Оңтүстік Қазақстан облысында Жер реформасы бойынша атқарылған жұмыстар
Облыс тұрғындарының жер қатынастары саласына қатысты туындаған сұрақтарына жауап беру мақсатында облыс әкімдігінің ғимаратында арнайы мамандармен қамтылған «Колл-ЦЕНТР» орталығы таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуде.
Ағымдағы жылдың 14 мамырынан есептік мерзімге дейін «Колл-Центр» орталығына облыс тұрғындарынан 385 қоңырау шалынса, оның ішінде тікелей жер қатынастары саласына қатысты 343 сұрақтар мен ұсыныс пікірлер келіп түсті. 70 ұсыныс-пікірлер нақты жер реформасына қатысты.
Жер реформасы туралы - 70 сұрақ (23% )
Құжаттарды рәсімдеу туралы – 60 сұрақ (19 %)
Жеке тұрғын үйге жер беруге және әр түрлі сипаттағы сұрақтар – 212 сұрақ (69%)
Барлығы – 343
Осы аталған «Колл-Центр» орталығына келіп түскен сұрақтар мен ұсыныс пікірлер аудан, қалалар кесіндісінде зерделеніп, аумақтық жиынға қатысып отырған 5 аудандар бойынша төмендегідей мәселелер назарға алынды.
Түркістан қаласындағы (16 сұрақ) халқының негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру болып табылады. Шаруалардың дені 49 жылға жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алуды қолдап отыр. Сонымен қатар, жерлдерді 49 жылға жалға беру мәселесін ары қарай өз жалғасын табуды сұранып отыр.
Ауданда жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін алуға кезекте тұрған азаматтарға талдау жүргізілген. Жеке тұрғын үй салу үшін де жер алаңдары дайындалуда. Алайда, болашақта қала маңындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке тұрғын үй салу үшін жер дайындау қажет. Себебі, Түркістан қаласы перспективалық даму жағынан мүмкіндігі мол аумақ болып табылады. Оның үстіне жерлердің басым көпшілігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.
Қалада жайылымдық жерлер тапшы емес. Дегенмен, алдағы уақытта ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерлерді анықтап, әр ауыл округіне беру қажет.
Жер кодексіне енгізілетін өзгерістерді, жер реформасын түсіндіру барысында жалпы көпшілікті алаңдататын мәселе - жерлер бір адамның қолына өтіп, жаппай алып-сатушылық туындап, барлық жерлерді қалталы азаматтар сатып алып, қарапайым адамдарға қол жетімсіздік жағдайы туындауына байланысты.
Осы жағдайларға жол бермеу мақсатында:
- республика бойынша әр облыс шеңберінде жергілікті жердің жағдайы мен ерекшелігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы жерлерінің алқап түрлері бойынша жаңадан шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеу;
- жергілікті атқарушы орган мен уәкілетті органның бірлескен шешімдерімен бекіту нормаларын қарастыру.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша агроқұрылымдардың иелігіндегі жер телімдеріне талдау жасалынған.
5 га дейінгі жерлері бар агроқұрылымдардың саны–31723 болып, облыстағы барлық агроқұрылымдардың үлесінің 45,8% құраса, ал 100 га – дан жоғары агроқұрылымдардың саны небәрі–5921 болып, 8,5% құраған.
Қала бойынша иелігінде 5 га дейінгі жерлері бар агро құрылымдардың саны – 2383 (50,5%), 100 га – дан жоғары агроқұрылымдардың саны – 46 болып, 0,97% құрайды.
Түркістан қаласының жерінің негізгі бөлігі суармалы алқаптар болып есептеліп, жер жағдайы мақта дақылдары мен бақша өсіруге бейімделген. Ұсыныс бойынша шаруа қожалықтары үшін шекті мөлшері - 600 га, ал заңды тұлғалар үшін - 1100 га. Ауыл шаруашылығы мақсатына белгіленген жер телімдерінің пайдалану мақсаттары бойынша шекті (ең жоғарғы) мөлшерін пилоттық жоба ретінде ҚР АШМ-не ұсынылды.
Ескертпе: Жоғарыда аталған мәселе қала әкімдігінде талқыланып, агроқұрылым басшыларының ұсынысы негізінде дайындалған.
Кентау қаласы (9 сұрақ) өндіріс саласы біршама жолға қойылған аумақтардың бірі. Негізгі сұрақтар жеке тұрғын үй салуға жер беруді шешіп беру мәселесін көтеруде. Қалада есептік мерзімде 4000 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр. Жеке тұрғын үй салуға жер алаңдары болғанымен, барлық 4000 мыңнан астам азаматты қанағаттандыруға жетпейтіні анық. Сол себепті, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке тұрғын үй салу үшін жер алаңдарын дайындау мақсатында мемлекет мұқтаждығына алу жөнінде қолданыстағы жер Кодексіне өзерістер енгізу қарастырылуда. Сонымен қатар, қаланың жайылым жер мәселесіне де назар аудару қажет. Қаншалықты, қала жағдайы дегенімен бұл аумақта тұрғындардың өз үй іргелерінде шамамен 1-2 бас ірі-қара мал мен 10-15 шақты ұсақ мал ұстауға мүмкіншілік бар және қазіргі кезде де солай қалыптасқан. Сондықтан қала маңындағы 10 шақырым радиусында жайылымдық жерлерді ортақ жайылым ретінде пайдалану мүмкіндігін қатарстыру. Себебі қалада ортақ пайдалануда бірде-бір гектар жайылым жоқ.
Сонымен қатар, аудан шаруаларының көтерген мәселесі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - жер кадастр мекемесі) облыстық филиалының ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастрлық құнын анықтау жұмыстарын жергілікті жерлердегі аудан, қалалардағы өкілдеріне берілуін қарастыру мәселесі. Себебі, шаруашылықтар жер кадастр мәселесі бойынша облыс орталығына емес, аудан орталығымен жұмыс жасауға мүмкіндігін қарастыруды сұранған.
Отырар ауданынан (7 сұрақ) тұрғындары тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға беру мәселесін қалдыру жөнінен ұсыныстар түсуде. Шаруалар үшін алғашында жерлерді жалға беріп, игеру жағдайына байланысты соңынан сатып алу жағын қарастыруды ұсынып отыр.
Сонымен қатар, пайдаланыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 50 пайыздық жеңілдікпен, құнын 10 жылға бөліп төлеу мәселесі қолдау табуда.
Аудандағы жайылым жер мәселесі өзекті болмағанымен, елді-мекен айналасындағы ортақ жайылым жерлерге түгендеу жүргізіп, келешекте жеке тұлғалардың иелігіне өтпей тұрып, мемлекет меншігіне алып қою қажет.
Ауданда суармалы жерлерді іске қосу және тұзданған жерлерді қалпына келтіру шараларын жүргізу ұсынылады.
Аудан шаруаларының көтерген мәселесі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - жер кадастр мекемесі) облыстық филиалының ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастрлық құнын анықтау жұмыстарын жергілікті жерлердегі аудан, қалалардағы өкілдеріне берілуін қарастыру мәселесі. Себебі, шаруашылықтар жер кадастр мәселесі бойынша облыс орталығына емес, аудан орталығымен жұмыс жасауға мүмкіндігін қарастыруды сұранған.
Бәйдібек ауданы (8 сұрақ) бойынша тұрғындар тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға беру мәселесін қалдыру жөнінен ұсыныстар түсуде. Шаруалар үшін алғашында жерлерді жалға беріп, игеру жағдайына байланысты соңынан сатып алу жағын қарастыруды ұсынып отыр.
Сонымен қатар, «Жер-кадастр» мекемесіне қатысты бірқатар жұмыстарды аудан орталығында жүзеге асыру жөнінде ұсыныс келген.
Аудандағы жайылым жер мәселесі өзекті болмағанымен, елді-мекен айналасындағы ортақ жайылым жерлерге түгендеу жүргізіп, келешекте жеке тұлғалардың иелігіне өтпей тұрып, мемлекет меншігіне алып қою қажет.
Созақ ауданы бойынша (9 сұрақ) тұрғындары тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға беру мәселесін қалдыру және пайдаланыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 50 пайыздық жеңілдікпен, құнын 10 жылға бөліп төлеу мәселесі қолдау табуда.
Созақ ауданының негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Жұртшылық шаруашылықтарының мал бастарының саны едәуір көбейген. Аудандағы орман қорының жайылымдық жер бағаларының 13-14 есеге көтеріліп кетуі шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға қиындық туғызуда.
ҚР Ауыл шаруашылғы министрлігінің «Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік құсқаулықтарды бекіту туралы» 2009 жылғы 12 маусымдағы №344 санды бұйрығына сәйкес, тарифтік нормаға байланысты орман қоры учаскелеріндегі мал жаюдың төлемақы ставкалары 2012 жылмен салыстырғанда 13-14 есеге көбейген
- 1 бас түйге 1 жылға - 82 тн болса, кейінгі шешім - 1100,4 тн (13,4 есе);
- 1 бас ұсақ малға 16 тн – 219,8 тн (13,7 есе),
- 1 бас ірі қара малға 65 тн - 879,9 тн (13,5 есе),
Бұл өзекті мәселені шешу үшін жоғарыда көрсетілген ұсыныстан басқа орман және су қорларының жайылымдық жерлерін шаруа қожалықтарына келісім-шарт арқылы тегін пайдалану мәселесі жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - жер кадастр мекемесі) облыстық филиалының ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастрлық құнын анықтау жұмыстарын жергілікті жерлердегі аудан, қалалардағы өкілдеріне берілуін қарастыру мәселесі. Себебі, шаруашылықтар жер кадастр мәселесі бойынша облыс орталығына емес, аудан орталығымен жұмыс жасауға мүмкіндігін қарастыруды сұранған.
Заңнаманы түсіндіру шаралары барысында және өткізілген жиналыстар, семинар-кеңестерде жер қатынастары саласына қатысты туындаған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер жиынтығы зерделеніп, төмендегідей ұсыныстар қаралуда.
1) Жалға берілген (49 жыл) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жерлерді сатып алу бойынша жеңілдікті жағдайларды ұсыну мәселесін көпшілік шаруа қожалықтары қолдап отыр. Дегенмен, жалға алынған жерлерді шаруаларға сатып беруде ауылдық (поселке, кент) округтердегі жергілікті қоғамдастықтың (партия өкілдері, ауыл шаруашылығы саласындағы ардагерлер ұйымы, әйелдер кеңесі, билер алқасы т.б.) пікірін ескеру жағын қарастыру. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында шынайы еңбек ететін шаруаларды анықтау мүмкіндігін қоғамдық кеңес арқылы реттеу – негізгі бағыттардың бірі ретінде ұсынылады;
2) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы жалға беру (49 жылға) мәселесін қалдырып, одан әрі жалғастыруды қарастыру. Себебі, облыстағы әр аудан, қалалардағы шаруалардың әлеуетін ескере отырып, барлық шаруалардың ауыл шаруашылығы жерлерін бірден сатып алуға қаржылық тұрғыдан алғанда мүмкіндіктері жетпейді.
3) Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту мақсатында шетелдіктерге жер беру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірлескен көпсалалы ауыл шаруашылығы мақсатындағы кооперативтерін құру арқылы беру мүмкіндігі. Бұл ретте Қазақстандық азаматтарының копперативтегі үлесінің 50%-дан жоғары болуын қамтамасыз ететін тетіктерді қарастыру;
4) Жалпы көпшілікті алаңдататын мәселе - жерлер бір адамның қолына өтіп, жаппай алып-сатушылық туындап, барлық жерлерді қалталы азаматтар сатып алып, қарапайым адамдарға қол жетімсіздік жағдайы туындауына байланысты.
Осы жағдайларға жол бермеу мақсатында:
- республика бойынша әр облыс шеңберінде жергілікті жердің жағдайы мен ерекшелігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы жерлерінің алқап түрлері бойынша жаңадан шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеу;
- өзге облыстарынан шекті мөлшерден тыс қайталап жер беру мәселесін тоқтату.
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - жер кадастр мекемесі) облыстық филиалының ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастрлық құнын анықтау жұмыстарын жергілікті жерлердегі аудан, қалалардағы өкілдеріне берілуін қарастыру. Себебі, кейбір шалғай жатқан аудан, қалалардағы шаруашылықтар жер кадастр мәселесі бойынша облыс орталығына емес, аудан орталығымен жұмыс жасауға мүмкіндігін қарастыру. Сонымен қатар, аудан, қалалардағы жер кадастр мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын жүргізу қажет;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына іргелес аумақтан, қазақстан азаматтарына жеке меншікке, ал шетел азаматтарына жалдау құқығымен жер учаскесін беруге заңмен тиым салынбаған.
Елімізде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекара аумағынан жер учаскелерін қазақстан азаматтарына жеке меншікке 3 шақырым радиусында, ал шетелдіктерге 200 шақырым радиус көлемінде жерлерді жалға беруге заңнама тұрғысынан тиым салу ұсынылады.
7) Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың басты шарты – ауыспалы егіс жүйесін енгізу. Бұл ауыспалы егіс жүйесі көп жылдық мал азығы дақылдары (жоңышқа) мен сүр (пар) танаптарға негізделген.
Облысымыздың жағдайында дәнді ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп-өндіруде «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» - топырақты үнемді өңдеу технологиясымен өсірудің ғылыми негізінде ұсынылған ауыспалы егіс жүйесін енгізу қажет.
Облыстағы мақта дақылын өндіретін аймақтарға «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары тарапынан дәлелденіп, негізделінген ауыспалы егіс жүйесін енгізу қажет (севооборот).
Облыс әкімдігі тарапынан барлық аудан, қала әкімдіктеріне «Жер кадастр» мекемесі тарапынан барлық ауылдық округтер (поселке, кент) кесіндісі бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің электронды топырақ картасын әзірлеу тапсырылған. Бүгінгі күні аудан, қала әкімдіктері аталған электронды топырақ картасын әзірлеу мақсатында тиісті қаржы қарастырып, ОҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Мемлекеттік корпорациясы арқылы іске асыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Осы электронды карта негізінде жерлердің құнарлығын және құрамындағы гумус мөлшерінің артуына, жердің балл бонитетінің жақсаруына қажетті кешенді агротехникалық шаралар жүргізіледі.
Жалпы облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бағытында нақты іс-шаралар атқарылатын болады.