Өнертапқыштарды қолдау неге кенжелеп тұр?

Өнертапқыштарды қолдау неге кенжелеп тұр?

Қазақтың оқу-ағарту саласына өлшеусіз үлес қосқан Ыбырай Алтынсарин атамыз өнер-білім бар жұрттың тастан сарай салғызып, айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызатынын айтып, ұлттың ұғымтал ұландарын білім мен ғылымға жақын болуға шақырған еді-ау. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтті, біз қандай деңгейге көтерілдік, атамыздың айтқанына қай деңгейде мән беріп қарадық? Осы жағын бағамдап қарасақ, біздің қол жеткен жетістігімізден гөрі әлі де қолға алатын ісіміздің көп екеніне көз жеткізу қиынға соға қоймас. Өйткені, біз бүгінгі күні де өзгенің өнеріне таңғалыс жасап, оны өзіміздің қолымыздан келмейтіндей көреміз. Адамнан адамның артығы жоқ. Жаратушы иеміз барлығына бір жұмыр басты берді. Ақыл-сана берді. Ойлансаң, бәрін жасауға әбден болады. Қиюын келтірсең, әр істің жемісін жей аласың ғой. Тек ынта мен жігер болса, жетіп жатыр. Бүгінгі күннің бедерінде бізге жетпей жүрген нәрсе солар секілді. Әйтпесе, қазақта да қаншама алтын басты азаматтар аз емес қой. Осы мәселеге байланысты «Алаш айнасы» еліміздегі өнертапқыштардың жай-күйі туралы сөз алған еді.
Ана бір қиырда жатқан жапон жұрт білім мен ғылымның арқасында жаһандағы жұртты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр деп айта аламыз. Жерінің астында ешқандай қазба байлық кездесе қоймайтын бұл халық түрлі техникалармен өзге елді таңғалдырып, өздеріне үйретіп алған. Олар басқа жұртты ешқандай соғыссыз-ақ өздеріне бағынышты етіп алған секілді. Себебі, қазір бажайлап қарап көріңізші, тақымыңа басқан жүйрік «темір тұлпардың» дені сол елден келеді. Сондай-ақ, күнделікті өмірде жиі пайдаланылатын тұрмыстық техникалар да сол жақта шығарылады. Өзгесін айтпай-ақ қоялық, осының өзінен көкейге түйетін нәрсеміз көп. Қазақ баласының олардан еш кемдігі жоқ. Тек біздің бойымызда аздаған енжарлық бар екенін несіне жасырамыз? Әйтпесе, талай жұртты артта қалдырып кетерлік біліміміз де бар емес пе? Әлемде қазақ баласы талай білім додаларында алдыңғы лектен көрініп, жалпақ жұрт алдында абыройымызды арттырды емес пе?
Әрине, бізде көптеген проблема бар. Осының салдарынан біздің білікті ғалымдарымыз шекара асып, шетелге барып еңбек етіп жатқанын талай мәрте естідік. Өзімізде барлығы жақсы болып тұрса, олар неге қаншама шақырымды артқа салып, өзге елдің ауасын жұтуға мәжбүр болып жүр? Оның себеп-салдарына үңіліп, таразыға тартып көрсек, жауап өздігінен-ақ табылары сөзсіз. Біріншіден, бізде ғылым саласына өз деңгейінде мән беріле бермейді. Соның салдарынан көптеген ғалымдар өздерінің жасып шығарғанын өмірге енгізіп, сол еңбегінің жемісін жей алмайды. Ол өндіріске еніп жатқанның өзінде, одан қаншалықты пайда таба алады? Еңбегі ақтала ма? Екіншіден, қаржылық жағы әлі де кемшін түсіп тұр. Ғалымдар мардымсыз жалақыны місе тұтады. Содан кейін оларда қандай ынта болады?
Жапон-жапон дегенімізбен де, олар да сырттағы жұрттың ойлап-тауып жатқандарына зер салатынын білеміз. Мәселен, теледидарды басқаратын тетікті біздің еліміздің азаматы шығарған екен. Дегенмен белгілі бір көрмеде оны әбден шұқшия зерттеген жапон ғалымдары өз еліне барып оны өндіріске енгізіп жіберген екен. Әупірімдеп жүріп оны қайтадан өз атымызға аударып алдық емес пе? Бір сөзбен айтқанда, қазір әлемде идея, инновация секілді ұғымдар алдыңғы лекке шығып, жаһандағы жалпақ жұрт соның жолында жұмыла еңбек етіп жатқаны белгілі. Ендеше, біздің елімізде де бұл бағытта жайбасарлық танытқанымыз жөн болмас.
Кеңестік кезеңде де өнертапқыштыққа жеткілікті деңгейде мән берілді. Бұл бағытта арнайы қоғамдар жұмыс істеді. Сонда жұртшылық бас қосып, кейбір мәселелер бойынша ой-талқы жасап жататын еді. Қазір сондай қоғамдардың жұрнағы да жоқ. Әркім өзінің ойымен әуре. Жасап шығарғанын өндіріске енгізумен әуре. Дегенмен оны тиісті орындар қолдай қойса бір сәрі. Кейде жасағанын дәлелдеу үшін көптеген есікті қағып, әбден әуреге түсіп жүрген әлеуметті де көзіміз шалып қалады. Бір қызығы, құзырлы орында отырған кейбір адамдар біздің өнертапқыштарға күмәнмен қарап, сенбестік көңіл-күйде отыра ма? Осы жағын біле алмадық. Әйтеуір, біздің өнертапқыштардың тауы шағылып жататынын көріп те, біліп те жүрміз. Әлде, жапон мен кәріс өнертапқыштары ойлап тапқан дүниелерді біздің ғалымдар өмірге алып келе алмайды деу бекершілік болар.
Енді бір сәт Жапонияның техника саласындағы дамуына зер салып көрелік. Соғыстан әбден титықтап шыққан олардың алдында қандай даму жолына түсеміз деген сауал тұрған еді. Өйткені, жерінің астын қанша қопарсаң да, тырнақтай қазба байлықты кездестіре алмайсың. Сондықтан оларға ақыл-ойға жүгінуден басқа амал жоқ еді. Өнертапқыштық алдыңғы кезекке шықты. Ғалымдар жаңа технологияны өмірге алып келуге тырысты. Нәтижесі жаман болған жоқ. Бас-аяғы 20-30 жылдың ішінде қарыштап даму жолына түсті. Қазір өзге жұрттың алдында жүзі жарқын.
Бізде жастарды сол салаға ынталандыру жетісе бермейді. Көбісі тіршіліктің қамымен ақша табатын жұмыстарға құлықтылық танытады. Соның салдарынан қаншама алтын басты жас ғалымдар ғылым жолынан басқа салаларға ауысып кетіп жатады.
Рас, бізде бұған мүлдем мән берілмейді деуден аулақпыз. Десе де бір жүйеге түскен жұмыс көріне қоймай тұр. Анау Жапонияда жасалған дүниелер жайында жатқа соғатын қазекем өзімізде не болып жатқанын біле алмайды. Өйткені, оны насихаттауға келгенде кежегемізк кейін тартып тұрады.
Жаңа дәуір ғылым мен техниканың заманы екенін бәріміз де ұққандаймыз. Алайда оның бізге мүлдем қатысы жоқтай көреміз бе? Біздің өнертапқыштарды өрге сүйрерлік тірлік керек-ау...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста