Оқушылар оққа ұшты

Ақтөбе облысы  Шалқар қаласындағы №3 мектептің  оқушысы оққа ұшып, мерт болды. Марқұм – 1995 жылы туған  Абылайхан Қобылдандин есімді 10-сыныптың оқушысы. Аяқ-қолына оқ тиіп, түрлі дене жарақатын алған тағы бір оқушы аудандық ауруханада жатыр. Ол да – Шалқардағы №3 мектептен, 10-сыныпта оқитын Ертай  Қойшыбаев.
Оқиға қыркүйектің  13-і күні теміржол вок­за­лына жақын маңда  болған. Ал жа­рақат алған бала ауруханаға күндізгі сағат 11.30-дар шамасында жеткізіліпті.
Біз  №3 мектепке  қоңырау шалған бо­ла­тынбыз. Алайда  мектеп   директоры Қам­­бар Бұқарбаев қандай да бір түсі­нік­теме беруден бас тартып отыр.
Полицейлер де мән-жайдың зерттеліп жатқанын, әзірше ешқандай ақпарат бере алмайтындығын  айтты.
Ал аты-жөнін атамауды өтінген шал­қар­лық азаматтың  айтуынша, «темір­жол­дың арғы және бергі бетіндегі екі мектептің оқу­шылары ала жаздай топтасып төбелесіп жүрген». Куәгердің сөзіне қарағанда, суық қару қолданылған бұл төбелеске  Шалқар қа­ласындағы №3, №5 және №40 мек­тептердің оқушылары қатысыпты. «Қазір АІІБ жаны мектеп оқушылары мен ата-ана­ларға толы. Облыс орталығынан келген полицейлер де қаптап жүр», – дейді  оқиға куәгері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста