Озонотерапияның артықшылығы көп
Қолданыстағы көптеген дәрі-дәрмектердің қосалқы әсері болатыны белгілі. Сондай-ақ мамандар үзбей дәрі пайдаланудың кей жағдайда адам ағзасына зиян екенін де айтады. Сондықтан да соңғы кездері медицина саласында табиғи емдік шөптерді, адам ағзасына зиян келтірмейтін ем тәсілдерін қолдану өркендеп келеді. Сондай зиянсыз ем тәсілінің бір түрі – озонотерапия.
Ең алғаш озонотерапия әдісі ҚР Президенті істері жөніндегі басқармасы медицина орталығының клиникалық ауруханасы – Совминнің экстракорпоралды гемотүзету бөлімінде енгізілді. Бүгінгі күнде озонотерапия сауықтыру мен емдеудің әлемдегі ең кең тараған дәрі-дәрмексіз тәсіліне айналуда.
Жолымбет ТІЛЕУОВ, Экстракорпоральді гемотүзету бөлімінің меңгерушісі:
– Осы уақытқа дейінгі іс-тәжірибе озон газының көмегімен көптеген ауруларды емдеп, жазуға болатынын көрсетіп келеді. Бірқатар жағдайларда тек озон ғана күшті әсер ететін дәрілерді тиімді түрде ауыстыруға қабілетті екенін дәлелдеді. Ең маңыздысы, озонның ешқандай қосалқы әсері жоқ. Сонымен қатар озонмен ұштастыра жүргізгенде, емдеудің өзге тәсілдерінің тиімділігі бірнеше есе артады. Микробты жасушалардың, вирустың, сүйелдің ішіне оңай ене отырып, озон озонидтердің мембранаға қышқылдандырушылық әсер ететін, солайша олардың қабықшаларының бүтіндігін бұзатын биологиялық белсенді топтарын түзеді. Озонның өте жоғары антисептикалық тиімділігі оның дәл осындай қасиетіне негізделген, ол антибиотиктерге төзімді герпестің, А, В, С гепатиттерінің вирустарына және басқа да күшті вирустарға да әсер етеді.
Маманның айтуына қарағанда, озонидтер, сондай-ақ бүкіл ағзадағы ферменттердің және жасуішілік құрылымдардың белсенділігін күшейтетін катализатордың да қызметін атқарады. Осыған орай адам ағзасында қышқылдану-қалпына келу үдерістері жанданады. Ағзаға озон енгізу қанда оттегінің күрт көбеюімен қоса жүреді және биологиялық белсенді заттардың түзілуі жақсарады. Соған сәйкес, қанның қызыл түйіршіктерінің – эритроциттердің оттегі тасымалдау қабілеттілігі артады. Озон сфероциттердің пішінін өзгерту арқылы және эритроциттердің жабысқақтығын болдырмау жолымен тамырдағы қанның аққыштығын арттырады, соның есебінен барлық дене мүшелерінің және бұлшықеттердің, соның ішінде оттегімен жеткіліксіз қоректенетін тұстардың, қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады. Сондай-ақ озонидтер иммундық жүйенің жасушаларын, әсіресе олардың фагоцитарлық қызметін жандандырады, оның қорғаушылық белсенділігін 10 есе арттырады. Простагландиндерді – қабынушылық реакцияларға қатысатын биологиялық белсенді қосындыларды қышқылдандыра отырып, озонидтер зақымданған еттердегі қалпына келтіру үдерістерін орнына келтіреді, бұл қабыну құбылыстарының жойылуына әсер етеді. Озонның төменгі дозаларын алғанның өзінде-ақ көмірсутегінің қышқылдану үдерістерін жылдамдататын ферменттердің, липидтердің және белоктардың белсенділігін тежеп, оның орнын жігерлілік, жұмыс істеу қабілеті қалпына келушілік сезімі басады. Озон ұйқысыздықтан, күйзелістен және сонымен бірге созылмалы шаршаңқылық синдромынан айықтырады.
Экстракорпоральді гемотүзету бөліміндегі ерекше ем әдісінің тағы бірі – плазмоцитаферез. Мамандардың айтуынша, бұл тәсілдің тиімділігі мол.
Д.М.ҚАЛТАЕВА, жоғары санатты дәрігер:
– Плазмоцитаферез – экстракорпоральді гемо-қалпына келтірудің емдік мақсатпен қанда (плазмада) эндогендік және экзогендік токсиндердің, айналыста болатын иммундық кешендердің, аллергендердің, патологиялық жат денелерді, холестеринді, қанның ұйығыштығы факторларын немесе пішінді элементтердің (эритроциттердің, тромбоциттердің, лейкоциттердің) қанығуын арылтуға немесе азайтуға негізделген әдіс. Плазмоцитаферез аллергиялық аурулар (асқынған және созылмалы есекжем, квинке ісінуі, маусымдық поллиноз, аллергиялық дерматиттер, бронхылық астма), аутоиммундық аурулар (асқынған гломерулонефрит, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, склеродермия, жүйелі васкулит және т.б.), ішкі мүшелердің эндотоксикозбен (панкреатит, гепатит, холецистит, холангит және т.б.) қосарланған созылмалы және асқынған аурулары. Тері аурулары (экзема, нейродермит, теміреткілер және т.с.с.), зат алмасуының бұзылуы (гиперхолестеринемия, подагра, порфирии және т.с.с.), тиреотоксикоз, аутоиммундық тиреоидит, қант диабеті, жүкті әйелдердің резус – қиыншылықтары, эритроцитоз, тромбоцитоз, гиперлейкоцитоз, кез келген себептен уыттану жағдайларында қолданылады.
«Мың естігеннен бір көрген артық» дейді халық даналығы. Сөзіміздің растығын білудің еш қиындығы жоқ. Ол үшін Совмин ауруханасына бас сұғу жеткілікті. Есіктен кірген сәтте-ақ тіркеу бөлімінде отырған мамандардың жылы шырайы мен жүректі жылытар сөзі-ақ дертіңді жеңілдетеді. «Дәрігер тек емімен ғана емес, сөзімен де дертке дауа береді» деген сөздің шындығына Совмин ауруханасына барғанда өзіңіз куә боласыз.