Оралдық оқушылар киізден ұлттық киім тігуді үйренуде

Оралдағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары киізден ұлттық киім тігу ісінің қыр-сырына қанығуда.

Олардың қолымен жасалған киім үлгілері мен киіз бұйымдар коллекциясы Пензада өткен 10-шы «Ең сәнді аула – 2014» халықаралық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды. Аталған байқау халықаралық сән театрлары қауымдастығының қамқорлығымен Ресейде жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

Киіз басу оңай шаруа емес. Ол үлкен еңбекті, қажыр-қайратты талап етеді. Осы өнердің қыр-сырын жетік меңгерген Ирина Скорикова оқушыларға киіз басудың өте жеңіл түрін үйретуде. Қойдың жүнін бірнеше қабат етіп төсеп, оған сабынның көбігін жақсылап тұрып сіңдіреді. Содан кейін жарты сағат бойы киіз басып, оны таза сумен шайып, кептіреді. Киіздің сапалы болуы үшін міндетті түрде кір сабынның көбігі қажет. Бұрынғы әжелеріміздің барлығы алабота, күл, сүйек салып қайнатқан сол сабындарды пайдаланып келді.

Ирина Скорикова, Шебер

-Киіз басып, одан киім тігу қазақ халқының қанына әбден сіңген. Қазір осынау қолданбалы өнермен күллі әлем айналыса бастады. Одан шапан, шалбар, бас киім, киіз боқша, әйелдер ұстайтын сөмке дейсіз бе, барлығын жасайды. Табиғи тұрғыдан таза болғандықтан, жұрттың оған деген қызығушылығы уақыт өткен сайын арта түсуде. Киізден жасалған бас киімді киіп жүрсеңіз, біріншіден, ол басыңызды күннен қорғайды. Сосын көптеген адамдар киіз киім қатты терлетеді деп ойлайды. Бірақ ол мүлде олай емес.

Батыс Қазақстан облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары киізбен жұмыс істеуді өткен жылы үйрене бастады. Мұнда «Сымбат» сән үлгісі үйірмесі жұмыс істейді. Міне, осы аз ғана уақыттың ішінде олар үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Оқушылар ұстаздарының көмегімен киіз басып қана қоймай, өз бетінше киім пішіп, тігуді де үйреніп алған. Түрлі әшекейлер жасап, аяқ киімдерге дейін өздері басады. Тіпті мектеп оқушыларының қолынан шыққан киім үлгілері мен киіз бұйымдар топтамасы Пензада өткен оныншы «Ең сәнді аула – 2014» халықаралық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды.

Нұрлыгүл Қадырова, Оралдағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі

-Енді бұрынғы кезде біздің салт-дәстүрімізде, қолөнерімізде көптен қолданылған бір өнердің түрі ғой бұл. Бірақ ол көп жылдар бойы ұмытылып қалды. Сол ата-бабамыздың үрдісін соңғы бір 2-3 жылда біздің мына еңбек мұғалімдеріміз оқушыларға үйретуде. Осы үрдісті жалғастыруда.

Мәселен, мына коллекцияны әзірлеу үшін екі айдай уақыт кетіпті. Ол 10 келі жүннен жасалған және бір айта кетерлігі, ешқандай желім пайдаланылмаған. Мына картиналар да киізден. Бірақ анықтап қарамасаңыз, оның киізден жасалғанын байқамауыңыз мүмкін. Бұл жұмыстар балалардың ой-қиялының ұшқырлығын және еңбекқорлығын көрсетеді. Міне, осылайша атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолөнеріміз қайта жаңғырып, даму үстінде.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Болат Жарылгасов, Канат Махмутов

khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста