Он жасар қыз жүкті болып қалған...

Еліміздегі тағы бір өзекті мәселе-ерте жүктілік, жасанды түсік. Жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік көрсеткіші Еуропамен салыстырғанда бізде 3-4 есе артық, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар бұл келеңсіз жайттың алдын алу үшін балаларға жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап жүйелі, сауатты түрде жүргізу керек дейді. Бұл қаншалықты дұрыс?

 

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

 

– Елестетіңізші, ішіңізге біткен шарана бірінші айының соңына дейін эмбрион шамамен 1 мм өседі. Бұл кезде не бет әлпеті, не аяқ-қолдары болмағанмен жүрегі соға бастайды. Үшінші айда ұрық 10 см өседі. Ұрықта бауыр және ішек белсенді дамиды, бүйрек қалыптасады. Ол қозғала бастайды. Ал төртінші айда құрсақтағы нәресте кәдімгі балаға ұқсай бастайды. Бірақ 4 айға дейін құрсаққа біткен бейкүнә сәбидің жүрегін жұлып тастайтындар көп қазір.

 

18 жастағы Мереке алданып қалдым дейді. Аяғының ауыр екенін кеш білген. Жүктілігін естіген соң жігіті тастап кетіпті. Бұл жас қыз үшін ауыр соққы болған.

 

Мереке:

 

– Басында кездесіп жүрдік, инстаграм бойынша ғой. Басында дос ретінде сөйлесіп жүрдік та, одан соң айтты жүресің ба деген сияқты. Мен келістім. Одан соң айтты, үйленемін, өйтем-бүйтем деген сияқты. Сосын аяғым ауыр екенін кеш білдім да, 5 айға дейін білген жоқпын аяғым ауыр екенін. Былайша айтқанда алданып қалдым.

 

Жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейін Маңғыстау және Жамбыл облысы. Ал ең төменгі көрсеткіш- Астана мен Алматы қалаларында.

 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, былтыр ерте жүктілік бойынша 8 жағдай тіркелген. Жасына жетпей бала көтеріп қалғандар оны алдыру үшін мемлекеттік емес жеке клиникаларды жағалайды дейді.

 

Ақерке ТОҚБЕРГЕНОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 

– Жамбыл облысы бойынша жасөспірімдердің арасында ерте жүктілік жиі кездеседі. Осы ағымдағы жылдың 10 айында көрсеткіші бойынша 249 жасөспірімдер арасында ерте жүктілік болып босанды. Оның ішінде студенттерде бар, мектеп оқушылары да бар.

 

Гинекологтардың айтуынша, түсік жасатуға ата-ана алдындағы қорқыныш себеп болуы мүмкін дейді. Сондықтын ерте жүктілікті болдырмаудың жолдарын іздеу керек дейді.

 

Елена ЛУЩАЕВА, ҚР ДСМ ШТАТТАН ТЫС БАЛАЛАР БАС ГИНЕКОЛОГЫ:

 

– Ерте жүкті болып қалатын жасөспірім қыздардың жыныстық қарым-қатынас жайлы білімдері өте таяз. Олар жүкті болудан сақтану туралы мүлде білмейді. Қазір республика бойынша Алматы және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Тіпті 10 жастағы қыздардың жүктілік жағдайлары бар.

 

Кәмелет жасқа жетпеген қыздардың жүктілігі тек денсаулыққа зиянын тигізіп қоймай, психологиялық түрлі дерттерге де шалдықтырады дейді мамандар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста