Пиротехника проблема тудырып жүрмесін

Пиротехника проблема тудырып жүрмесін

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехникалық заттардың да саудасы қыза түсетіні анық. Алайда олардың барлығының сапасы жақсы, қауіпсіз деп айтуға келмейді. Ал жарылғыш заттардан жапа шегетіндердің басым бөлігі бүлдіршіндер бола тұра, мектептер мен балабақшаларда пиротехникалардан күйіп қалудың алдын алу шараларын жүргізу тек жоспарда ғана тұр.
Дәрігерлердің айтуынша, Алматы қаласының өзінде өткен жылғы Жаңа жыл мерекесінде 50-ге жуық адам пиро­техникалық заттардан жапа шегіп, күйік шалып ауруханаға түскен. Олар­­­дың басым бөлігі кәмелет жасқа толмаған мектеп оқушылары көрінеді. Жылда қайталанатын мұндай төтенше оқиғалардың куәсі болып жүрген маман­дар бұл жолы да Алматы қаласында бас қосып, дәстүр бойынша халыққа «са­пасыз пиротехниканы сатып алмаңыз­дар» деп құлақтандырумен шектелді. Мерекелік отшашулардан зардап шегетіндердің басым бөлігін құрайтын мектеп оқушылары арасында әлі де қауіпсіздік ережелерімен таныстыру шаралары жүргізілмепті. Айту­ларынша, әр ауданның аудандық инспек­торларына тапсырмалар берілген. Демек, ол инспекторлар мектеп дирек­тор­лар­ына, директорлар ұстаздарға тап­сырма беріп үлгергенде ғана пиротехникалардан күйіп қалудың алдын алу шаралары жүргізіледі. Бірақ білім ошақтарындағы жаңажылдық кештер мен отшашулар 31-іне емес, бірнеше апта бұрын өткізілетіні естен шыққанға ұқсайды. Ал мектеп бас­шылары «формадағы ағайлар» кел­генше, өзіміз тәрбие сағаттарын жүргізе береміз деп отыр.
Гүлім Садырқұлова, Алматы қалалық №174 орта мектеп директорының қызметін атқарушы:
– Төтенше жағдайлар депар­та­ментінің мамандары мектебімізге әлі келген жоқ. Жақын арада пиротех­никалық заттарға қатысты қосымша сабақтар жүргізу туралы ұстаздарға тапсырма беріледі. Ал мектепішілік жаңа жыл кештері 24-інен басталмақ. Оған дейін формадағы азаматтар мектепке келіп, жарылғыш заттардың қауіпті екенін балаларға өз ауыздары­мен түсіндіріп береді деп күтіп отыр­мыз. Пиротехникадан күйіп қалатындар көбіне мектеп оқушылары болатын­дықтан, қатты алаңдаймыз. Бұл жөнін­де ұстаздардың айтқаны мен маман­дардың айтқаны балаларға екі түрлі әсер ететіні рас.

Өткен жылы Жаңа жылдың қарсаңында «101» жедел қызметіне жүздеген қоңырау түсіп, Алматы қаласында пиротехникалық жарылғыш заттардың салдарынан сегіз ірі өрт тіркелді. Сондай-ақ «Ялянь» базары­ның пиротехникалық заттарды сақтаған қоймасы отқа оранып, бір адам ажал құшқан болатын. Бірақ бұл оқиғадан кейін ел алдында сөз сөйлеген Төтенше жағдай­лар министрлігінің мамандары «пиротех­никалық жарылғыш заттардың сатылымы­на толықтай тыйым сала алмаймыз. Себебі біздің халықты мерекелік қызықтан айы­руға қақымыз жоқ» деген еді. Ал биылғы Жаңа жылға отшашулардың түр-түрі әлдеқашан саудаға түсіп үлгергенімен, 70 базар мен жабайы сауда иегерлерін тек­серу шаралары әлі де толығымен жүр­гізілмепті. Алматы қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, өткен жылы базарлардан және жабайы саудамен айналысқан алматылық азамат­тардан барлығы 15 тонна сапасыз пиро­техникалық заттар тәркіленген. Олардың басым бөлігі кейбір деректерде Қытай елінен әкелінген деп көрсетілді. Бірақ полицейлер «пиротехникалық заттардың қай елдерде жасалғаны маңызды емес, биыл бірде-бір сапасыз пиротехника сатылымға түспейді, өткен жылдардағыдай проблема тудырмайды» деп отыр. Ал өткен жылы құжатсыз тауарды сатып қолға түскендер де, пиротехниканың салдарынан өрт шығарғандар да қатаң жауапкершілікке тартылмаған. Мамандар­дың мәлімдеуін­ше, заңға сәйкес сапасыз тауарды сатып алған азаматтарды жазалауға болмайды, ал сапасыз тауардың иесі жеке тұлға болса бір айлық есептік көрсеткіш – 1618 теңге, заңды тұлға 5-7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 8090 – 11 326 теңге айыппұл төлейді.
Георгий Габараев, Алматы қалалық ТЖД әкімшілік полиция басқармасының полковнигі:
– Пиротехниканың қай түрі қай елден әкелінгені маңызды емес. Құ­жаты жоқ тауар – демек, сапасыз тауар. Бірақ биыл құжатсыз пиротех­ника атаулы сатылмайтын болады. Сауда орындарындағы жарылғыш заттарды тексеру жұмыстары әлі басталған жоқ. 2011 жылы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1303 қаулысы қабылданған бо­ла­тын. Бұл құжатпен азаматтық пиротех­никалық заттарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағи­даларын бекіту туралы Ережелер бекітілді. Егер бұл ережелер сақ­тал­майтын болса, 368-1 бап бойын­ша жеке және заңды тұлғалар айыппұл төлейді.

Жадыңызда жүрсін:
• жарылғыш затты қалтада алып жүруге;
жаймалардан, көшеден пиротехника­лық бұйымдарды сатып алуға;
адамға қарай жарылғыш заттарды атуға;
• аяқ астына лақтыруға;
• тұрғын үйлерден 30 метр қашықтықта салютті орнатуға;
• бетке жақын ұстауға болмайды!

Айта кетейік, желтоқсанның 19-ына қараған түні Шымкент қаласындағы «Алаш» сауда орнындағы пиротехникалық заттар сақталған қойма өртеніп кетті. Жүздеген адам мен ондаған техника тілсіз жаумен екі сағат көлемінде арпалысқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста