Пайдасынан зияны көп дәрілерге шектеу бола ма?

Пайдасынан зияны көп дәрілерге шектеу бола ма?

Дертіңізге дауа болады деген дәрілердің өзінен ши шығып жатыр бүгінде. Аурудан айықтыра ма деген дәрумендердің өзі қайта дерт жамауда.
Еліміздегі фармакологиялық бақылау саласының мамандары жуырда 10 мың препаратты тексеруден өткізген болатын. Жағдай жаға ұстатарлықтай. Сүзгіден өткен дәрілердің 20 пайызы жарамсыз болып шыққан. Ең қорқыныштысы, олар­дың нұсқаулығындағы дәрі туралы мәлі­меттер, құрамы сай келмейді. Нұс­қаулық айдалаға лағып кетіпті. Маман­дардың тек­серу қорытындысы мүлдем бөлек болып шыққан. Жыл басынан бері еліміз бойынша 20 адамның дәріден улану фак­тісі тіркелген. Фармаколо­гиялық бақы­лау басқармаларына дәріге байланысты 150-ден астам шағым түсіпті. Сондай-ақ отан­дық өндірісте өнді­ріл­ген препараттардың 30 пайызы­ның жарамсыздығы анықталып отыр. Елімізде дәрі өндірісімен айналы­са­тын зауыттардың саусақпен санарлықтай екені белгілі. Енді солардың өзінен ши шы­ғып жатқан соң, не амал?! Бас ауы­рып, бал­тыр сыздай қалғанда екінің бірі пайда­ла­натын «Аналгин», «Ацетил­са­лицил қыш­қылы» препараттары құра­мының стан­­дарт­қа сай еместігі де анықталып отыр. Адам денсаулығының кепілі делін­ген дәрілерден қайран болмаса, онда не істеу керек? Негізінен, отандық болсын, импорттық болсын – дәрі-дәрмектердің барлығы мемлекеттік тіркеуден өтіп, содан кейін ғана елімізде сатылуына рұқсат етілуі тиіс. Алайда бұл талаптың көбіне сақтала бермейтіндігі анық. Оған осы салаға қатысты әр жерден бой көтеретін дау-дамай дәлел. Дәрі-дәрмек саласына қатысты дау-дамайда сабақ­таулы инедей ілесіп жүретін тағы бір мә­селе бар. Бүгінде желілік маркетинг бо­йын­ша сатылатын дәрі-дәрмектер жетіп- артылады: дәріханаларда емес, жеке адамдардың қолында. Оның лицензия­сын сұрап жатқан жан жоқ. Пайда табу үшін жарнамасын қаптатып, саудасын да қыздырып жүргендер көп. Пайдасынан гөрі, зияны көп осындай дәрілерге шек­теу бола ма? Бұл – жауабы жоқ сұрақ. Әрі жуық арада нүкте қойылуы да белгісіз. Елімізде отандық фармацевтика­лық өнімдердің тек 10 пайызды құрай­тыны белгілі. Сонда елімізге ағылып келіп жатқан дәрілердің 90 пайызы импорттық өнім деуге болады.  Одан бөлек шекарадан заңсыз өткізіліп жатқан дәрілерді қосы­ңыз. Әсіресе қытайдың қауіпті дәрілері базарларда заңсыз сатылымда жүр. Тіпті жуырда арықтай­мын деп есінен адасқан қыз туралы басылымдар жарыса жазды. Шынында да, Қытайдан әкелінетін дәрі­лерге құмартушылар көп. Бұрындары салмақ тастауға арналған дәрілерге сұраныс көп болса, бүгінде жүктілікке қарсы дәрілер­дің алушылары артыпты. Қытайдан әке­л­інген түсік тастау мақсатындағы дәріні ішкен 170-ке жуық әйел өлім аузынан қалған. Бүгін оны қолданғанмен, ертеңгі күні ана атану бақытынан мүлдем айы­рылу қаупі тұрған жоқ па?! Оны анала­ры­мыз бағамдап жатқан жоқ...
Жеңіл жаза заңсыздыққа жол ашар
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК дәрілік заттар айналымы саласын­дағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылады. Орталық 2002 жылы құрылған. Ұлттық орталықтың негізгі мақсаты – аты айтып тұрғандай, дәрілер­дің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау. 2007 жылы Қазақстан дәрілік заттарды мониторингілеу бойынша ДДҰ Халықара­лық бағдарламасы қауымдастығының мүшелігіне өткен болатын.
Дәрілердің сапасын талдауда үнді фар­ма­копеясы алдыңғы қатарда әрі әлемдегі фармацевтикалық өнім өнді­ру­дің  ұлттық стандарты елі ретінде са­на­ла­ды. Жапонияда дәрілік заттардың сапасын қа­таң бақылауда ұстайды. Сондай-ақ АҚШ-тың дәрі және тамақ өнімдерін ба­қы­лау бойынша бас­қармасы (FDA) талап­шы­л­дығымен бас­қа­ларға үлгі бола алады. Мәселен, АҚШ-тың дәл осы басқармасы үй жануарларына арналған тағамдар құ­ра­мынан улы қос­паларды анықтаған соң, Қытайға қарсы нота жолдағаны белгілі. Ал біздің ел Қытайға қарсы «майдан» аша алмай отыр. Тіпті бір емес, бірнеше рет адам­дардың улану фактісі тіркелсе де, бұл салада – «өлі тыныштық»... Фарма­ба­қы­лау­дың бірден-бір таңдаулы ұлттық жүйесі Еуропада және Ұлыбританияда бар.  Осы елдерде тәжі­ри­беге аяқасты хабарлама жүйесі енгізілген. Ұлыбританияда бұл жүйе сары карта сызбасы деп аталады. Ол бойын­ша, дәрілік және тамақ өнімдерін бақылау жөніндегі ұлттық денсаулық сақтау агенттігіне қауіптенген жағдайда пошта ар­қылы хабар жіберіледі. Сары карта сызбасы бүгінде әлемнің барлық елінде фар­ма­қа­да­ғалау жұмысының негізгі анықталған әдісі болып келеді. Елімізде 2005 жылдан бастап аяқ­асты хабарламалар әдісі енгі­зіл­ген. Отан­дық және шетелдік өндірушілердің елі­мізде тіркелген дәрілік препараттарының қауіп­сіздігін бақылау үшін жолға қойылған. Осы­­ған сай нормативтік-құқықтық құжат­тар бекітілген. Алайда арнайы заң бол­ға­ны­мен, оның орындалу деңгейі тым тө­мен.
Дәрі.кз-ның қауқары қандай?
Дәрі-дәрмекке жауапты мамандар қауіпті таблеткалармен күресу үшін dari.kz атты порталды іске қосып отыр. Аса қажетті осы сайт арқылы тұтынушылар қандай дә­ріге лицензия берілгендігімен, дәрі-дәр­мек­тің құрамы қандай екендігімен, тіпті арнайы нұсқаулығымен толық таныса ала­ды делінген. Мамандар порталға енбеген өнімдерді сатуға рұқсат жоқ деп отыр. Алай­да аты бар да, заты жоқ болып шықты. Аса қажетті дәрілерді айтпағанның өзінде екінің бірі пайдаланатын «Аналгиннің» өзін таба алмадық. Іздегеннен пайда жоқ. Са­ба­н­ның арасына түсіп кеткен инедей «іздеу» нүктесін басқанмен, табу мүмкін болмады… Шеттен келетін және отандық дә­рілердің сапасын қатаң қадағалау үшін министрлік төрт кезеңдік бақылау жүйесін енгізіп отыр.
Дәулет Сәбденәлиев, Дәрі-дәрмектерді тексеру ұлттық орталығы директорының орынбасары:
– Төрт кезеңнен тұратын жүйенің негізгі мақсаты – дәрілердің сапасын арттыру, екіншіден, шекара асып келетін дәрілерді қатаң қадағалау, одан кейін тексеріс кезіндегі жемқорлықты жою. Сондай-ақ тұтынушының құқығын қор­ғау да назардан тыс қалмайды.
Жұмыс атқарылып жатыр. Алайда нә­тиже кемшін. Заңсыз дәрілердің айналымда жүр­гені – жүрген. Тіпті улану фактілері көп­теп тіркелсе де, қолданылып жатқан шара кемшін. Себебімен емес, салдарымен кү­ре­сіп жүргендейміз... Тәртіп сақшылары та­рапынан қолға түскенімен, жеңіл-желпі айыппұлмен құтылып кететін көрінеді. Заңсыз дәрі сатқандарды ұстап, ісін сотқа өткізгенімен, сот айыппұл салып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырады. Жеңіл жаза емес пе?! Одан бөлек бюджетке салық төленбейтіні тағы анық. Осы кәсіптің құлағын ұстағандар екі жеп, биге шығып отыр­ғандай. Оған тоқтам салуға сол­қыл­дақ­тық танытып отырғандаймыз...

Есте сақтар ескертпе
Дәрі-дәрмектердің ішкі-сыртқы орамдарында дәрілік заттардың атауы, қай елден, қандай өндіріс орнынан шыққаны, дайындалған күні, қолдану әдісі, жа­рам­дылық мерзімі, сақтау шарттары, әлбетте, көрсетілуі тиіс. Олардың кейбірі бел­гілі температурада, салқын жерде, жабық сөрелерде сақталуы керек. Дәрінің сапа­сын анықтайтын сәйкестік сертификаты болуы керек. Ал дәріхананың лицен­зиясы­ болуы шарт. Дәрінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, ондай жағдайда сол дәріхана иелері «Дәрілік заттар туралы» заңның 35-бабына сәйкес жауап­кер­шілікке тартылады. Фармацевтік бақылау басқармасына хабарласу керек. Ондай жағ­дайда қолыңызда, әлбетте, чек болуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста