Орамал таққан қазақ жігіті, елдің ашуын тудырды (видео, фото)

Әлеуметтік желіде ерекше образымен танылған бет әрлеуші жігіт бүгінде халықтың қаһарына ұшырады. Көпшілік оның ер азамат бола тұра басына орамал тартып жүргеніне шүйлікті. Алайда, Мұхаммед орамалды ел ашуын тудыру мақсатында емес, "қазақ әйелдеріне сабақ болсын" деген оймен таға бастағанын айтып, ағынан жарылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Атышулы орамалды жігіт Instagram желісінде Мakeupmengold ретінде танымал болып кетті. Оны өзге бет әрлеуші жігіттерден басты ерекшелігі де сол орамалда болса керек.

 

Мұхаммед "Ойбай Show" бағдарламасына арнайы сұхбат беріп, мұндай образда ел алдына шығуына не себеп болғанын айтып берді. Ол бұл әрекетімен қазақ әйелдерінің орамал тартуды ұмыта бастағанын көрсеткісі келген.

 

"Мен макияж жасап жатқанда көбінесе басыма орамал тағып түсемін. Себебі, бұрында негізі қазақ әйелдері үнемі орамал тағып жүрген. Әрқашан бастарынан шешпеген. Қазір мен әйелдердің басынан орамалды өте аз көремін. Соны мен көрсеткім келді. Қазіргі таңда қазақ әйелдері орамал мүлдем тақпайтынын көрсетпек болдым. Өздері мені көріп, орамалды естеріне түсірсе екен деген ниетпен.

Маған көптеген жағымсыз пікірлер жазылып жатыр. Көбісі "орамалды қор қылдың", "Не үшін тақтың? Жігітсің бе өзі?" , "Шеш" деп жазады. Бірақ, мен әр адамға түсіндіріп өтемін. Мен әйелдер қауымының орамалды ұмытқанын көрсеткім келді. Қорлау деп есептемеймін. Макияж жасап жатып, ойда-жоқта орамал тағу ойыма келді. Солай таға салдым" , - деді ол.

 

ВИДЕО:   www.youtube.com/watch

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CAvG7EyFPB7/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста