Оразадан босатылғандар туралы не білеміз?

Оразадан босатылғандар туралы не білеміз?

Егер кімде-кімнің денсаулығы, жағдайы бола тұрып, ораза тұтпаса, үлкен күнәға батады немесе үлкен өкініште қалады. Себебі пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі болсын) бір сөзінде: «Кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетіп, оразаны тұтпаса, оған тозақтың шұңқыры болсын», – деген.

 Алайда Алла тағаланың адам баласына қиындық тілемейтінін де ұмытпаған жөн. Мәселен, Құранда: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін!» – деген аят бар. Яғни денсаулығына байланысты ораза ұстауға шамасы жетпейтін адам Рамазан айының оразасы үшін бір кедейді 60 күн бойы екі рет тамақтандырады немесе 60 кедейді бір күнде екі рет тамақтандырса да болады. Ал дені сау адамның оразаны қасақана бұзуының өтемі ауыр. «Кәффарат, яғни бір күндік қасақана бұзылған оразаның өтелуі үшін құл азат ету керек. Немесе, арасын үзбей 60 күн ораза ұстауы керек. Сондай-ақ бір күнде 60 міскінге екі мезгіл тамақ берсе, бір міскінді 60 күн бойы екі мезгіл тамақтандырса немесе 60 кісіге пітір садақа берсе болады» делінеді.
 
Енді «оразадан кімдер босатылады?» дегенге келсек:
• Мұсылман кісі қатты науқас болса немесе ауруы асқынатын болса, яғни ораза тұтуымен ауруы асқынып кететін қаупі болса, ораза тұтпайды. Мысалы, қант диабеті аурулары, асқазан аурулары, әрдайым дәрі ішу керек болатын қан қысымы және жүрек аурулары. Бұлар ауруынан жазылғаннан кейін қанша күн ораза тұтпаған болса, сонша күнін кез келген бос уақыттарында тұтып береді. Үмітсіз, ауруы жазылмайтын немесе әбден қартайған кісілер ораза тұтпайды, олар тұтпаған әр күнінің орнына бір кедейді тойдырады немесе бір күнде 30 кедейді тойдыру керек немесе қарны тоятындай қаржы беру керек.
• Жүкті әйелдің және құрсақтағы баланың денсаулығына нұсқан келетін болса. Бірақ баланың мықты болуына оразаның жәрдемі бар екендігін медицина ғалымдары дәлелдеген.
• Әйел кісінің емшектегі баласы болып, сүті тартылып қалатын қаупі болса, ораза тұтпайды.
• Мұсылман кісі сапарға шыққанда машақат көретін болса. Шариғатта 90 шақырымнан алыс жолсапар жүретін болса, ораза тұтпауға рұқсат. Жолсапары қиын болмай, ораза тұтса, нұрдың үстіне нұр. Жолсапарда қанша күн ораза тұтпаған болса, сонша күнін Отанына оралғанда тұтады.
• Шөл далада аштықтан немесе шөлден өлу қаупі туса, ораза тұтпайды.
• Жаумен соғысып жатқан кезде ауыз бекітпесе болады.

Айболат ҚАСЫМҚАНҰЛЫ, Әнет баба атындағы қос мұнаралы орталық мешіттің кезекші имамы:
– Ораза ұстау – әр мұсылман баласының парызы. Тек кәмелет жасына толуы тиіс. Кішкентай балаларға ауыз бекітуге болмайды. Соған қоса денсаулығы келмейтін адамдар оразадан босатылады. Ал дені сау бола тұра, ауыз бекітпеу – үлкен күнә. Сапардағы адамдар, аяғы ауыр әйелдер, емшекте баласы бар аналар да оразадан босатылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста