ӨЛІМНЕН КЕЙІН ӨМІР БАР МА?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бұл сауал саналы тіршілік иесінің әрқайсысын мазалайтыны белгілі. Әр заманның ғұламалары өмір мен өлім жайлы сан аулан пікірде болған. Кейбірі қысқа өмірдің бар қызығын көріп қалуға шақырса, екіншілері бұл бес күндік ғұмыр тек сынақ үшін ғана берілгенін, ал мәңгілік өмір өлгеннен кейін басталатынын айтады. Егер о дүниеде өмір болса ол қандай болады? Барып келген адам бар ма екен? Ол жақта да жамандар мен жақсылар, байлар мен кедейлер бола ма? Осы тектес бітпейтін сауалдар бірінен бірі туып жалғаса береді. «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.

ӨЛІП ТІРІЛГЕНДЕР НЕ ДЕЙДІ?
Өлім мен өмір тақырыбы адамзат пайда болғалы талқыланып келе жатқан тақырып. Және жер бетіндегі ең соңғы адам өлгенге дейін мазалай бермек. О дүниеге барып қайтқан адам жоқ яғни дөп басып нақты жауапты да ешкім айта алмайды. Дегенмен соңғы жылдары клиникалық өлімді басынан өткізгендер басқа бір әлемге тап болғаны жайлы көп айтып жүр. 
Пима Ван Ломмель бастаған голландиялық ғалымдардың жаңалығы сенсацияға баланып отыр. Бірде комада жатқан адамды ауруханаға жеткізеді. Жасанды жолмен тыныс алдыру, жүрекке массаж жасау еш нәтиже бермейді. Амалы таусылған ақ халаттылар көмейіне  арнайы түтікше жүгіртіп демалдырмақ болады. Сырқаттың тісіндегі протез кедергі жасаған соң оны алып тастайды.
Апта өткенде комадағы адам басын көтеріп, аузындағы жасанды тістерін орнына салуды өтінеді, дәрігерлер болса протезді қайда қойғандарын естеріне түсіре алмайды. Ал емделуші тістің қайда екенін бұлжытпай айтып берген. Және өзін, сондай-ақ оны жасанды жолмен демалдырмақ болған дәрігерлерді жоғарыдан көргенін жеткізеді. Тіпті өзінің өлмегенін, тірі екенін айтпақшы болған да екен. Бұл оқиғаны негізге алған ғалымдар адамның жаны мидан және денеден тыс жерде де, яғни ми мен дене жансызданған кезде де тірі болатынын айтып отыр.
ӨЛІМНЕН КЕЙІН ҚАЙДА ӨМІР СҮРЕМІЗ?
Өлімнен кейінгі өмір мәселесі жер бетіндегі адамдардың наным-сеніміне байланысты әртүрлі болып келеді. Жаратушы тарапынан түскен төрт кітап –  Таурат, Інжіл, Зәбур және Құранда бұл сауалға нақты жауап берілген. Және бұ дүниедегі іс-әрекеттерімізге байланысты ол жақта қайда мекендейтінімз анықталады, демек қазіргі өміріміз өлімнен кейін келетін мәңгілік өмірге дайындық қана.
Мәңгілік өмір жәннат және тозақ болып екіге бөлінеді. Ол жайлы Құранда былай дейді: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасағандар, міне солар жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары, астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін». Ал тозақ жайлы: «Расында, Аллаһ кәпірлерге лағнет етті. Және оларға жалындаған тозақ әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді» – деді»
ҒҰЛАМАЛАР НЕ ДЕЙДІ?
Әр заманның озық туған тұлғаларын да бұл сауал қатты мазалағаны белгілі. Өлім мен өмірді ойлап ғұламалар да талай түнді ұйқысыз өткізгені анық. Ежелгі Рим философы  Луций Анней Сенека «Құдайлардың әрқайсысы біздің өмірімізді алуды біледі, алайда өлімнен ешқайсысы құтқара алмайды» деген екен. Тағы бір сөзінде «Өлім әркімге келеді, бұл заңдылық емес жаза» депті.
Қытай ойшылы Конфуций «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімді білу мүмкін бе?» деп ой тастайды. Неміс ойшылы Иоганн Вольфганг Гете болса «Кім де кім болашақ өмірге сенбейтін болса, ол бұл өмірде де өлікпен тең» деген пікір білдіреді. Голландиялық философ Бенедикт Спиноза да мәңгілік өмірге сенгендей: «Біз өзіміздің мәңгілік өлмейтінімізді сеземіз және білеміз» дейді.
ӨЛІМДІ ЖИІ ЕСКЕ АЛУ КЕРЕК ПЕ?
Жалғанды жалпағынан басып жүрген әрбір пенде күндердің күнінде өлетінін ойлағанда қатты күйзелері хақ. Өлмеудің немесе ұзақ жасаудың жолдарын іздей бастайды, алайда ажал алам десе жеті қабат жердің астынан да тауып алады. Демек өлімнен ешкім  де қашып құтылмайды. 
Қазақта «Өлім жайлы көп айтса, тірінің берекесі кетеді» деген сөз бар. Алайда адам – ақыл иесі, демек оның ертеңгі күнін, яғни өлім немесе одан кейінгі өмір жайлы ойлағаны орынды. Пайғамбарымыз Мұхамед хадистерінің бірінде: «Өлімді жиі еске алып, одан кейінгі болатын жағдайларға жақсырақ дайындалғандар – міне, солар ақылдылар!» дейді. Сіз не дейсіз, құрметті оқырман?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста