Педагогикалық технология танылып келеді
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген термин ұшырасады. Мысалы, оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар. Сондай-ақ бұл қатарға бағдарланған және проблемалы оқу технологиялары мен авторлық технология және т.б. кіргізуге болады.
Алғашқыда педагогтер «педагогикалық технология», оқу-оқыту және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу мен тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мәні оқу және тәрбие технологиясы ұғымдары мәндерімен салыстырғанда терең әрі ауқымды. Педагогикалық технология – кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Ал оқудың педагогикалық технологияларына өзінше сипаттама беруге болады. Оқудың дәстүрлі (қайта жасау-репродуктивті) технологиясы білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл – технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған, әсіресе орта мектептерде. Оның мәні – жаңаны игерту, бекіту, қадағалау, бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу-оқытудың басты әдістері ретінде: көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, оқушының жетекші іс-әрекеттері, басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне игерілгенді қалдықсыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылардың орындағандарын бағалау және реттеу,түзету екендігі белгілі. Дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көрсету және жеделдестіру технологиясы – мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияландыру негізінде жасалған технология. Ал модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. Шоғырластырылған оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пәнге шомдыру әдісіне негізделген. Бұл – технология жақтастарының пікірі, оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады.
Б.М.Назарбекова Талдықорған қаласы