Өрт сөндірушілер ескертеді: Терезенің алдына су қоймаңыз

Өрт сөндірушілер ескертеді: Терезенің алдына су қоймаңыз

Терезенің алдына су қоюға болмайды. Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері осындай ескерту жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Өткен жексенбіде Петропавлда ерекше оқиға болған. Атап айтқанда, 9 шілде сағат 20:20-да 101 номеріне Ш. Уәлиханов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінің балконында түтін көрінгені туралы ақпарат түседі. Пәтер құлыптаулы болған, ал ешқандай өрт белгілері көрінбейді. Анықталғанындай, жоғары қабатта тұратын көршілері түтінді байқаған. Балконның сыртына бекітілген гүл өсіруге арналған ағаштан жасалған қорап тұтанған болып шықты. Ол күннің ыстығынан жана бастаған.

 

СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне балконға автосатымен көтеріліп, өрт көзін сөндіру үшін бір шелекке толмайтын су жеткілікті болды. Мамандар өртке үйдің жоғарғы қабаттарынан түскен темекі тұқылының себеп болғанын анықтады.

 

Осы орайда, өрт сөндірушілер қауіпсіздікті еске салады:

 

- Балконда еріткіштерді, бояуларды ұстау өте қауіпті.

 

- Балконды қажетсіз заттармен толтырмаған дұрыс.

 

- Оттықты қалдырмаңыз, күн сәулесінен қызған кезде ол жарылып кетуі мүмкін.

 

- Балконға, терезе алдына су қоймаңыз, олар үлкейткіш әйнек сияқты жарық сәулесін шоғырландыруы мүмкін!

 

- Өрт тұтанса, дереу «101» телефон номері арқылы хабарлау керек. Егер өрт күшейіп кетсе, жел үрлеп кетпеу үшін есікті және терезелерді мықтап жауып, балконнан дереу шығыңыз. Көршілерге өрт туралы ескертіңіз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста