Пакеттен келер пәле көп... тұтыну мәдениетін меңгерсек, ол да мәселе болмас еді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Полиэтилен пакеттерге көзіміз үйренгені соншалық, бүгінде баяғы жіптен тоқылған торлар мен азық-түлік салатын себеттерді мүлде ұмытуға айналдық. Апаларымыз бұрын базарға арнайы сөмке арқалап баратын болса, қазір кез келген сауда-саттық орнына дорбасыз бас сұғып, дүниенің затын пакет-пакетімен арқалап шығуға болады. Тиімді болатын себебі, ол пакеттер, біріншіден, тегін; екіншіден, азық-түлік салуға өте қолайлы және қысылмай ұстап жүре беретіндей жып-жинақы. Дегенмен тұтынушы көңілінен шыққан сол пакеттердің қоршаған ортаға, адамзат баласының түрлі іс-әрекеттерінен онсыз да зардап шегіп жатқан табиғатқа келтіріп жатқан зияны шаш етектен көрінеді.
Нақты мәліметтерге жүгінсек, дүниежү­зі бойынша жыл сайын триллион тоннаға жуық полиэтилен пакеттері шығарылады және оларды артынша қайтадан өңдеу тіп­ті мүмкін емес деуге болады. Соған қо­­са өздері оңайлықпен шірімейді де. Ал өртелу барысында олардың бойынан та­би­ғатқа да, адам баласына да өте зиян­ды заттар бөлінеді. Жұрттың қоқысқа тас­­­тайтын пакеттерінің жыл сайынғы мөл­ше­рі үлкен қалаларда шамамен алғанда ал­ты тоннаны құрайды. Жеп-жеңіл, жұп-жұқа болғандықтан, оларды бірден жел ұшырып әкетеді. Сөйтіп, эколог ма­ман­дардың дабыл қағуынша, адам аяғы бас­паған құла түз бен ит тұмсығы бат­пайтын ну ормандардың өзі де соңғы уақыт­та полиэтилен пакеттермен қатты ластануда.
Сол себепті де аталмыш пакеттерден бас тарту шаралары қазір дүниежүзі бойын­ша қарқынды түрде жүріп жатыр. Яғни шетелдерде оларға не мүлде тыйым салынған, не Ирландия, Германия, Оң­түс­тік Африка мемлекеттеріндегі сияқты үлкен салық міндеттелген. Табиғаттың осынау зиянды ластаушысынан бас тарту бәрінен де Тайваньда қатты насихатталуда. Пластик пакеттер ондағы мемлекеттік және жекеменшік сауда орындарынан осы­дан алты-жеті жыл бұрын алынып тасталған. Жұрттар сауда-саттық жасау­ға өз сөмкелерімен келеді. АҚШ дүкенде­рі­нің де тұтынушыларына қағаз орамдар ұсы­нып жүргеніне талай жыл болған және біраздан бері қағаз пакеттің орны­на плас­тик пайдаланып тәртіп бұзған­дарға айыппұл салына бастаған. Ал австра­лиялықтар бүгінде ешқандай жазалау шараларынсыз-ақ, экологиялық жағынан зиянсыз, кенеп сөмкелерге көшкен көрі­неді. Жоғары дамыған елдерде эколо­гиялық жауапкершілік тіпті сәнге айналған десе де болады. Мәселен, Доменико Дольче, Стефано Габбана іспетті танымал дизайнерлер сауда-саттық жасауға арнал­ған сапалы сөмкелер ойлап шығарған. Ал Аня Хиндмарч деген модельер «Мен пластик пакет емеспін!» деген ұран жа­зылған сәнді мата сөмке жасаған. Батыс­тың белгілі жұлдыздары осындай жаңа дүниелерді жұрттан бұрын сатып алу, күн­делікті тұрмыста пайдалану арқылы тіпті өзгелерге үлгі көрсетуде...
Өкінішке қарай, бұл үрдіс бізге әлі жеткен жоқ. Яғни қарапайым пакетпен-ақ қоршаған ортаны қандай күйге түсі­ріп жатқанымыз біздің ойымызға кіріп-шыққан да емес. Ал шын негізінде, таби­ғат тазалығы – әр адамның қолындағы шаруа. Осы орайда аталған пакеттерден бас тартудың не қиындығы бар?! Мәсе­лен, ағылшын ғалымдарының есебін­ше, ірі қалалардың әрбір тұрғыны, тым болмағанда, бір жаңа пакетті пайдала­ну­дан бас тартса, ауаға жайылатын зиян­ды заттардың көлемі жылына он бір мың тоннаға азаятынға ұқсайды. Әсер­лі-ақ. Өкініштісі, біз жауапкершілікті өз мойнымызға алуға үйренбегенбіз. Біз­дің­­ше, барлық жұмыспен билік айна­лы­суы керек. Әрине, мемлекеттің эколо­гия­­лық қауіпсіздік тұрғысындағы рөлін жоқ­қа шығаруға болмайды. Бірақ оны әсіре­леудің де қажеті жоқ. Әсіресе экология мәселесіне әрбір адам өзінше үлес қоса алатын осындай тұстарда...
Бір анығы, бізде кез келген нәрсеге тұ­тынушылық көзқарас басым. Ал тұ­тыну мәдениеті төмен. Дәл қазіргі жағ­дайда оны қалыптастыру да оңай­ға соқпайтын секілді.

Есте болар жайт
Пластик пакеттердің негізін құрайтын полиэтилен мен поливинилхлорид қорша­ған ортада ондаған жылдар бойы сақталады және микроорганизмдерге ешқашан «жұты­лып кетпейді». Ал бұл полимерлерді өртеу канцерогендік қақ пен өте улы диоксин­нің пайда болуына әкеліп соғады. Ыдыс-аяқты және азық-түлік өнімдерін орауға, салуға арналған қапшық ретінде, негізі, жоғары қысымда дайындалған полиэтиленді ғана пайдалануға рұқсат етілген. Себебі төмен қысымда әзірленген пластик пакеттерде катализаторлардың – адам денсаулығына өте зиянды металдардың қалдығы сақталып қалуы ықтимал.
Соңғы жылдарда бүкіл әлемде полимерлерді биологиялық жағынан оңай ыдырай­тын материалдармен алмастыруға тырысу әрекеті байқалуда. Бұл үшін полиэти­лен мен поливинилхлорид молекулаларына полимерлерді күн сәулесі арқы­лы «жұтылатындай» немесе тез ыдырайтындай күйге түсіретін арнайы қоспалар жібе­ріледі. Зиянды дүниеден құтылудың тағы бір амалы – полимерлерді қағазбен, сон­дай-ақ басқа да табиғи шикізаттармен алмастыру. Мысалы, бүгінде Жапонияда бір мәрте пайдаланылатын ыдыс-аяқтарды крахмалға ерекше бай картоп түрінен арнайы әдіс­пен алынатын, нығыздалған крахмалдан жасауға айрықша көңіл бөлініп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста