Әлеуметтік желіде Астанадағы бес баланың қазасына арнап өлең оқыған кішкентай қыздың видеосы тарап кетті. Торғайлық ақын Саят Әбеновтің арнауы оқушының көзіне жас әкелген деп хабарлайды NUR.KZ.
Бір ғана жанұяның емес, жалпақ жұрттың қайғысына айналған қайғылы оқиға желіде әлі де талқыға түсуде.
Бүгінде бес баласынан айырылған жанұяға көңіл айтқан халық әлеуметтік желіге жазбалар салып, өлең жазып, іштегі шерлерін бөлісіп жатыр.
Дәл осылай бір күнде көз жұмған бес қыздың тағдырын айтып, Саят Әбенов есімді ақынның өлеңін оқыған қыз бала да көптің көңілін түсірген.
Еске сала кетсек, елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болған.
Жекеменшік үйден өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.
5-ші қаңтарда марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы да қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтқан болатын.