Прокурорлар «Достықты» даудан арашалады

Шымкентте 2006 жылы «Достық» мөлтекауданы мемлекеттің қазынасына салмақ түсірмей, жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандардың демеушілігімен негізі қаланған еді. Бұл мөлтекаудандағы үйлер көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар мен асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне, бір сөзбен айтқанда, жағдайы қиын жанұяларға арналған-ды. Алайда жүйенің дұрыс жүргізілмеуі, жоспардың дұрыс ойластырылмауы, үміткерлер тізімін жасаудағы шикіліктер салдарынан тұрғындар арасында үлкен түсініспеушіліктер туындады.
Салынып біткеніне біршама уақыт болғанымен, дер кезінде иелеріне меншіктеле қоймаған үйлерге құжаты барлар есігін ашып, құжаты жоқтар есігін бұзып кіріп алған болатын. Далада қалғанша осыны дұрыс көрген де болар. Үйге кіріп алған тұрғындар енді ауызсу­ға, электр энергиясына қатысты келең­сіз­діктерді алға тартып, биліктің біраз ұйқысын қашырғаны да жасырып-жаба­тын жайт емес. Қысқартып айтқанда, осы тұстан басталған келеңсіздік арада 5 жыл уақыт өтсе де, толығымен шешіл­мей келеді.
Бұл сырткөзге де байқалған көрініс­тер еді, ал ресми органдар «Достық» мөл­текауданының «ішкі құпиясы»  жай­лы не дейді? «Достықтағы» жағдайды жіті зерттеу үшін облыстық прокуратура­дан арнайы жұмысшы тобы құрылып, оған жетекшілік ету міндеті облыс проку­рорының орынбасары Ибрагим Има­нов­қа жүктелген екен. Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу мақсатында Шым­кент қалалық әкімдігінің 2006 жылы шыққан қаулысымен «Өркениет» мем­ле­кеттік қоры құрылып, оған түрлі қо­ғам­дық акциялар нәтижесінде кәсіпкер­лер мен коммерциялық ұйымдардан демеушілік ретінде түскен қаржы жинақ­тала бастады. Сөйтіп, «Сырым Батыр», «Бозарық», «Қосай» және «Аңламас» өндірістік кооперативі төрағаларының өтініштері негізінде Шымкент қаласы әкімдігінің арнайы қаулысы шығып, 282 гектар жер телімі «Достық» мөлтекауда­нын құру үшін бөлінеді. Бастапқыда 506 тұрғын үй соғу жоспарланған. Оның 130-ы «Өркениет» қайырымдылық қо­ры­на түскен қаржы есебінен, қалғаны коммерциялық ұйымдар мен кәсіпкер­лер көмегі есебінен тұрғызылатын бо­лып бекітілді. Көп ұзамай алғашқы үй­лер де ірге тебе бастады. Үй бөлетін комис­сияның жұмыс тобы құрылып, бас­панаға мұқтаж, аз қамтамасыз етіл­ген 433 азаматтың тізімі жасалып, олар­ға Шымкент қаласы әкімдігінің бірнеше қаулысын басшылыққа ала отырып, құ­рылысы аяқталған үйлер мен жер телім­дерін бөліп берген. Алғашқы дау осы тұста тұтанып, жоғарыда аталған комис­сияның шешіміне наразылықтар туында­ды. Бұл наразылық кейіннен облыстық прокуратура, облыс әкімдігі, тіпті Бас прокуратура мен Президент Әкімшілігіне дейін жетті. «Демеушілердің ақшасын жеп қойды. Үйді тамыр-таныстарына таратып берді» деген айыптаулар мен осы мағынадағы арыз-шағымдар құ­зыр­лы орындардың тартпасына түсті. Облыстық прокуратураның тексеруі нәти­жесінде төмендегі жайттар анықтал­ды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес «Достық» мөлтекауданындағы тұрғын үйлер мен жер телімдеріне құқық беріл­ген 365 тұлғаға Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімімен жер телімдеріне меншік құқығын белгілейтін актілер берілген. Алайда оның ішінде 145 жер теліміне, дәлірегі, 63 тұрғын үй мен 82 бос жер теліміне құқықты куәландыратын құжаттар алынбаған. Орын алған осы секілді заңсыздықтарға орай 2007 жыл­дың желтоқсанында облыс әкімінің аты­на ұсыныс енгізілген. Алайда тәртіптік жауапқа тартылатын жан табылмады. Өйткені бұл заңсыздыққа жол берген сол кездегі жауапты қызметкерлер қазір мемлекеттік қызмет атқармайтын болып шықты. Сонда дейміз-ау, ертең бұл саладан кетемін деген шолақ оймен мемлекеттік қызметкерлер заңды белден баса берсе, қарапайым халықтың жағдайы не болмақ?! Прокуратура тара­пынан, қала әкімдігіне заңбұзушылық­тарды жоюға шара қолдану да тапсы­рыл­ған. Басты бақылаушы органның ұсынысына жүрдім-бардым қарады ма, әлде басқа себебі бар ма, әйтеуір, қала­лық әкімдік тарапынан бұл тапсырманың орындалуына байланысты тиісті іс-ша­ралар қолданылмаған. Мұнан кейін қалыптасқан жағдай туралы ақпараттық хаттар Бас прокуратура мен Үкіметке де жолданды.
Ербол ӨСТЕМІРОВ, ОҚО прокуратура­сы бірінші басқармасының прокуроры:
– «Достық» мөлтекауданындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстық прокуратура мен уәкілетті мемлекеттік органдар мамандары­ның қатысуында толыққанды зерде­леу жұмыстары жүргізіліп, нәти­жесі бойынша Қазақстан Республи­касы­ның Бас прокуратурасына бірқатар іс-шараларды уәкілетті органдармен бірлесіп атқару ұсынылып, ол қолдау тапқан. Атап айтқанда:
– «Достық» мөлтекауданында орналасқан барлық жер телімдеріне түгендеу жүргізіп, олардың нақты шекараларын, орналасу жерін және реттік санын анықтау;
– демеушілер мен «Өркениет» қорының көмегімен ретсіз салынған тұрғын үйлерді құрылыс нормалары мен ережелерге және сейсмотұ­рақ­тылыққа сәйкестігін анықтау;
– құқықты куәландыратын құжа­ты жоқ тұлғалар бос тұрған үйлерге өз еркімен кіріп алған. Өз кезегінде ондай үйлерді «иесіз» деп танып, коммуналдық меншікке қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қайта бөлу ұсынылды.
Ендігі жерде «Достықтағы» құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің тағдыры – Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-ының уысында. 2008 жылы осындай қаулы шығарылып, әкімдік өзінің мойнындағы жүкті аталған серіктестіктің жауапкершілігіне өткізді. Дегенмен бұл қалалық әкімдік жауапкер­шіліктен толықтай құтылды деген сөз емес. Облыстық прокуратураның ар­найы жұмыс тобы мөлтекаудандағы әр­бір жер телімін сызбаға түсіріп, бұрынғы, кейінгі егелері туралы барлық мәлімет­терді жинақтап, облыс әкімдігіне тағы да ақпараттық хат жолдады.
Ибрагим ИМАНОВ, облыс прокуроры­ның орынбасары:
– «Достықтағы» жағдайға байла­ныс­ты кең көлемді жұмыстар жүр­гізілді. Жинақталған құжаттарға сараптама жасалды. Бас прокурату­радан түскен нұсқауларды басшы­лық­қа алдық. Арыз-шағыммен жүр­ген әрбір азаматты облыс прокуроры Берік Құлтасов жеке-жеке қабылдап, оларға тиісті жауаптар қайтарылды, заң талаптары түсіндірілді. Осындай қабылдаулардан соң жұмысшы тобы облыс прокурорынан тиісті нұсқаулар алып отырды. Соның нәтижесінде «Достық» тұрғындарын алаңдатып келген түйінді проблемаларды дер кезінде шеше алдық деп толық сеніммен айта аламыз.
Дина КЕМЕЛБЕКОВА, мөлтекауданның тұрғыны:
– «Достықта» шешімін күткен мә­селе көп. Осы кезге дейін талай құ­зыр­лы органдардың табалдырығын тоздырдық. Жанайқайымыз жаңғы­рық күйінде қалып келді. Облыстық прокуратураның тікелей араласуы­ның арқасында заңсыздықтарға тос­қауыл қойылып, тұрғындардың мұқ­таждығын шешуге көмектескені үшін алғыс айтқымыз келеді.
«Достықтың» тұрғындары үйлердің сапасыз соғылғанын да жасырмайды. Ал құрылыстың сапасын тексерген тиісті мекемелер бәрі де «окей» дейді. Сонда қайсысының сөзі шындыққа жанасады? Бұл – енді бөлек әңгіме.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста