгімелер бар. Тіпті Атырау қаласының №2 сотында 30 бірдей моланы қиратқан сегіз адамның ісі бойынша сот процесі болып өтті. Сонда әлгі жігіттер Қылмыстық кодекстің 275-ба­бы бойынша «өлгендердің денелерін және олардың жерленген жерлерін қорлау» деген айыппен айыпталды. Тергеу ба­ры­сын­да күдіктілер зираттағы тас қабыр­ға­лар­ды құлатып, өлгендердің бастарына қойыл­ған тастарды қиратқандарын мойын­­­даған. Сотталғандардың бәрі Қазақ­­­станда тіркелмеген діни ағымдардың бі­ріне жатады, бұл ағым бабалар мен қасиетті орындарға тағзым етуге, табынуға қарсы. Ұсталғандардан көптеген діни кі­тап­, үнпарақтар, дәрістер мен уағыз­дар жазылған дискілер тәркіленген.
Еліміздегі діни сайттардың бірінде қа­бір басына барып құран оқуға қарсы шық­қан діни ағым туралы былай делінген екен: «Негізінде, уахабилер әрекеті тарихта та­лай қанды іздерін қалдырған. Олар ХІХ ға­сырдың басында Мекке, Мәдина қала­ла­рын­дағы барлық қабір тастарды, тіпті Ай­ша мен Фатима аналарымыздың және көп­т­е­ген сахабаның сағанасын жер­мен-жек­сен еткен. Кезінде Осман түрік­те­ріне соғыс ашып, олардың ұстанған ха­на­фи мәзһабын «күпірлік» деп жариялаған. Мұхаммед ибн әл-Уаһһаб дінсіздерге, зекет бер­мей­тін­дерге және намаз оқы­майтындарға қарсы жиһад ашуға дейін рұқсат еткен. Олар дү­ниауи мәдениет және өнермен ай­налысуды (музыка, театр, көр­кемсурет т.б.) ке­ші­ріл­мей­тін күнә санайды. Олар ис­лам әлемі 14 ға­сырдан бері мойын­дап келе жатқан төрт мәз­һабты мойын­да­май­ды».

Жалпы, вандализм әрекетіне қалай тос­қауыл қоямыз? Қолданыстағы заңды қатайту арқылы мұны тыюға бола ма? Кейбір қоғам қайраткерлерінің айтуынша, мұны заңмен жою мүмкін емес екен. Онымен күресудің бірден-бір жолы қоғамда психологиялық сауықтыру мен ағартушылық тұрғыда жұмыс жүргізіп, халықтың мәдениетін өсіріп, рухани байыту арқылы ғана қол жеткізе алатын көрінеміз. Қалай десек те, мемлекет тарапынан рухани-мәдени құндылықтарымызды сақтап, дәстүрлі дінімізді жан-жақты насихаттайтын уақыт жеткен секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста