Өскемен экологиясы талқыланды

Өндірісті өлкенің бас шаһары­ның экологиялық хал-ахуалы күн тәртібінен түспей отыр. Оның көкей­кесті мәселелері күнара қоз­ға­луда. Осындай кезекті шара­да кәсіпкерлер, студент жас­тар, мемлекеттік және мем­ле­кет­тік емес ұйымдар мен өндіріс орындарының өкілдері бас қосты.

300 мыңнан астам халқы бар Өскемен қаласының экологиялық хал-ахуалы әлі де түрлі мәселелерді алға тартады. Оған бас­ты себеп – Кенді Алтайдың бас қаласының, біріншіден, өндіріс орталығы болуы, екін­шіден, сауда кешендерінің жылдан-жыл­ға көбеюі, яғни жаңа ғимарат иеле­рі­нің автокөлік тұрағын жасау үшін жасыл же­лек­ке оранған орындарды жиі жоюы.
Қаланы көгалдандыру жұмыстары жүр­гізіліп, саябақтар мен көшелер абат­тан­дырылғанымен, ондай мәселелердің жос­парға сай емес, керісінше, аяқастынан ат­қарылатыны жасырын емес. Дөңгелек үс­тел барысында қаланы көгалдандыру, оның экологиялық, климаттық тұр­ғыдағы ерекшеліктері мен жағрапиялық орна­ласуын да жете зерттеу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ жылдан-жылға көбе­йіп отыр­ған автокөліктерден тарайтын газ­дар­дың қоршаған ортаға тигізетін кері әсе­рі де назардан тыс қалмады. Бұл орайда, әсі­рес­е, жастарды экологиялық сауатты­лық­қа тәрбиелеу қажеттігіне баса назар ау­да­рылды.
Татьяна НЕТУНАЕВА, «Кругозор» жастар мәдениеті және туризмі орталығы директоры:
– Қаламыздың экологиялық таза­лығы мен көгалдандыру мәселелері тек тиісті орындарды ғана толғандырмау керек. Керісінше жастар бойына мек­теп­тен бастап табиғатты аялауға қажетті тәрбие берілуі қажет.
Дөңгелек үстел басында айтылған әңгіме өзегі – қаланың жасыл желегін қор­ғап, көгалдандыру шарттарын пысықтауға, оны жүргізуін қадағалау механизмдерін же­тілдіруге жұмыс тобын құруға негіз­делді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста