Полиция ұсталған журналисті шешіндіріп тінту процесін неліктен видеоға түсіргенін түсіндірді

Жетісу облысының полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстағаннан кейін неліктен шешіндіріп тінтіп, оны видеоға түсіргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Еске сала кетеййік, 11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді.

 

Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.

 

Кейін босап шыққан журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді.

 

Осыған орай Жетісу облыстық ПД мәлімдеме жасады.

 

«БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Дүйсенованы ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер болған туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеу аясында Дүйсеноваға жеке тінтуі жүргізілген. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі» деп мәлімдеді полиция.

 

Дегенмен күдіктіні жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар табылмаған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста